2025 жылы 23 сәуір күні мектеп-гимназияда педагогтердің кәсіби деформациясы мен эмоционалдық күйіп қалуының алдын алу онкүндігі шеңберінде "Педагогтердің оқушылардың патриотизмін дамытудың негізі ретінде функционалдық қызметке саналы және жауапты қатынасы

2025 жылы 23 сәуір күні мектеп-гимназияда педагогтердің кәсіби деформациясы мен эмоционалдық күйіп қалуының алдын алу онкүндігі шеңберінде "Педагогтердің оқушылардың патриотизмін дамытудың негізі ретінде функционалдық қызметке саналы және жауапты қатынасы" тақырыбында диалог алаңы өтті.
Іс-шараны психологиялық қолдау Орталығының білікті мамандары ұйымдастырып, өткізді. Кездесу барысында мұғалімдердің кәсіби хабардарлығын арттыру, олардың жеке ұстанымдарының оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеуге әсері, сондай-ақ эмоционалды тепе-теңдік пен кәсіби денсаулықты сақтау әдістері талқыланды.
Диалог алаңы педагогтарды қолдауға, олардың ішкі уәждемесін дамытуға және білім беру ортасындағы тәрбие қызметіне жауапты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігіне айналды.