Мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурс туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
- мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін ұйымның атауы, пошталық мекенжайы, телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы:
Қарағанды облысы білім басқармасы Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№12 жалпы білім беру мектебі» КММ: Заңды мекенжайы –Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Шахан кенті, квартал 14, құрысы 6А, анықтама үшін телефон, факс тел.8(72156)30610, E-mail: : shahtinsk_osh12@krg.gov.kzазаматтық қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
- негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:
1. Физика мұғалімі – 12 сағат
2.1. функционалдық міндеттері
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істей білу.Білім алушылардың жеке қажеттілігін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады.Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық - коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды.Білім беру үрдісі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.Ата-аналармен немесе олардың орнындағы тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды орындайды.Білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
2.3.Еңбек ақысының мөлшері
Буын, саты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
В2-1 |
144629 тг |
167546 тг |
В2-2 |
135957 тг |
161042 тг |
В2-3 |
135028 тг |
159803 тг |
В2-4 |
126976 тг |
146486 тг |
В3-1 |
127905 тг |
147106тг |
В3-2 |
119234 тг |
139674тг |
В3-3 |
118304 тг |
139364 тг |
В3-4 |
109014 тг |
129763 тг |
В4-1 |
122330 тг |
139983 тг |
В4-2 |
115517 тг |
135957 тг |
В4-3 |
113659 тг |
132860 тг |
В4-4 |
102819 тг |
115517 тг |
2.4. Еңбекке ақы төлеу шарттары
Айлық еңбекақы мөлшері жыл сайынғы тарифтеу тізімімен айқындалады.
- Лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, оқу жүктемесінде бекітілген сабақтар мен басқа да оқу сабақтарын жүргізеді, сабақ кезінде тиісті тәртіпті қамтамасыз етеді. Мектепте білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға оқу жоспарына сәйкес өз жоспарымен және сабақ кестесімен қолданылады; әр түрлі тәсілдері, әдістері және оқыту құралдарын пайдаланады;Оқу үрдісіне инновациялық білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық енгізуді қамтамасыз етеді; «Білімал» автоматтандырылған жүйесіне мәліметтерді уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді;Білім алушылар дайындығының деңгейі, тиісті мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сай қамтамасыз етеді;Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын орындайды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын және өмірін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етеді;Мектеп әкімшілігіне әрбір жазатайым оқиға туралы жедел хабарлайды, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді;Білім алушылардың еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту сабақтары міндетті тіркей отырып, нұсқама өткізеді;Білім алушылардың еңбекті қорғау жөніндегі ережелер зерделеуді ұйымдастырады;Еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады (нұсқаулықтар).Білім алушылардың еңбекті қорғау жөніндегі режелерді зерделеуді ұйымдастырады;Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға белгіленген тәртіппен қатысады;Мектеп әкімшілігін белгіленген тәртіппен мұғалімнің жұмысын бақылауға және бағалау мақсатында сабақтарға қатысуға мүмкіндік береді;Мектеп бойынша кезекшілік кестесіне сәйкес сабақтар арасындағы үзілістерде, сондай-ақ басталғанға дейін 20 минут ішінде, өз сабақ аяқталғаннан кейін 20 минут кезекшілік атқарады;Оқушылардың ата – аналарымен ұдайы байланыста болады;Мерзімдік тегін медициналық тексерісінен өтеді;Педагогтың қоғамдық жағдайына сай, қоғамдық орындарда, мектепте, үйде тәртіптің этикалық нормасын сақтайды.Демалыс кезінде педагогикалық және оқушылармен еңбек және демалыс жұмыстарын ұйымдастырады.еңбекті қорғау бойынша міндеттері:білім беру үдерісін қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді;мектеп әкімшілігіне әр сәтсіз оқиға туралы хабарлап отырады, алғашқы көмек көрсету шараларын қолданады;білім процесіндегі кемшілктер болса мектеп әкімшілігінің назарына жеткізеді, сондай – ақ, білім процесін жүргізуде оқушылардың жағдайларын жақсарту және сауықтыру бойынша ұсыныстар енгізеді;қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар өткізеді;оқушыларды Еңбекті қорғау және Жол жүру ережелерін, үйдегі, су басындағы тәртіпті сақтауға үйретеді;білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім беру процесі кезінде өмірі мен денсаулығына жауапты; еңбекті қорғау бойынша қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады (нұсқаулықтар).
Білуге міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдарын,
- білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
- оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;
- педагогика мен психология;
- пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;
- оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;
- құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;
- еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:1) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда);4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
Конкурсты өткізу мекен жайы: 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Шахан кенті, квартал 14, құрысы 6А, анықтама үшін телефон, факс тел.8(72156)30610, E-mail: : shahtinsk_osh12@krg.gov.kz.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау сағат 13.00-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 16.00-ға дейін жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау басталған күні, уақыты: 2023ж 10.08. 09.00 сағ
Құжаттарды қабылдау аяқталатын күні, уақыты: 2023ж 17.08. 16.00 сағ