«Досболlike – досыңа қол соз»/«Досболlike – протяни руку другу»
Қасым Аманжолов атындағы мектепте 7-сынып оқушылары арасында «Досболlike – досыңа қол соз» атты үгітбригадалар байқауы өтті. Шараның мақсаты – оқушылар арасында мейірімділік, өзара көмек, достық және бірлікті насихаттау.
Командалар шынайы достықтың маңызын көрсететін мазмұнды да әсерлі қойылымдар дайындады. Оқушылар сахналық көріністер, ұрандар және музыкалық нөмірлер арқылы қиын сәтте қолдау көрсете білу, бір-біріне жанашыр болу сияқты құндылықтарды айқын жеткізді.
Байқаудың нәтижесі бойынша:
Гран-при — 7 «А» сыныбы
1 орын — 7 «Б» сыныбы
2 орын — 7 «В» сыныбы
3 орын — 7 «Г» сыныбы
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділігі мен жарқын өнерлері үшін алғыс айтамыз!
В школе имени Касыма Аманжолова среди учащихся 7-х классов прошёл конкурс агитбригад «Досболlike – протяни руку другу». Цель мероприятия — формирование у школьников доброжелательности, взаимопомощи, уважения и ценности дружбы.
Команды подготовили творческие и эмоциональные выступления, в которых показали важность поддержки, единства и умения быть рядом в трудную минуту. Ребята представили сценки, речёвки и музыкальные номера, отражающие идею настоящей дружбы и доверия.
По итогам конкурса:
Гран-при — 7 «А» класс
1 место — 7 «Б» класс
2 место — 7 «В» класс
3 место — 7 «Г» класс
Поздравляем победителей и благодарим всех участников за яркие выступления и активность!




