back-image
КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»
Организации> КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»
 

     

1 тарау. Жалпы ережелер

        1.  Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (бұдан әрі - Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға.

2. Кәсіпорын Қарағанды облысының әкімдігінің 2023 жылғы 21 шілдедегі №49/01 «Қарағанды облысы білім басқармасының  «Абай ауданы білім білімінің «Таңшолпан» мектеп-бөбекжай» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесін  қайта атау туралы» қаулысына сәйкес құрылған. 

3. Кәсіпорынның құрылтайшысы Қарағанды облысының әкімдігі болып табылады.

4. Мемлекеттік коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтары Кәсіпорынның мүлкіне қатысты меншікті «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

        5.Кәсіпорынға басшылықты жүзеге асыратын орган «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан  Қарағанды облысының білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

6. Кәсіпорынның атауы:

 мемлекеттік (қазақ) тілде: Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

орыс тілінде: Коммунальное государственное казённое предприятие «Ясли - сад «Таңшолпан» отдела образования Абайского района» управления образования Карагандинской области.

7. Кәсіпорынның орналасқан жері 100101, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай  ауданы, Абай  қаласы, Шерубай батыр көшесі, 37 құрылыс.

2 тарау. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

8. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.

9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

10. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.

11. Кәсіпорын жасасатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тіркелген кезден бастап жасалған болып есептеледі.

3 тарау. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

12.Кәсіпорын қызметінің мәні бiр жастағы және 1-сыныпқа қабылданғанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, оның ішінде тәрбиленушілерге инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз ету болып табылады.

13. Кәсіпорын қызметінің мақсаты:

1)мектеп жасына дейінгі балалардың өмірін, дене және психикалық денсаулығын қорғау, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;

2) тәрбиеленушілердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері және жеке мүмкіндіктері бар тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

3) сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;

4) тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастықта болу;

5) ата-аналарға тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын сақтау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету;

6) баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған өзгеретін ойын және тақырыптық зоналарды, инклюзивті дамыту ортасын құру.

14. Алға қойған мақсаттарын іске асыру үшін Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) екі жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту бойынша оның ішінде тәрбиеленушілерге инклюзивті білім беруді іске асыру үшін мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемін, мемлекеттік білім беру тапсырысының орындалуын қамтамасыз етеді;

2) тәрбиелеу мен білім беру процесін ұйымдастырудағы қолданылатын формалардың, әдістердің, тәсілдердің, құралдардың тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, психофизиологиялық ерекшеліктеріне, қабілеттеріне, қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді;

3) азаматтық пен отан сүйгіштікке, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, қазақ және Қазақстан Республикасының басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеуді қамтамасыз етеді;

4) Кәсіпорын қандай түрдегі болмасын  діни тәрбиеге жол бермейді, зайырлы және діни тәрбие мен оқытудың бөлектену қағидатын сақтайды;

5) Кәсіпорын Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында айқындалған шектерде тәрбиелеу мен оқытудың формаларын, құралдарын және әдістерін дербес таңдаңдайды. Тәрбиелеу және білім беру  процесін жүзеге асыру үшін жылдық, жұмыс, оқу жоспарын және сабақ  кестесін әзірлейді және бекітеді;

6) Кәсіпорын штатына кіретін медицина қызметкері жүргізетін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің аумақтық медициналық ұйымымен бірге тәрбиеленушілерді ағымдағы медициналық бақылаумен, иммундаумен және профилактикалық тексерулерді ұйымдастырумен қамтамасыз етеді;

7)Кәсіпорын директоры бекітетін және әрбір жас тобына ілінетін он күндік мәзір құрады;

8) тәрбиеленушілердіңдұрыс тамақтануы олардың жас ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын, Кәсіпорынның жұмыс тәртібін, өнімнің маусымдық болуын ескере отырып жүзеге асырылады, оның еселігі «Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»  Санитариялық ережелерге және осы Жарғыға сәйкес анықталады;

9) тәрбиеленушілерарасында тамақтану мәдениетін қалыптастырады, оның ішінде дұрыс тамақтануды және табиғи, жаңа өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы жүзеге асырады;

10) Кәсіпорында тәрбиелеу және оқыту мемлекеттік (қазақ) және орыс тілдерінде жүзеге асырылады;

11)Кәсіпорында келесі жұмыс тәртібі белгіленуі мүмкін – күндізгі, бес күндік жұмыс аптасымен, жұмыс кестесі сағат 8.00-ден 18.30-ға дейін, тәрбиеленушілерді 3 мезгіл тамақтандырумен. Топтар  10,5 сағат жұмыс істейтін бір жастағы немесе біркелкі емес жас принципі бойынша толықтырылады.

