17 қараша күні 2 «В» сыныбында «Кітаптарды бағаландар» атты кітапхана сабағы өтті.Кітапханашы оқушыларға бұрынғы кітаптардың қандай болғанын, оларды қандай материалдардан жасағанын және кітаптарды қолмен көшірудің қаншалықты ауыр еңбек болғанын айтып берді. Сонымен қатар қазіргі кезде де кітапты шығару үдерісі өте күрделі әрі жауапты жұмыс екенін еске салды. «Үш мысық. Кітаптарды біз ренжітпейміз» мультфильмін көргеннен кейін оқушылар кітапқа қалай ұқыпты қарау керектігін айтып, әрдайым кітаптарды таза әрі тәртіпті күйде сақтайтындарына уәде берді.