back-image
“Шәкәрім атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> “Шәкәрім атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ

Мектеп жарғысы

«Қарағанды облысының

экономика басқармасы»

ММ басшысының

                                                                               2022 жылғы ________сәуірдегі

№ ____бұйрығына қосымша

 № ____

«Қарағанды облысының

экономика басқармасы»

ММ басшысының

                                                                                     2021 жылғы 8 қаңтардағы № 27 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды облысы білім басқармасының

Шет ауданы білім бөлімінің

«Шәкәрім атындағы жалпы білім беретін мектеп»

 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) осы жарғыда көрсетілген тиісті функцияларды жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3.аМемлекеттік мекеме Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы №01/01 «Қарағанды облысының білім бөлімдері мен ұйымдарын қайта атау туралы» қаулысымен құрылды.

4.аМемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

5. Қарағанды облысы білім басқармасының  «Шет ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме басқармасының органы болып табылады.

6. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік (қазақ) тілдегі атауы:

Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

        орысатілінде:

Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Шакарима»отдела образования Шетского района управления образования Карагандинской области.

7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 101706, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Красная Поляна ауылдық округі, Красная Поляна ауылы, Байқоңыр көшесі, ғимарат 25.

 

2 тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

 

8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.

9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

10. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе Қарағанды облысы білім басқармасының «Шет ауданының білім бөлімі» ММ тиісті бюджет қаражатымен субсидиярлық жауаптылықта болады.

11.Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық

бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

 

3 тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 

12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне сай оқыту және тәрбиелеу; баланың жеке басының жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау; білім алушылардың өз бетінше білім алуға және қосымша білім алуға қажеттілігін қанағаттандыру.

13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген азаматтардың белгіленген жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес тегін орта білім алу құқығын іске асыру;

2) жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету;

3) кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша оқушыларды даярлау.14. Мемлекеттік мекеме өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: бастауыш, негізгі және жалпы орта, қосымша білім беру. Мекеме мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (шағын-орталықтар, мектепалды сыныптар) саласында білім беру қызметтерін көрсетеді. Қызметтің барлық түрлері Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында көзделген рәсімдер орындалғаннан кейін көрсетіледі:

Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі міндеттері:

1) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4)абелсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқының және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен

дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел (ағылшын, неміс) және басқа да тілдерді меңгеру;

6)апедагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

7) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін функциялауға;

8)аоқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік, қашықтықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;

9) жалпы оқыту, жұмыс орны бойынша оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өз жеке басын  барынша пайдалануға көмектесетін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;

10) білім алушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;

11) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау;

  1. дамыта оқытудың жаңа мазмұнын, оны енгізу нысандары мен әдістерін іздеу, әзірлеу, эксперименттік оқу жоспарларын, бағдарламаларын және факультативтік курстарды байқаудан өткізу. Оқу процесін ұйымдастыру, басқару осы жарғыға сәйкес жүзеге асырылады;
  2. оқу-тәрбие қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген және жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламаларды игеруді іске асыратын оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеменің бағдарламалары мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің үлгілік бағдарламаларына сүйенеді;
  3. мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында белгіленген шекте оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін дербес таңдауда . Мемлекеттік мекеменің білім беру процесін жүзеге асыру үшін жылдық жұмыс оқу жоспарын және оқу сабақтарының кестесін әзірлейді және бекітеді;
  4. оқыту тілі мемлекеттік және орыс тілі болып табылады;
  5. оқу жұмыс жоспарының вариативті бөлігі:

- жеке таңдаумен, жеке даму бағдарламасымен, оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланумен;

- мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пәндерді дамытатын жаңа оқу бағдарламаларын енгізумен;

- тұлғаның жалпы мәдени дамуына ықпал ететін, дүниетаным мен гуманистік сананы қалыптастыратын, шындықты танудың әмбебап тәсілдерін меңгеруге, білім алушылардың ойлау қызметін дамытуға бағытталған пәндер мен курстарды енгізумен қамтамасыз етіледі;

  1. Мемлекеттік мекеме құрылымы:

- әкімшілік (директор және оның орынбасарлары);

