back-image
ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ
Құрметті ата-аналар!
01-12-2022 10:49
Құрметті ата-аналар!
Құрметті ата-аналар!
✍Бүгінгі таңда түрлі ұйымдар көптеген жарыстар мен олимпиадалар өткізеді. Мектептерде ақылы олимпиадалар мен жарыстар өткізу орын алып отыр.
Барлық ақылы жарыстар мен олимпиадалар кәсіпкерлік қызмет болып табылады.
2016 жылдан бастап мектептерде ақылы олимпиадалар өткізуге тыйым салынған. 
Оқушы мен оқытушының ақылы олимпиадада алған дипломдары мен сертификаттары еш жерде есепке алынбайды.
 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыратын олимпиадалар ТЕГІН. 
Бүгінгі күні «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы N 514 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы N 232 бұйрығына сәйкес «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалардың және ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) тізбесін, орындаушылар байқауларының, кәсіптік шеберлік байқауларының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Заңымен пәндік олимпиадалардың тізбесі бекітілді.
Барлық олимпиадалар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ережесіне сәйкес мектеп, қалалық (аудандық), облыстық, республикалық төрт кезеңде өткізіледі.
Ақылы олимпиадаларға қатысуға шешім қабылдаған оқушылар мен ата-аналар жарыстардың қайсысына қатысатынын, яғни қандай мақсатпен, не үшін қатысып жатқанын, қандай дағдыларды дамытуға көмектесетінін анықтауда орынды болуы керек.
Білім беру ұйымдарында ақылы олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу орын алып жатса, Сізден Қарағанды облысының білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» АҒПО-на 99-63-81 телефонына хабарлауыңызды сұраймыз!
Новости