Мектептің өзін-өзі басқаруы
2024 жылдың 19 наурыз күні мектептің өзін-өзі басқару көшбасшылары жоғары буын оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. Олар қазіргі жастар кездесетін маңызды мәселелерді талқылады. Бұл - ойынға тәуелділік, құмар ойындар(лудомания), интернетке тәуелділік, және интернеттегі алаяқтық. Оқушылар сақтық шараларын талқылады және сыныптастары арасында фактілер туындаған жағдайда бірқатар іс-шараларын ұсынды. Оқушылар бұл мәселелерді ерекше қызығушылықпен талқылап, мұндай проблемалардың орын алатынын және бұл проблемалар жастар арасында алға жылжып келе жатқандығын талдады.
Іс-шара пайдалы және танымдық болды. Балалар көптеген қажетті ақпаратты алды.