Токишева Каламкас Орикбаевна педагог-зерттеуші санаты бар, жоғары білімді маман.
1999 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің математика пәні факультетін бітірген. Педагогикалық өтілі 23 жыл, Ақтөбе жалпы білім беретін мектебінде 23 жыл қызмет етеді.
Математика пәнін оқыту әдістемесін жетік біледі. Көп жылдар бойы жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Сабақтарын қызықты қосымша ақпараттармен толықтыра отырып, әдістемелік тұрғыдан сапалы жүргізеді. Оқушылардың мүмкіндіктерін және оқу материалының сипаты мен мазмұнын есепке ала отырып, тиімді жұмыс тәсілдерін пайдаланып, сабақтың әр кезеңінде оқушылардың белсенділігін арттыра біледі. Каламкас Орикбаевнаның оқушылары пән олимпиадалардың тұрақты қатысушылары және жеңімпаздары болып табылады.
Математика сабақтарындағы ақпараттық технологиялар оқушыларға мұғалімге тәуелсіз осы процессте бірегей мүмкіндік беріп, жаңа тұжырымдаманы үйренуге, үлгіні байқауға, өздерінің гипотезаларын ұсынуға және математикалық сұрақтардың қалай пайда болатындығын сезінуге мүмкіндік береді. Математика сабағында ақпараттық технологияны қолдану сабақтарды бір-біріне ұқсатпауға мүмкіндік береді. Бұл үнемі болатын жаңашылдық сезімі оқуға деген қызығушылықты арттыруға көмектеседі. Оқушылармен ардайым тығыз байланыста жұмыс жасап, жақсы жетістіктерге де жетіп жүр. 22 жылдан астам уақыт жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, жас мұғалімдердің тәлімгері болып табылады. Әр түрлі байқауларға, семинарларға белсенді қатысады. Облыстық және республикалық деңгейлерде ғылыми-әдістемелік басылымдары бар. Сабақтарын қызықты қосымша ақпараттармен толықтыра отырып жүргізеді. Курстарда алған білімдері мен әдістемелік жаңалықтарын әріптестерімен бөлісіп отырады. Сонымен қатар мұғалімнің оқушылары халықаралық және республикалық интернет-олимпиадаларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Түрлі байқаулардың жеңімпазы. Зерттеуші мұғалімнің оқушылары мен өзінің жеткен жетістіктеріне тоқталсақ,
Оқушыларының жетістіктері:
- 2019 жыл. «Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық зияткерлік конкурсы бойынша
11-сынып оқушысы Сағындықова Ділдә I-дәрежелі, 11-сынып оқушысы Ғалымова Мөлдір
I-дәрежелі, 9-сынып оқушысы Ғалымов Салимжан I-дәрежелі, 9-сынып оқушысы Дюсенов Тамирлан I-дәрежелі, 7-сынып оқушысы Сағындықов Арафат I-дәрежелі, 5-сынып оқушысы Сағындық Зере I-дәрежелі дипломдармен марапатталды.
- 2019 жыл.«Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының уйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер арасында математика пәні бойынша 9-сынып оқушылары Дюсенов Тамирлан III-дәрежелі және Ғалымов Салимжан II-дәрежелі дипломдармен марапатталды.
- 2019 жыл. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Ақ бота» инттеллектуалдық марафонында 7-сынып оқушысы Көпжасар Мадина II-дәрежелі, 8-сынып оқушысы Сағындықов Арафат II-дәрежелі, 6-сынып оқушысы Сағындық Зере II-дәрежелі және 9-сынып оқушысы Торгаев Қасым II-дәрежелі дипломдармен марапатталды.
- 2020 жыл. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінде 5-сынып оқушысы Көпжасар Сабина II-ші орынға және 6-сынып оқушысы Нуркенова Нурзия II-ші орындарға ие болды.
- 2021 жыл.Республикалық «IQANAT» олимпиадасы бойынша республикалық деңгейге 9-сынып оқушысы Торғаев Қасым математика пәні бойынша жақсы натиже көрсетіп, 2-ші кезеңнің жеңімпазы атанды. Республикалық «IQANAT» олимпиадасы бойынша республикалық деңгейге
8-сынып оқушылары Балмагамбетов Азат және Сағындықов Арафат математика пәні бойынша жақсы натиже көрсетіп, 2-ші кезеңнің жеңімпазы атанды.
2021 жыл. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Кенгуру – математика барлығы үшін» халықаралық зияткерлік конкурсына қатысқан 8-сынып оқушысы Сағындықов Арафат, 6-сынып оқушысы Сағындық Зере I-ші орындарға және 5-сынып оқушысы Көпжасар Сабина, 9-сынып оқушысы Майдина Адина II-ші орындарға ие болды.