12)Кәсіпорын жұмыс және демалыс күндері Кәсіпорынмен қамтылмаған және қамтылған тәрбиеленушілерге тәрбиелеу, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетеді, ақылы қызметтен түскен қаражат мамандарға еңбекақы төлеуге, құралдар сатып алуға, тиісті даму ортасын құруға жұмсалады;

13) тәрбиеленушінің Кәсіпорындағы орыны келесі жағдайларда сақталады:

- бала науқастанған кезде;

- баланы  медициналық, санаторийлік-курорттық және өзге де ұйымдарда емдеу және сауықтыруда болуы;

- баланы жазғы кезеңде  жылына екі айға дейінгі мерзімде сауықтыру;

-ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне еңбек демалысын беру;

14) Кәсіпорыннан тәрбиеленушіні шығару мынадай жағдайларда жүргізіледі:

- Кәсіпорын мен тәрбиеленушінің ата – анасымен немесе басқа заңды өкілі арасында шарт талаптарының бұзұлуы;

- тәрбиеленуші дәлелсіз себеппен және әкімшілікке ескертусіз бір айдан астам келмегенде;

- дәрігерлік консультациялық комиссияның анықтамасы негізінде оның болуына кедергі болатын медициналық қарсы көрсетілімдер болса;

15) баланы қамтамасыз ету үшін ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлем мөлшері жасына қарамастан тамақ құнының 100 пайызын құрайды және  Кәсіпорынның құрылтайшысымен белгіленеді;

16) тәрбиелеу мен білім беру процесінің қатысушылары  тәрбиеленушілер, ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер, педагогтар болып табылады;

17) тәрбиеленушілер  құқылы:

- тәрбие, оқу, даму, күту және сауықтыру қызметтерін алуға;

- сапалы мектепке дейінгі дайындықтан өтуге;

- медициналық көмек алуға;

- қосымша (ақылы) білім беру қызметтерін алуға;

- адамзаттық  қадір-қасиетін құрметтеу, өз пікірін еркін білдіруге;

18) ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер мыналарға құқылы:

- тәрбиеленушілердің тәрбиелеу мен білім беру бағдарламаларын игеруі және тәрбиелеу мен білім беру процесін ұйымдастыру шарттары туралы объективті ақпарат алуға;

- тәрбиелеу мен білім беру мәселелері бойынша білікті кеңес алуға;

- қамқоршылық кеңес пен ата-аналар комитетінің жұмысына қатысуға;

19) ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер міндетті:

- тәрбиеленушілердің өмір сүруі мен білім алуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, зияткерлі кәне денедамуын, адамгершілік қалыптасуын қамтамасыз етуге;

- Кәсіпорынның жұмыс тәртібінсақтауға;

- тәрбиеленушілердің Кәсіпорындағысабаққа қатысуын қамтамасыз етуге;

- тәрбиеленушілердің Кәсіпорын қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауын қамтамасыз етуге;

- ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, Кәсіпорынмүлкіне құрметпен қарауды қамтамасыз етуге;

- Кәсіпорынмүлкінбүлдірген жағдайда толық қалпына келтірілуін немесе өтелуін қамтамасыз етуге;

- Кәсіпорыннан тыс жерде тәрбиеленушілердің бос уақытын ұйымдастырументәрбиелеугетолық жауапкершілікалуға;

20) Кәсіпорында ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің қажеттіліктерін ескере отырып, балалары мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған ата-аналар үшін отбасы мен тәрбиеленушіге әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында кеңес пункттері құрылады;

21) Кәсіпорынды басқару дара басшылық және алқалық басқару қағидаттарында құрылады. Алқалық басқару нысандары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық және қамқоршылық кеңестер болып табылады;

22) Кәсіпорынға тікелей басшылықты директор жүзеге асырады;

23) Кәсіпорын директоры:

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кәсіпорын қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес арнайы тәрбие және білім беру бағдарламаларының іске асырылуына, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу мен білім беру сапасына, өмірі мен денсаулығына, білім беру процесі кезінде тәрбиеленушілер мен Кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына жауап береді;

