Қазақ тілі апталығының соңғы күні «Тіл тұғыры - ұлт ғұмыры» айдарында ортаңғы және ересек топтарының тәрбиеленушілеріне «Ана тілім -дана тілім» атты бейнеролик көрсетілді. Өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, өз елін құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілде сөйлеуге ынтасын арттыру мақсатында мектепалды топтарының тәрбиеленушілерімен қазақ тілі кабинетінде қазақ тілі педагогтері «Менің Қазақстаным» ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Қолданылған заманауи технологиялар арқылы балалардың тіл үйренуге қызығушылығы артты. Музыкалық залда мектепалды топтарымен «Тіл-татулық тірегі» ойын-сауық өткізілді. Егемен еліміздің келешек ұрпағын білімді, Отанын сүюге, ізеттілікке, кішіпейілділікке, болашаққа үлкен үмітпен қарауға тәрбиелеу мақсатын көздеген «Мен өз елімнің патриотымын» суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің барлық қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.
«Тіл тұғыры - ұлт ғұмыры»