.
1. Www.egov.kz. сілтемесі бойынша электрондық үкімет сайтына өтіңіз.
2. Порталға кіріңіз.
3. «Білім беру» - «орта білім беру» - «білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) бөліміне өту.
4. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» таңдаңыз.
5. Қажетті өрістерді толтырыңыз.
6. Сканерленген құжаттарды тіркеңіз.
7. ЭЦҚ-ға қол қойыңыз.
Интернет арқылы өтініш беруге мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін мектептерде компьютермен және сканермен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған.
Ата-аналардың (заңды тұлғалардың) туындаған сұрақтары бойынша тұрып жатқан мекенжайының мектебіне немесе білім бөлімінің 64891 нөміріне хабарласуларыңызға болады.