back-image
"Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
"Республика күні"
24-10-2024 23:30

"Республика күні" қарсаңында мектебімізде "Жас ұлан" бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі және мектеп президенті мен ұлан басын ұлықтау рәсімі өтті.

"Жас ұлан" - өскелең ұрпақты жоғары рухани адамгершілік құндылықтар,гуманистік,демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым.

Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

Бүгінде мектебіміздің 25 оқушысы" Жас ұлан" ұйымына қабылданып, ұйым алдындағы антын қабылдады. Алдағы уақытта Жас ұландарымыз қатары кеңейетініне сенеміз!
Еліміздің болашағы жастардың қолында!

Новости