Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп-гимназияда "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл"тақырыбында дәріс өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп-гимназияда "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл"тақырыбында дәріс өткізілді.
Іс-шараның құрметті қонағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс тобының мүшесі, Мемлекеттік қызмет ардагері Кабулова Шахмарал Майбекқызы болды.
Шахмарал Майбекқызы өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың жеке жауапкершілігінен, заңдар мен моральдық нормаларды сақтаудан басталатынын атап өтті. Ол қатысушыларды адалдыққа, ашықтыққа және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікке шақырды.
Дәріс іс-шараға қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.