2025 жылдың 28 қарашасында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық университетінің Студенттер сарайында «Еуразиялық кеңістік» қоғамдық қоры ұйымдастырған білім беру көрмесі өтті. Көрмеге Қазақстан мен ТМД елдерінен 20-дан астам университет қатысты. Көрме барысында университет өкілдері өздерінің білім беру бағдарламаларын ұсынды, қабылдау талаптары, оқу процесі және т.б. туралы ақпарат берді. Біздің мектеп-гимназиямыздың 10 және 11 сыныптарынан 63 оқушы көрмеге қатысып, университеттер туралы көптеген жаңа ақпарат алды.