- нормативтік актілерді, Кәсіпорынның басқару органдарының бұйрықтарын, лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген лауазымдық міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, оның ішінде берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін жауап береді;

 -  білім алушының жеке басына физикалық және (немесе) психикалық зорлық-зомбылықпен байланысты тәрбиелеу әдістерін қолданғаны, оның ішінде бір рет қолданғаны, сондай-ақ өзге де өнегесіз теріс қылық жасағаны үшін директор еңбек заңнамасына сәйкес атқаратын лауазымынан босатылуы мүмкін;

- өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау қағидаларын, тәрбиелеу мен білім беру процесін ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа тартылады;

-  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл заңнамасын сақтау жөніндегі  жұмысты ұйымдастырады, сонымен қатар  білім беру ұйымында жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша шара қолданады.

-нысанды терроризмнен сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы күрес» Заңымен қарастырылған  шараларды іске асыруға міндетті.

24) педагогикалық қызметпен айналысуға тиiстi профил бойынша арнаулы педагогикалық немесе кәсiптiк бiлiмi бар тұлғаларға рұқсат етiледi.

Жұмыс істеуге рұқсат етілмейтіндер:

-  медициналық қарсы көрсетілімдері бар;

- психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар . Жыл сайын жылына бір рет, оқу жылының басында педагог өзінің психиатриялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтындығын заңды тәсілмен растайды;

-заңды күшiне енген сот үкiмiне сәйкес педагогтың кәсiби қызметiн жүзеге асыру құқығынан айырылғандар;

- Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылғандар;

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде;

25) директор жұмысқа қабылдау кезінде мемлекеттік қызметшінің тиісті бос лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын басшылыққа алуы тиіс. Тиісті білімсіз педагогикалық қызметпен айналысуға жол берілмейді. Азаматтарды педагогикалық қызметке қабылдау тәртібін бұзғаны үшін директор жеке жауапкершілікте болады. Кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері тиісті лауазым немесе қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді;

15. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсатына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға құқылы емес.

16. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында  немесе құрылтай құжаттарында  белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның директорының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің талап- арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

 4 тарау. Кәсіпорынды басқару 

 17. Қарағанды ​​облысының әкімдігі келесі функцияларды жүзеге асырады;

1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;

2) Қамтамасыз етуді беру туралы шешім қабылдайды;

«Қарағанды ​​облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

         1)Кәсіпорынның жарғысын бекітеді,  оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді

2)Кәсіпорынға коммуналдық мүлікті бекітеді

      3) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

      4)Қоғамның мүлкін пайдалану, оның ішінде оны жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды.

  Қарағанды ​​облысының білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан «Қарағанды ​​облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыстардың (қызметтердің) міндетті көлемдерін айқындайды;

2) Кәсіпорынның даму жоспарын және олардың орындалуы туралы есептерді қарайды, үйлестіреді және бекітеді;

3) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын бақылайды және талдайды

4) Қоғам мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

5) Қоғам мүлкінің есебін ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

6) жыл сайын Қоғамның еңбекақы қорының мөлшерін белгілейді;

7) осы Жарғыда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

18.Кәсіпорынның органы оның директоры болып табылады.

19. Қарағанды ​​облысының білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан «Қарағанды ​​облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі Кәсіпорын директорымен еңбек қатынастарын еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келісім-шарт.

20. Кәсіпорын директоры бұйрық бірлігі қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді. Заң) және осы Жарғы, егер осы Заңда және Кәсіпорын жарғысында өзгеше көзделмесе

21. Директор:

1)  Кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет етеді және барлық органдарда оның мүддесін білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банк шоттарын ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады;

8) Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесіне өзінің орынбасарларының кандидатураларын ұсынады;

9) өз орынбасарларының және Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

10) үшін жауапты:

Таза табыстын  белгіленген бөлігін бюджетке уақытылы аудармауына жауапты;

10-1) кәсіпорының қаржы- шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады;

 11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

22. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен Кәсіпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.

