«Буллингтен қорған»
Мектеп психологы
И. К Конырова жоспар бойынша 15.10.24ж. «Буллингтен қорған» тақырыбында психологиялық сағат өткізді
Мақсаты: Оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынасындағы толеранттылықты арттыру және қақтығыстардың алдын алу. Оқушылар буллинг және кибербуллинг ұғымдарымен, оның зардаптарымен танысты. Оқушылар топпен жұмыс жасап, сыныптың негізгі ережелерін жазды. Оқушылармен сыныпта қолайлы орта қалыптастыру мақсатында «Тамаша күн үшін рахмет» ойыны ойнатылды.