
27 қыркүйекте кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында мектепте Мария Александровнамен қызықты кездесу өтті. 6 "А" сынып оқушысы Алексей Константиновтың анасы - Мария Александровна. Оның екі жоғары білімі бар, қазіргі уақытта кондитер мамандығы бойынша жұмыс істейді. Әңгіме барысында оқушылар Марияның кондитер аспазының қызметіне қалай келгенін , оның жұмысының ерекшеліктері, еңбегі мен қиындықтары туралы білді. Балалар теориялық білім алып қана қоймай, кондитер мамандығында өздерін сынап көрді. Мария пряниктерді глазурьмен безендіру бойынша "Мастер - класс" өткізді, осылайша балаларды қуантып, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік берді.