Жаңа жыл-әр үйде, әр отбасында күтілетін ең сүйікті, мейірімді, сиқырлв мереке. Бірақ ешкім біздің балалар сияқты жаңа жылдық ғажайыпты, сиқырлы өзгерістерді және шытырман оқиғаларды күтпейді. Адамдар жаңа жылда мейірбан және бақытты болады. Сиқырлы түнде жарқыраған шыршаларның жанында барлығы көңілді болады және тілектер тілейді.
Жаңа жыл қарсаңында "Таңшолпан" мектеп-бөбекжай" кешені" КММ-де балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті. Әдемі безендірілген зал, әдемі шырша, керемет костюмдер, Аяз Ата, Ақшақар және басқа да көптеген ертегі кейіпкерлері балаларды күтті. Оқушылар ертегі әлеміне еніп кетті! Балалар үшін қуанышты және ұмытылмас шыршаның жарқыраған шамдарымен кездесу болды. Барлық балалар өз таланттарын қуана көрсетті: би биледі, хоровод жүргізді, өлең айтты, ән айтты, ойнады. Ешкім бей-жай қалмады!