29.10.2025 ж. Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары Шахтинск технологиялық колледжінде кәсіби сынақтарға қатысты. Балалар келесі мамандықпен танысты: Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану; тау-кен электромеханикалық жабдығына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану; ақпараттық қауіпсіздік жүйесі; тамақ өнімдерін өндіру технологиясы; дәнекерлік іс; төтенше жағдайларда қорғау. Кәсіби сынақтар оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс кәсіби таңдауға көмектеседі.