2025 жылғы 7 сәуірде «Дүниежүзілік денсаулық күні» тақырыбында «Дені сау өмірге қадам» атты сынып сағаты өткізілді.

2025 жылғы 7 сәуірде «Дүниежүзілік денсаулық күні» тақырыбында «Дені сау өмірге қадам» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты оқушыларды қарсы алу мен сабақтың тақырыбына кіріспе жасалудан басталды. Бұл сынып сағатының мақсаты — дұрыс өмір салты, күн тәртібі, тамақтану режимі және суық тию ауруларының алдын алу туралы түсінік қалыптастыру. Сынып сағаты эстафета түрінде өтті. Эстафета бірнеше кезеңнен тұрды, әр кезең өзінің дағдылары мен білімдерін дамытуға бағытталды.