back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№2 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№2 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Мектептің 2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары
15-09-2022 07:06
Мектептің 2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары

Тәрбие мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Өзін-өзі дамыту, оқушылардың жеке басының өзін-өзі анықтауы, олардың қоғамдағы сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.

2022-2023 оқу жылындағы тәрбие міндеттері:

1) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; 

2) оқушылардың оқу іс-әрекетіне оң тұрақты ынтасын дамыту, білім беру мен өз бетінше білім алудың өмір мен қызмет үшін маңыздылығын ұғыну.

3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты, сыни ойлау мен функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өз бетінше шешу қабілеттерін дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы зияткерлікті байыту; 

отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулу; қазақ және басқа да этностар мен Қазақстанның этностық топтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру;

4) елдің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; 

5) тұлғаның экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға саналы көзқарасын; табиғатты сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымды; экологиялық сауаттылық пен мәдениетті дамыту болып табылады;

6) ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі мен жауапкершілігін арттыру, жастарды салауатты отбасы құруға, отбасы институтын нығайтуға саналы қатысуға дайындау;

7) әлеуметтік маңызы бар балалар, отбасы және ата-ана бастамаларын, балалар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;

8) балаларды тәрбиелеуде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;

9) балаларды тәрбиелеу саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;

10) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру болып табылады.

11) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қадағалаусыздықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыс істеуге, "қатер" тобындағы балаларды мектеп өміріне, сыныпқа, үйірмелер, секциялар сабақтарына барынша тартуға құқығы бар.

12) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мекемесін дамыту бағдарламасына сәйкес тәрбие процесінде кеңінен пайдалану.

Новости