back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№2 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№2 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Мектептегі тамақтануды ұйымдастыруды тексеру туралы ақпарат.
12-09-2024 07:55
Мектептегі тамақтануды ұйымдастыруды тексеру туралы ақпарат.

Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№2 ЖББМ»КММ-де 2қыркүйектен бастап мектеп асханасы өз жұмысын бастады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында (1-4)  бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілді. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес «Жалпыға бірдей оқыту»қорынан тегін жеңілдікпен тамақтандырумен қамтылатын болады:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;

-жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар;

- отбасында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- төтенше жағдай салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға.

Асханада және ас блогында бейнебақылау камералары орнатылған. Ас блогы қызметкерлерінің штаты толық қамтылған. Әкімшілікпен бірлесіп оқушылардың ыстық тамақтану кестесі және әкімшілік пен мұғалімдердің асханасында кезекшілік кестесі әзірленді. Қызметкерлер асхананың жұмыс істеуінің санитарлық-гигиеналық жағдайларын сақтауды қамтамасыз етеді. Оқушылардың денсаулығын медициналық қызметкер бақылайды.

Новости