back-image
"Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры»
16-01-2024 15:40
ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры»

ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» атты оқу сауаттылығы апталығы аясында 16.01.2024 күні 2-4сыныптарында жоспарлы «Бестік диктант» жазу жұмысы өтті. Диктант Ы.Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесі тақырыбы бойынша жазылды. Оқушыларға алдымен диктанттың шарты түсіндірілді, одан кейін әңгімені екі бөлікке бөліп, әр бөліктің мазмұнын «Бестік диктанттың» шарты бойынша оқушылар өздері жазды. Оқушылар диктантты қызығушылықпен орындады. «Бестік диктант» – оқушылар танымын белсенді етудің, қызығушылығын арттырудың, әсіресе әдеби тілін дамытудың, сауаттылыққа баулудың ең тиімді әдісі. Бестік диктанттың ұтымды жағы: «Бестік» диктантының мәтінін мұғалім емес, оқушылардың өзі құрастырады; дәстүрлі диктанттарда бүкіл сынып бір мәтінді жазса, мұнда әр оқушы өзіне берілген шығармашылық еркіндікті пайдалана отырып, өз мәтінін жазады; Бестік диктанттың тиімділігі оқушылардың есте сақтау қабілеттері жетіледі; қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жаңа мақсатта тиімді қолданады.

Новости