  5 тарау. Кәсіпорынның мүлкі  
		 23. Кәсіпорынның мүлкі, құны оның теңгерімігде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды:
24. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдарға (жарғылық капиталдағы үлестерге), оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлері арасында бөлуге болмайды.
25. Кәсіпорынның мүлкі мыналар есебінен қалыптастырылады: 

1) оған меншік иесі берген мүлікті;

2)  өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3)  Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

26. Кәсіпорынның қарамағында оның жарғылық мақсаттарында көзделген қызметті қамтамасыз ету үшін оған қажетті не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлік қана бола алады.

27. Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады:

28. Жемістер, өнім және жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудан түскен кірістер, сондай-ақ Кәсіпорын келісімдер бойынша немесе өзге де негіздер бойынша сатып алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның жедел басқаруына беріледі. меншік құқығын алу.

29. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған мүлікті жедел басқару құқығы Кәсіпорын үшін мүлік оның балансына бекітілген кезде туындайды. немесе иесінің шешімі.

30. Кәсіпорынның негізгі қорларға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен шығаруға құқығы жоқ.

31. Кәсіпорынның мүлкін оралымды басқару құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында меншік құқығын тоқтату үшін көзделген негіздер бойынша және тәртіппен, сондай-ақ осы Кодекстің 144-баптарында көзделген жағдайларда тоқтатылады. Заңның 154, 162-баптары.

32.Кәсіпорын өзіне жедел басқаруға бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке өз бетінше билік етеді.

33.Жедел басқару құқығындағы кәсiпорын өзiне бекiтiлген негiзгi құралдарға жататын мүлiктi өзiне иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы бар, тек "Қарағанды ​​облысының экономика басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң жазбаша келiсiмiмен ғана. осы Жарғының 30-тармағында көзделген жағдайлар

34.Кәсіпорын Қарағанды ​​қаласы білім бөлімінің «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан «Қарағанды ​​облысының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жазбаша келісімімен дебиторлық берешекті аударуға және есептен шығаруға құқылы.

6 тарау. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру

35. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

36. Кәсіпорын таза табыстың бір бөлігін бірлескен табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзімі аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті бюджетке аударады.

		37. Кәсіпорын өз өнімін өз бетінше өткізеді.

38. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Жарғыда көзделмеген қызметті жүзеге асырудан кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қойылуға жатады.

7 тарау. Кәсіпорынның Жарғылық капиталы

39.Кәсіпорынның Жарғылық капиталы жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін меншік  иесінен басқаруға алынған мүліктен қалыптасады
		 8 тарау. Кәсіпорынның есебі және есептілігі
 40. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есептілік туралы заңнамасына және Кәсіпорынның директоры мен  «Қарағанды облысы білім басқармасының»  мемлекеттік мекемесінің  атынан  Қарағанды облысы білім басқармасының « Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  келісімі бойынша,  шағын және орта бизнес үшін халықаралық стандартқа немесе халықаралық қаржылық есептілік ұлттық стандарттарына сәйкес  жүзеге асырылады. 
41. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігіне бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығындар туралы есеп, ақша қозғалысы туралы есеп, капиталдағы өзгерістер туралы есеп, түсіндірме жазба кіреді.

9 тарау. Кәсіпорынның жауапкершілігі

42. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшаға жауап береді. Осы заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, қазыналық кәсіпорынның қалған мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.

43. Кәсіпорын мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Ақша жеткіл ісіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік- аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
		 
		 

10 тарау. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

 

 

       44. Кәсіпорынның еңбекақы қорының мөлшерін жыл сайын «Қарағанды ​​облысы білім басқармасының» мемлекеттік мекемесінің атынан Қарғанды облысы білім бақармасының «Абай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгілейді.

       45.Жедел басқару құқығындағы Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі  «Азаматтық қызметшілерге, ұйым қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен белгіленген. мемлекеттік бюджет, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері».

		 

11 тарау. Еңбек ұжымымен өзара қарым-қатынас

 46. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

47. Кәсіпорынның жұмыс уақыты ішкі еңбек тәртібі ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс. 

12 тарау. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

48. Кредитор талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта бөледі.

49. Кредитор талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

50.Таратылатын Кәсіпорынның кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған Кәсіпорын мүлкін сату нәтижесінде алынған ақшалай қаражатты қоса алғанда, облыстық бюджет кірісіне есепке жатқызылады.

13 тарау. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

       51. Кәсіпорын Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен енгізіледі.

 

Новости