- әдістемелік кеңес, педагогикалық кеңес, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес, қамқоршылық кеңес, жалпымектептік ата-аналар комитеті, сыныптық  ата-аналар комитеттері, пәндік әдістемелік бірлестіктер;

- сынып, топ – мемлекеттік мекеменің негізгі құрылымдық бірлігі;

  1. білім деңгейі:

- бастауыш білім беру (1 - 4 сыныптар) негізгі стратегиялық бағыт - кіші жастағы оқушының жеке қабілеттерін ашуға, оқытудың жағымды қызметтің негізгі салаларында бастапқы бағдарлауды және оқытудың оң уәждемесі негізінде шығармашылықтың бастапқы дағдыларын қалыптастыруға, балалардың психофизикалық, интеллектуалды және музыкалық дамуына жағдай жасауға мүмкіндік беретін дамытушылық оқыту. Оқу бағдарламасын меңгеру        мерзімі - 4 жыл;

- негізгі орта білім беру (5 - 9 сыныптар) білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған негізгі әмбебап білім беруді қамтамасыз етеді, неғұрлым күрделі танымдық процестерге көшу үшін арнайы дағдыларды қалыптастырады; жалпы дамыту курстарын және арнайы курстарды таңдауды қамтамасыз етеді, оқушылардың жеке оқыту жүйесін құруға мүмкіндік жасайды. Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу. Білім алушылардың кәсіптік бағдарарлануын қамтамасыз ету.

Негізгі орта білім жалпы орта білім алу үшін негіз болып табылады. Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.      Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 5 жыл;

- жалпы орта білім беру (10 - 11 сыныптар) білім алушының танымға деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды, оқытуды саралау негізінде өз бетінше оқу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыруды

қамтамасыз етеді. Міндетті пәндерге қосымша жеке тұлғаның қызығушылықтарын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін іске асыру мақсатында білім алушылардың өздері таңдаған пәндер, яғни гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша бейіндік оқыту енгізіледі. Жалпы орта білім Бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік (қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша) және жоғары кәсіптік білім алудың негізі болып табылады. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - 2 жыл;

19) Мемлекеттік мекеме оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттарын мемлекеттік мекеме ғимаратынан тыс (мәдениет мекемелері, спорт ғимараттары, әскери нысандар, зерттеу зертханалары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, қосымша білім беру ұйымдары және т.б.) өткізуге құқылы;

20) Тиісті контингенті көрсете отырып, сыныптар жиынтығы Қарағанды облысы білім басқармасының «Шет ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысымен келісіледі. Сыныптар жиынтығын қалыптастыруға мемлекеттік мекеме басшысы дербес жауапты болады. Сыныптардағы оқушылар саны осы білім беру ұйымына тікелей бөлінетін бюджет қаражаты ескеріле отырып, санитариялық нормалар сақталған жағдайда қолданыстағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес белгіленеді

21)  Сыныптар, тізімі мемлекеттік білім беру стандартында айқындалған пәндерді оқу кезінде кемінде 20 оқушы санымен 2 кіші топқа бөлінуі мүмкін. Таңдау бойынша факультативтік сабақтар мен курстар топтпрда кемінде 12 адам болған жағдайда өткізіледі.

22) Мемлекеттік мекемеде жекелеген пәндерді оқу кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған кезде кіші топтарға бөлуге жол беріледі. Сыныптарды бір сынып-жиынтыққа біріктіру кезінде әртүрлі жастағы білім алушылардың саны 10 адамнан аспауы тиіс. Сыныптардың толықтырылуына біріктірілген сыныптардағы , 3-10  және одан да көп адамға рұқсат етіледі. Үш немесе төрт сыныпты біріктірген кезде оқу сабақтарын ұйымдастырудың жылжымалы кестесі қолданылады. Бірінші сынып және бітіруші сыныптардың білім алушыларын бірлесіп оқытуға жол берілмейді;

23) мемлекеттік мекемеде толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық құрылуы мүмкін. Мектепке дейінгі шағын орталық заңды тұлға болып табылмайды, мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыту және олардың ата-аналарына баланы тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыруда консультативтік-әдістемелік қолдау көрсету үшін құрылған;