- 2022 жыл. Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасында 5-сынып оқушылары Амандық Мейіржан, Ерболатұлы Жанболат ІІ орындарға, 6-сынып оқушылары Төлеухан Ертай және Көпжасар Сабина ІІ орындарға ие болды.
- 2022 жыл. «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті» Орталық Қазақстан Шағын Ғылым Академиясы Техникалық бағыт бойынша зерттеу, жобалау, өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстардың Республикалық байқауында 8-сынып оқушысы Көпжасар Мадина II-ші дәрежелі, 10-сынып оқушысы Торгаев Қасым II-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды. *
- 2022 жыл. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Кенгуру – математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойын-конкурсының жеңімпазы 6-сынып оқушылары Магазова Наргиза II дәрежелі, Төлеухан Ертай III дәрежелі, 5-сынып оқушылары Ерболат Жанболат II дәрежелі, Ерсултанова Мадина III дәрежелі, Амандық Мейіржан II дәрежелі дипломдармен марапатталды. II Республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы 5-сынып оқушысы Ерсұлтанова Мадина III-ші орынға ие болды.
- 2022 жыл. Әлихан Бөкейханов атындағы Республикалық пәндік облыстық олимпиадасының жеңімпазы 8-сынып оқушысы Көпжасар Мадина I-ші дәрежелі, 10-сынып оқушысы Торгаев Касым I-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
- 2022 жыл. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Кенгуру – математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойын-конкурсының жеңімпазы 5-сынып оқушылары Абусағит Мұрагер II дәрежелі, Амантай Дарын I дәрежелі, 6-сынып оқушысы Амандық Мейіржан
II дәрежелі дипломдармен марапатталды.
- 2023 жыл. 53-ші ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде өткен 1-ші деңгейлі оқу-зерттеу жұмыстарының аймақтық байқауының жеңімпазы Көпжасар Сабина III-ші дипломмен марапатталды.
- 2023 жыл. 2019 жыл. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Ақ бота» инттеллектуалдық марафонында 7-сынып оқушылары Көпжасар Сабина және Төлеухан Ертай
- I-дәрежелі дипломдармен марапатталды.
- 2023 жыл. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Ақ бота» инттеллектуалдық марафонында 5-сынып оқушылары Амантай Дарын, Ауез Еркежан, Абусагитов Мұрагер және Ерсултанов Аслан II-дәрежелі дипломдармен марапатталды.
- 2023 жыл. Жалпы орта білім беретін мектептердің 7-8 сынып оқушылары өткізілген Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңінде Көпжасар Сабина
III-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мұғалімнің жеткен жетістіктері:
- 2019 жыл. «Алғыс хат» Бұқар жырау аудандық комитеті.
- 2019 жыл. «Алғыс хат» «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
- 2019 жыл. «Мадақтама» Бұқар жырау ауданы білім бөлімі.
- 2020 жыл. «Диплом» «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
- 2020 жыл. «Диплом» «Ең білімді педагог-2020» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
- 2021 жыл. «Диплом» «ПЕДСТАРТ» «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
- 2021 жыл. «Құрмет грамотасы» «Қазақстандық салалық білім және ғылыми қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының Бұқар жырау аудандық комитеті» филиалы.
- 2021 жыл. «Мадақтама» Бұқар жырау ауданы білім бөлімі.
- 2021 жыл. Педагогтар мен оқушыларға арналған Республикалық ғылым мен білімді қолдау «Тіл, өнер және білім» орталығы журналына «Математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбына мақала жариялады.
- 2021 жыл. «Мәтінді теңдеулер және оларды шешу жолдары» атты оқу әдістемелік құралын жасады.
- 2021 жыл. «Диплом» XIX республикалық «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстар фестивалі «Менің Педагогикалық қоржыным» республикалық байқауының «Әдістемелік оқу құралы».
- 2022 жыл. «Алғыс хат» II Республикалық зияткерлік олимпиадасына дайындаған.
- 2022 жыл. «Диплом» «ПЕДСТАРТ» «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы
- 2022 жыл. «Алғыс хат» Бұқар жырау ауданының әкімі.
- 2023 жыл. Республикалық ғылыми – әдістемелік педагогикалық «Математика және физика» орталығы журналына «Математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жетістіктері» тақырыбына мақала жариялады.
Токишева Каламкас Орикбаевна жоғары білікті, өзіне талап қоя білетін, қол жеткен табыстарымен тоқтап қалмай заман ағымына сай білімін жетілдіре түсетін мұғалім. Әріптестері мен оқушылардың, ата-аналардың арасында сыйлы.
Қарағанды облысы Білім басқармасының «Құрметті грамотасы» марапаттауға ұсынылды.