back-image
ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ
Бос орын Әлеуметтік педагог
24-01-2023 15:14
Бос орын Әлеуметтік педагог

Мемлекеттік қызметшілердің

бос лауазымына орналасуға конкурс туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

  1. мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін ұйымның атауы, пошталық мекенжайы, телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы: 

Қарағанды облысы білім басқармасы Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№12  жалпы білім беру мектебі» КММ: Заңды мекенжайы –Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Шахан кенті, квартал 14, құрысы 6А, анықтама үшін телефон, факс тел.8(72156)30610,  E-mail: : shahtinsk_osh12@krg.gov.kzазаматтық қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

1. Негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:

1. Әлеуметтік педагог - 1 бірлік (уақытша-әлеуметтік демалыстағы педагогтің орнына)

 

Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы (әлеуметтік педагог)

 

Буын

Саты

Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы(теңге)

бастап

дейін

В3

4

108394

129763

В3

3

135205

159273

В3

2

119233

139973

В3

1

127905

147106

 

Лауазымдық міндеттері (әлеуметтік педагог):

  1. Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;
  2. әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;
  3. Білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;
  4. Жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;
  5. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
  6. Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;
  7. Әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;
  8. Білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
  9. Педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;
  10. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  11. Білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;
  12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

      Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар

Білуге тиіс (әлеуметтік педагог):

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

педагогика және психология, физиология, гигиена;

тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламалары;

педагогикалық этиканың нормалары;

балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері;

еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

1) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

Конкурсты өткізу мекен жайы: 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск  қаласы,  Шахан кенті, квартал 14, құрылыс 6А, анықтама үшін телефон, факс тел.8(72156)30610,  E-mail: : shahtinsk_osh12@krg.gov.kz.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 13.00-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 16.00-ға дейін  жүзеге асырылады.

Құжаттарды  қабылдау басталған күн, уақыты:   24.01.2023 ж., 09.00 сағ.

Құжаттарды қабылдау аяқталатын күн, уақыты: 26.02.2023 ж., 16.00сағ.

 

 

                       

Новости