Отбасы мен мектепке дейінгі мекеме – баланы әлеуметтендірудің екі маңызды әлеуметтік институты. Жұмыста ең бастысы сенім мен беделге ие болу, ата-аналарды отбасы мен мектепке дейінгі мекеме арасындағы келісілген іс-әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне сендіру. Ата-ананың қатысуынсыз тәрбие процесі мүмкін емес немесе кем дегенде толық емес. Сондықтан біз отбасымен жеке жұмысты ұйымдастыруға және отбасына сараланған көзқарасқа бағытталған ынтымақтастықтың жаңа дәстүрлі емес түрлерін енгізуге ерекше көңіл бөлеміз. Ыңғайлы әрі жылы атмосферада «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК «Меруерт» орта тобында дәстүрлі емес нысанда ата-аналар жиналысы өтті.
Отбасы мен мектепке дейінгі мекеме