24) мемлекеттік мекеме денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыға сәйкес оқушылармен үйде сабақ өткізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің нұсқаулықтарына сәйкес аптасына оқу сағаттарының саны бөлінеді, кесте жасалады, бұйрықпен педагогтердің дербес құрамы анықталады, өткізілген сабақтар журналы жүргізіледі. Ата-аналар (заңды өкілдер) үйде сабақ өткізу үшін жағдай жасауға міндетті;

25) оқу сабақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басталады және аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы, оның ішінде оқу апталары мен демалыс саны білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілеріне сәйкес айқындалады;

  1. мемлекеттік мекемеде келесі жұмыс және сабақ тәртібі белгіленуі мүмкін: бірінші ауысымда сабақтың басталуы – сағат 8:00 (8:30 немесе 9:00), екінші ауысымда – сағат 13:30 (14:00). Сабақ кестесін мемлекеттік мекеменің директоры не оны алмастыратын адам бекітеді. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы мен реттілігі, сондай-ақ сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығы көрсетіледі. Мектептегі сабақ кестесінің мәселелері қолданыстағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен реттеледі. Сабақ кестесі уәкілетті органдар және (немесе) лауазымды адамдар белгілеген шектеу шараларына негізделген эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгеруі мүмкін.
  2. сабақтар арасындағы үзіліс кезінде мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ата-аналар мен жалпыға міндетті оқу қорының қаражаты есебінен мектеп асханасында жүзеге асырылатын білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастырады;
  3. оқу-тәрбие процессін жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау, оқушылардың аурушаңдығының профилактикасы, алдын-алу және азайту, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, емдеу, іс-шараларын жүргізу, медициналық қарап – тексеруден өту мақсатында мемлекеттік мекеме қамтамасыз етілетін білім алушыларға, оның ішінде мейірбеке мен бірге медициналық қызмет көрсетуге Денсаулық сақтау ұйымымен (емханамен) шарт жасасады, мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен педагогикалық персоналы білім алушылардың денсаулығы мен дене бітімінің дамуына жауапты болады;
  4. мемлекеттік мекемедегі тәртіп білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың адамдық қадір-қасиетін құрметтеу негізінде сақталады. Білім алушыларға қатысты күш көрсету және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді.
  5. мемлекеттік мекеменің директоры  ата-аналар комитетімен, қамқоршылық кеңесінің келісімі бойынша мектеп формасын білім беру ұйымында белгіленген стильде және оны кию тәртібінде бекітеді;
  6. міндетті мектеп формасына қойылатын талап Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актік құжаттарында анықталған жалпы талаптарға  сәйкес болуы керек.
  7. мекемеде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
  8. мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білім берудің бөлектілік қағидатын сақтайды. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді;
  9. мемлекеттік мекемеге қабылдау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде жүргізіледі. Балаларды қабылдауға арналған құжаттардың тізімі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларында және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандартында айқындалады. Сыныптан сыныпқа көшу үлгерім нәтижелері бойынша педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады;
  10. білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі;
  11. қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен түлектерге мемлекеттік мекеменің мөрімен расталған тиісті білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі;
  12. білім алушыларды он алты жасқадейін шығаруға құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны, мемлекеттік мекеменің  жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін Қарағанды облысы білім басқармасының «Шет ауданының білім бөлімі» ММ шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі.
  13. жалпы білім беру процесінің қатысушылары тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагогтар, тәрбиеленушілердің және білім алушылардың         ата-аналары (оларды алмастыратын адамдар) болып табылады;
  14. білім алушылар құқылы:

- тегін жалпы орта білім алуға;

- әр түрлі қызмет түрлеріндегі ерекше жетістіктері үшін көтермелеуге;

- медициналық қызмет көрсетуге;

- кітапхана қорын тегін пайдалануға;

- қосымша (ақылы) білім беру қызметтерін алуға;

- мекемені басқаруға қатысуға;

- адамның қадір-қасиетін құрметтеуге, ар-ождан, ақпарат бостандығына, өз пікірлері мен сенімдерін еркін білдіруге;

