«Күзгі асар»
2025 жылдың 16 қазанында Қасым Аманжолов атындағы мектепте «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында дәстүрлі «Күзгі асар» жәрмеңкесі өтті. Іс-шара еңбекқорлықтың, жомарттық пен мейірімнің нағыз мерекесіне айналды. Оқушылар ата-аналарымен және сынып жетекшілерімен бірге белсенді қатысып, әсем безендірілген сауда үстелдерін дайындап, күзгі мол өнімдерін, табиғат сыйларын, үй тағамдарын, тәттілер мен табиғи материалдардан жасалған бұйымдарын ұсынды.
Жәрмеңке жылы, достық және мерекелік көңіл күйде өтті. Оқушылар өз үстелдерін безендіруде шығармашылық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, еңбексүйгіштік, жауапкершілік пен өзара көмек сынды қасиеттерін танытты. Түскен қаражат қайырымдылық пен мектеп жобаларын қолдауға жұмсалатын болады.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, дәстүрді құрметтеуге және ұжымшылдыққа тәрбиеленуіне ықпал етеді.
16 октября 2025 года в школе имени Касыма Аманжолова в рамках проекта «Еңбегі адал – жас өрен» прошла традиционная осенняя ярмарка «Күзгі асар». Мероприятие стало настоящим праздником труда, щедрости и доброты. Ученики вместе с родителями и классными руководителями приняли активное участие в подготовке — оформили яркие торговые прилавки, принесли богатый осенний урожай, дары природы, домашние угощения, выпечку и поделки из природных материалов.
Ярмарка прошла в тёплой, дружеской и праздничной атмосфере. Ребята не только проявили инициативу и творческий подход в оформлении своих столов, но и продемонстрировали умение трудиться, быть ответственными и взаимопомогающими. Вырученные средства будут направлены на благотворительные цели и поддержку школьных проектов.
Проведение подобных мероприятий способствует воспитанию у подрастающего поколения трудолюбия, ответственности, уважения к традициям и сплочённости школьного коллектива.
#Еңбегіадалжасөрен
#abaibilim
#АдалАзамат