3 қарашада №5 мектеп-гимназия базасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын тиімді шаралар» тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирге 12 команда қатысты: қазақ лигасының 4 командасы және орыс лигасының 8 командасы. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қарағанды облыстық басқармасы жанындағы ақпараттық-ағарту тобының спикерлері, оның ішінде белгілі саясаттанушы және қоғам қайраткері С.Мұстафин қатысты. Турнир қорытындысы бойынша біздің команда құрметті II орынға ие болды. Дьякон Дмитрий мен Қанат Бауыржан турнирдің «Үздік спикерлері» атанды. Балаларды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!
қалалық пікірсайыс турнирі