
2024 жылы Шахтинск қаласының 14 білім беру объектісінде жалпы сомасы 400 млн. теңгеден астам ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді.
12 жалпы орта білім беру ұйымдарындамынадай жұмыс түрлері жүргізілді: санитарлық тораптарды, жылу жүйесін, спорт залы мен спорт алаңын, баспалдақ маршын, кабинеттерді, рекреацияны, акт залын, асхананы ағымдағы жөндеу, сондай-ақ дәлізді, едендерді жөндеу және есіктерді ауыстыру, 1 қосымша білім беру ұйымдарында спорт залы мен ғимараттың қасбетін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Мектепке дейінгі білім берудің 1 объектісінде – «Қарлығаш» бөбекжайы» КМҚК (шатырды күрделі жөндеу) күрделі жөндеу жүргізілді.