  1. мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білім берудің бөлектілік қағидасын сақтайды. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді;
  2. білім алушылар міндетті:

- мемлекеттік мекеменің жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін орындауға;

- адал оқуға және мемлекеттік мекеменің мүлкіне ұқыпты қарауға;

- мекеменің басқа білім алушылары мен қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

- мекеме бекіткен мектеп формасын киюге;

  1.  ата-аналардың және  өзге де заңды өкілдерінің:

- мемлекеттік мекеме ұсынатын мүмкіндіктер шеңберінде оқу нысанын таңдауға;

-  білім алушының жеке бейімділігі мен ерекшеліктері;

- қамқоршылық кеңес немесе ата-аналар комитеті арқылы мемлекеттік мекемені басқару органдарының жұмысына қатысуға;

- білім алушының үлгеріміне, мінез-құлқы және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

- білім алушыны оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша консультациялық көмек алу;

  1. ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер міндетті:

- білім алушының өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, зияткерлік және физикалық күштерінің дамуын, адамгершілік қалыптасуын қамтамасыз ету;

- білім алушының мектепалды дайындығын қамтамасыз ету;

- мемлекеттік мекеменің жарғысында белгіленген ережелерді қамтамасыз ету;

-білім алушының мемлекеттік мекемедегі сабақтарға қатысуын қамтамасыз ету;

- білім алушының ар-намысына құрметпен қарауда қамтамасыз ету;

- мемлекеттік мекемедегі белгіленген стиль мен оны кию тәртібіне сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;

- ішкі тәртіп ережелерінің орындалуының, сондай-ақ мекеменің мүлкіне ұқыпты қарауды қамтамасыз етеді;

- залал келтірілген жағдайда мемлекеттік мекеменің мүлкін толық қалпына келтіруді немесе өтеуге қамтамасыз етуге;

- сабақтан тыс уақытта, оның ішінде каникулдық уақытта білім алушының бос уақытын, жұмыспен қамтылуын және тәрбиесін ұйымдастыру үшін толық жауапты болу;

 44) мемлекеттік мекемені басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. Алқалы басқару нысаны – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кеңес болып табылады;

45) мемлекеттік мекемені тікелей басқаруды директор жүзеге асырады;

46) директор жауап береді:

- мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуына, білім алушылардың білім сапасына, өмірі мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру процесі кезінде білім алушылар мен мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарының сақталуына;

- лауазымдық нұсқаулықта белгіленген нормативтік актілерді, басқару органдарының бұйрықтарын, лауазымдық міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, оның ішінде берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін;

- білім алушының тұлғасына физикалық және (немесе) психикалық зорлық-зомбылықпен байланысты тәрбиелеу әдістерін қолданғаны, оның ішінді, бір рет қолданғаны, сондай-ақ өзге де өнегесіз теріс қылық жасағаны үшін директор еңбек заңнамасына сәйкес атқаратын лауазымынан босатылуы мүмкін;

- өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау қағидаларын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың санитариялық-гигиеналық қағидаларын бұзғаны үшін директор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады;

-  обьектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында ҚР «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті;

47) тиісті бейіндер бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдарға педагогикалық қызметпен айналысуға рұқсат етіледі. Келесі адамдар жұмысқа жіберілмейді:

- медициналық қарсы көрсетілімдері бар;

- психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрғандар. Жыл сайын жылына бір рет, оқу жылының басында педагог өзінің психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде тіркелмегендігін кез келген заңды түрде растайды;

- соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтың кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылғандар;

- Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылғандар;

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде;

48) жұмысқа қабылдау кезінде директор азаматтық қызметшінің тиісті бос лауазымдарына орналасуға қойылатын біліктілік талаптарын басшылыққа алуға міндетті. Тиісті білімі болмаса, педагогикалық қызметпен айналысуға жол берілмейді. Азаматтарды педагогикалық қызметке қабылдау тәртібін бұзғаны үшін директор дербес жауапты болады. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері тиісті лауазым немесе қызмет түрі үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді;

