Мектептің кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес қаңтар айының 17 күні қала маңындағы Балқаш көлінің жағасында орналасқан "Балқаш" емдеу-сауықтыру кешеніне экскурсияға барды. Мақсаты: шипажайдағы мамандық түрлерімен танысу, медицина мамандықтарына оқушылардың қызығушылығын ояту, болашақ түлектерге мамандық таңдауда іс-шараларға қала мекемелерінің өкілдерін тарту. Экскурсия барысында 9 сынып оқушылары (15 оқушы) «Балқаш» ЕСК базасында көрсетілетін емдік шаралармен танысты, емшаралар жүргізетін бөлмелердегі құрылғылар қалай жұмыс істейтінін көрді. Шипажай мамандары өз жұмыстарымен таныстыра отырып, құрылғылардың жұмысын қамтамасыз ету үшін электронды және сандақ техникаларға қызмет көрсететін мамандар қажет екенін, одан басқа шипажайға медициналық білімі бар мамандар, құтқарушылар, нұсқаушылар және т.б керек екенін айтты. Шипажай жұмысының ерекшеліктері туралы оқушыларға нақты ақпараттар берілді, жүргізіліп жатқан сауықтыру жұмыстары тәжірибе жүзінде көрсетілді. Туризм, сауықтыру, қонақүй ісі т.б еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтардың бірі болғандықтан оқушылар өз қызығушылықтарын танытты.
Кәсіби бағдар беру мұғалімі
Ермагамбетова А.С.