back-image
КГУ «Общеобразовательная школа №7» отдела образования города Шахтинска УО Карагандинской области

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ «Общеобразовательная школа №7» отдела образования города Шахтинска УО Карагандинской области
Білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды
31-07-2026 12:02
Білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды

Құрметті ата-аналар!

«Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімі» ММ білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсету тәртібіне өзгерістер енгізілгенін хабарлайды (ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 165 қаулысымен № 64 қаулыға енгізілген өзгерістер).

Басты жаңалық– отбасы табысын тексеру процесінің толықтай цифрлық форматқа көшірілуі.

Бұл іс жүзінде нені білдіреді?

Отбасының табысы туралы мәліметтер жүйеге автоматты түрде жүктеледі. Енді мектепке қағаз түріндегі анықтамаларды тапсырудың қажеті жоқ. Отбасының қаржылық жағдайы туралы барлық деректер «Отбасының цифрлық картасы» мен бірыңғай мемлекеттік тізілімдер (реестрлер) арқылы Ұлттық білім беру деректер қорына (ҰБДҚ) тікелей түседі.

Алынған мәліметтер негізінде тиісті есептеулерді электронды жүйе жүргізеді. Тұжырымдап айтқанда, отбасының табыс деңгейін анықтау және көмек алу құқығын белгілеу толығымен автоматтандырылған цифрлық скоринг арқылы жүзеге асырылады.

Мектепке дайындық үшін 50 851 теңге көлеміндегі біржолғы көмекті алуға мына санаттар құқылы:

  1. Атаулы әлеуметтік көмек (ӘӘК) алатын отбасылардың балалары;
  2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар;
  3. Автоматтандырылған цифрлық скоринг деректеріне сәйкес, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары.

Өтініш беру және жүйемен жұмыс істеу сұрақтары бойынша балаңыз оқитын мектептің әкімшілігіне немесе әлеуметтік педагогіне хабарласуыңызға болады.

Новости