
2023 жылдың 27 ақпанында Шахтинск технологиялық колледжі 3 сынып оқушылары арасында "Мен ресторатормын" атты қалалық кәсіптік бағдар беру ойынын өткізді. Ойынның мақсаты-қатысушылардың кәсіби шеберлігін толыққанды көрсету және дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру және шығармашылық әлеуеттің өсуін ынталандыру үшін жағдай жасау. Біздің мектептің 5 адамнан тұратын оқушылары ойынға белсенді қатысты. Оқушылар мамандықтар бойынша командаларға бөлінді: мейрамхана әкімшісі даяшылар, бармендер және аспаздар. Ойын түрінде әркім өз міндеттерін орындады. Іс-шара қызықты әрі тартысты өтті. Ойын соңында оқушылар сертификаттармен марапатталды.