 
                        
	"АБАЙЛАҢЫЗ - БАЛАЛАР!" ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАҚТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ.
	Мектебімізде 2024 жылдың 13 қыркүйек күні мектеп тәлімгері А.О. Исатаева бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен үзілісте«Абайлаңыз - балалар!» жедел-профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
	Бұл іс-шараның басты мақсаты мектепте оқып-тәрбиеленетін жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару.
 
                         
                         
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    