
21 сәуірде "Өзінді буллингтен қорға!” оқушылар арасында қорқытудың алдын алуға бағытталған. Балалар қорқыту ұғымымен, оның формаларымен (физикалық, психологиялық, кибербуллинг), сондай-ақ оның салдарымен танысты. Буллинг жағдайларын тану және оларға жауап беру тәсілдері, ересектерден көмек сұраудың және құрдастарына қолдау көрсетудің маңыздылығы талқыланды. Оқушылар талқылауға белсенді қатысты, пікірлерімен бөлісті және өмірлік жағдайларды қарастырды. Іс-шара мектеп ортасында қауіпсіз және мейірімді атмосфераның қалыптасуына ықпал етті.