back-image
КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»
«Тіл тұғыры - ұлт ғұмыры»
23-01-2024 23:03
«Тіл тұғыры - ұлт ғұмыры»

Қазақ тілі апталығының соңғы күні «Тіл тұғыры - ұлт ғұмыры» айдарында ортаңғы және ересек топтарының тәрбиеленушілеріне «Ана тілім -дана тілім» атты бейнеролик көрсетілді. Өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, өз елін құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілде сөйлеуге ынтасын арттыру мақсатында мектепалды топтарының тәрбиеленушілерімен  қазақ тілі кабинетінде қазақ тілі педагогтері «Менің Қазақстаным» ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Қолданылған заманауи технологиялар арқылы балалардың тіл үйренуге қызығушылығы артты. Музыкалық залда мектепалды топтарымен «Тіл-татулық тірегі» ойын-сауық өткізілді. Егемен еліміздің келешек ұрпағын білімді, Отанын сүюге, ізеттілікке, кішіпейілділікке, болашаққа үлкен үмітпен қарауға тәрбиелеу мақсатын көздеген «Мен өз елімнің патриотымын»  суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің барлық қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.

Новости