49) мемлекеттік мекемені басқарудың бір түрі – педагогикалық кеңес. Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының директоры (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог кіреді. Мемлекеттік білім беру мекемесінің педагогикалық кеңесінің отырысына ата-аналар комитетінің немесе қамқоршылық кеңесінің мүшелері шақырылады. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына арналған директордың бұйрығымен бекітіледі. Педагогикалық кеңес өз мүшелері арасынан бір жыл мерзімге хатшы сайлайды;

  1. педагогикалық кеңес қарайды:

- мемлекеттік мекемеде құқықтық актілерді орындау жөніндегі      іс-шараларды;

- оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстың жағдайын, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелерін, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді;

- оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мәселелерін;

- қорытынды аттестаттауды өткізу, білім алушыларды емтихандарға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтихандардан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайта осы курста қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мақтау қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіргені туралы аттестат, негізгі орта білімді бітіргені туралы аттестат, үздік аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру мәселелерін;

- оқу жүктемесін бөлу, алдын ала тарифтеу, аттестаттауға дайындау, марапаттау және педагогтерді көтермелеу мәселелері;

51) педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін, педагогикалық кеңестің отырысында қаралатын және мемлекеттік мекеменің директоры бекітетін жоспарға сәйкес жүргізіледі. Педагогикалық кеңес жылына кемінде бес рет жиналады;

15. Мемлекеттік мекеменің осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.

16. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның директорының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі: Қарағанды облысы білім басқармасының «Шет ауданының білім бөлімі» ММ, Қарағанды облысы әкімдігінің, прокурорының талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

 

4 тарау. Мемлекеттік мекемені басқару

 

17. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қарағанды облысы білім басқармасының «Шет ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

18. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;

2) мемлекеттік мекеменің жарғысын, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруды бекітеді.

«Қарағанды облысының білім басқармасы»мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;

2) «Қарағанды облысының экономика басқармасы» ММ келісімі бойынша мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

3) өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қарағанды облысы білім басқармасының «Шет ауданының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:

1)мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;

2) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

3) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртібін және өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

4)мемлекеттік мекеме директорының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны қызметінен босату негіздерін белгілейді;

5) мемлекеттік мекеменің штат санын, тарификациялық тізімдерін және өзге де            қаржы-шаруашылық құжаттамаларын келіседі;

6) мемлекеттік мекеменің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

7) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

8) мемлекеттік мекеме директорының ұсынуы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады ;

9) өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Мемлекеттік мекеменің директоры білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тағайындау қағидаларына сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының «Шет ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Мемлекеттік мекеменің директоры мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Қарағанды облысы білім басқармасының «Шет ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.

21.іМемлекеттік мекеменің директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

22.іМемлекеттік мекеме директорының мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруына бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.

23.іМемлекеттік мекеменің директоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

3) шарттар жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;

6)банк шоттарын ашады;

7)ібарлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8)іҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9)іҚазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

10) өз орынбасарларының және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және Қарағанды облысы білім басқармасының «Шет ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

5 тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру тәртібі

 

24. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құны оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың есебінен қалыптастырылады.:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де  көздері есебінен қалыптастырылады.

25. Мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

26. Мемлекеттік мекеменің қызметі Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылады.

27. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік ұсынады.

28. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизиялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

6 тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

 

29. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидалармен белгіленеді және Қазақстан республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.

 

7 тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

30. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу осы шешімді қабылдаған құрылтайшының немесе органның шешімі бойынша жүргізіледі және «заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.

 

8 тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

 

31. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру Қарағанды облысы әкімдігінің шешімі бойынша жүргізіледі.

32. Мемлекеттік мекеме заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша таратылады.

33. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру  және таратуды «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесімен  келісімі бойынша «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ жүзеге асырады.

34. Таратылған мемлекеттік мекеменің кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта бөледі.

35. Таратылған мемлекеттік мекеменің ақшасы, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақша тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

 

9 тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

 

36.Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

Қарағанды облысы білім

басқармасының

Шет ауданы білім бөлімінің

«Шәкәрім атындағы

 жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

директоры          ___________________________________А.М.Секербекова

(қолы)

Новости