Мектебімізде бүгін 1 желтоқсан күні 8 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісінің қатысуымен мектептің тәрбие орынбасарларының айлық жоспарына сәйкес 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Қасым Аманжолов атындағы ЖББМ нің медбикесі Колебаева Д.М кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесудің мақсаты: оқушыларға ЖИТС –ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана-сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматтық жауапкершіліктерін орнықтыру. Оқушылар ЖИТС бойынша мектеп медбикесімен сұхбат жүргізіп сұрақтар қойып кері байланыс алды
ЖИТС