Государственные услуги
Дәреже: Государственные услуги
Қамқоршылық кеңес құру туралы ХАБАРЛАНДЫРУХАБАРЛАНДЫРУ
«Сатибек ибраев атындағы негізгі орта мектебі» КММ-сі білім беру ұйымында қамқоршылық кеңес қайта құрылатынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес мүшелеріне үміткерлер 03 қазан мен 31 қазан аралығында тиісті білім беру ұйымына өтініш тапсыруы тиіс.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.
Қамқоршылық кеңестің құрамына:
• білім беру ұйымының басшысымен туыстық және жекжаттық қатынасы бар тұлғалар;
• сол білім беру ұйымы қызметкерлері;
• психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
• Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген шектеулері бар тұлғалар кіре алмайды.
Ескерту: Қамқоршылық кеңеске мүше болу үшін өтініштер жергілікті білім ұйымына өткізіледі.
|
2023-10-03 11:58:07 |
Скачать
|