11А сыныбында «Қаржылық операциялар қауіпсіздігінің ережелері. Қаржылық пирамидалардың қаупі» тақырыбында сынып сағаты өтті.
11А сыныбында «Қаржылық операциялар қауіпсіздігінің ережелері. Қаржылық пирамидалардың қаупі» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты: оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтың белгілерін ажырата білуге және қауіпсіз қаржылық шешімдер қабылдауға үйрету.
Сынып сағаты барысында оқушылар "қаржылық пирамида" ұғымымен танысып, оның негізгі белгілері мен тәуекелдерін білді; қаржылық алаяқтыққа байланысты өмірлік жағдайларды талқылады; мини-топтармен тапсырмалар орындап, рөлдік ойындарға қатысты;тақырып бойынша сауалнама толтырып, өз білім деңгейін бағалады; «Алаяқтардан қалай сақтануға болады?» тақырыбында жадынама жасады.Сынып сағаты интерактивті форматта өтіп, оқушылар белсенділік танытты.