back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің "М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөлімінің "М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектептің даму жоспары

 

 

 

«М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ

БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК

МЕКЕМЕСІНІҢ    2021 — 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ ЖОСПАРЫ

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ

2. МЕКТЕП ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

3. АҒЫМДАҒЫ МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ. SWOT–АНАЛИЗ

4. МЕКТЕПТІҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мектептің даму бағдарламасын болжау. Ішінара білім беру процесін жетілдіру

Материалдық-техникалық базаны ішінара дамыту

Бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған стратегиялық бағыттар,мақсаттар,міндеттер мен іс-шаралар

Бағдарламаны жүзеге асырудағы критерии мен нәтиже көрсеткіштері.            

Тәрбие жұмысын жүзеге асырудағы мақсаттар мен міндеттер

5. ДАМУ БАҒДАРЛАМА САЯСЫНДА МЕКТЕПТІҢ  МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫН НЫҒАЙТУ МЕН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА  ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ   ЕТУ

     Бағдарлама паспорты

Атауы

«М.Мәметова атындағы ЖББ мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2026 жылдарға арналған мектептің даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
 2. Қазақстан Республикасы  «Білім туралы заңы»;
 3.«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңы;
 4.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
 5.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017жылғы 12 сәуірдегі «Болашақа бағдар :рухани жаңғыру» атты мақаласы;
 6. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы    10   қаңтардағы «Төртінші өнер кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан  халқына Жолдауы
 7.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы         қоғамдық диалог–     8. Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Негізгі әзірлеуші

  Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кенті,  «М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен шығармашылық тобы

Мақсат

  Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға қолдау көрсету,сындарлы оқыту теориясы негізінде білім  сапасын арттыруға жағдай жасау. «Табысты  мектеп»  жолында идеяларды жүзеге асыру.

Міндеттері

 - мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру;

 - білім алу мүмкіндігіне жағдай туғызу;

 - білім алу үрдісін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;

 - оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

 - білім алушының зияткерлік, рухани - адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету;

 - материалдық - техникалық базаны нығайту;

 - педагогикалық білім беруді жаңғырту;

 - оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету

Күтілетін нәтижелер

 Мұғалім құзыреттілігін көтеру нәтижесінде мектепті  заманауи деңгейге жеткізу.

 Критериалды бағалау қолдану арқылы, білім көрсеткіштері жоғарылайды.

 Салауатты өмір салтын ұстанған функционалды сауатты, бойында отаншылдық, көшбасшылық қасиеттері қалыптасқан  ұрпақ тәрбиелеу.

     Мектеп мәдениеті: мұғалім – оқушы– ата-ана қарым-қатынасы жақсарады.

     Материалдық- техникалық ресурстармен мектеп базасы толықтырылады.

Іске асыру мерзімдері

 2021– 2026жж.

 (2021– 2022жыл)   Дайындық

 (2022– 2025жыл) Практикалық

 (2025 – 2026 жыл)  Нәтижелік

 

Кіріспе.

         Қазақстанда білім беруді және ғылымды  дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. 2015 жылы республика өзіне Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына, оның ішінде бәрін қамтитын және әділ сапалы білім беруді және баршаға арналған өмір бойы оқу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз етуді көздейтін 4-мақсатына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді қабылдады. Оған қол жеткізу үшін әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттары айқындалды:  мектепалды даярлықты қамтамасыз ету,  12 жылдық мектеп білімінің моделі,  оқушылардың бойында 21 ғасыр дағдыларын дамыту. Аталған бағыттар қазақстандық білім беру жүйесі үшін де басым болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың  2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.

          Республикамызда  мектептегі білім беру жаңартылған жүйе бойынша іске асып келеді. Мектепті дамыту жоспары, бірінші кезекте, мектепте қолданылатын іс-құжат. Ол өнімділіктің қазіргі деңгейінің талдауы, қазіргі үрдістер мен болашақ факторлар мектептерге  қаншалықты әсер ететіндігіне  мектептің берген бағасының негізінде жасалады және алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықтайды. Мектептің даму жоспарын жасауда сауалнама қорытындылары бойынша «ата-ана үні», «оқушы үні», «мектеп персоналдарының үнінен» анықталған басымдықтардың бәрін біріктіріп, түзету жолын қарастыратын  бір ортақ тақырып таңдау өте маңызды да, жауапты істердің бірі болды. Жетілдіруді қажет ететін сұрақтардың негізінде мектептің даму жоспарының басымдылығы ретінде «Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің өсуі — жеке тұлғаның шығармашылық дамуының негізі» деген басымдық алдық.  Себебі, мұғалімдер заманауи талапқа сай оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оқушыларды ынталандыру арқылы өздіктерінен оқу дағдыларын қалыптастырғанда мектепке ата-ананың көзқарасы да өзгеріп, мұғалім ата-ана, мұғалім  — оқушы араларында  коллаборативті орта қалыптастыру арқылы деген сеніммен. Мектептегі жаңа оқу жылында осы басымдылықтың шешімін табу төңірегінде жұмыстарды атқаруды көздейміз.

Даму жоспарын жасау барысында басымдылықтарды түзету мақсаттарын, табыс критерийін нақтыладық. Мектептің даму жоспарын құруда қарастырылған іс-шаралардың бағыттары: жоспарлау, іске асыру, өзгерістерді бағалау (эвалюациялау) болып отыр.

 

 

 

 

 

Бағдарламарың даму кезеңдері

 

Кезеңдері

Мерзімі

Дамудың  негізгі бағыттары

Жұмыстың мазмұны

 

І

 

2021–2022

жыл

Даму бағдарламасын құрастыру, білім беру және тәрбие бағдарламаларын дайындау, апробациялау, енгізу.

Оқу жоспарының,бағдарламаның орындалуын ұйымдастыру.

Мектеп мұғалімдерінің үздіксіз әдістемелік және

психологиялық оқыту жүйесінқұру;

Оқушыны психологиялық,педагогикалық тұрғыда диагностика арқылы зерделеу;

Талдау жасау,ақпарат банкін құру.

 

 

ІІ

2022–2023        

      жыл

2023-2024жыл

2024-2025жыл

Бағдарлама іс-шараларының орындалуын ұйымдастыру, орындалу барысын бақылау,серіктес  мектептермен  бірлескен жұмысты жандандыру,  жобаларды түзету,  жаңа сапалық мектептің білім   беру үдерісін ұйымдастыру, білім сапасын басқару.

Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік деңгейін, кәсіби біліктілігін,шеберлігін дамыту; Педагогикалық және инновациялық технологияларды меңгеру және енгізу.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізу.

 

 

ІІІ

 

2025–2026

жыл

Оқу, тәрбие және даму нәтижелерін талдау және эксперттік бағалау, нәтижелер туралы есеп беру.

Шығармашылықпен жұмыс істеген мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын шығару, іс - тәжірибелерін тарату;

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар жинағын  шығару.

 

 

Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

1.Білім беру ұйымының атауы: Шет ауданының білім бөлімінің «М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

2.Мектеп директоры: Махмудова Салтанат Имлисовна

3.Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 101712. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кенті, Баритова көшесі, 2 ғим.

4. Жалпы аумағы2) - 2341

4.Телефон/факс: 8 (71033) 27089

5.Электронды мекен-жайы:  manshuk7979@mail.ru

6.Заңды тұлға куәлігі: Мемлекеттік тіркеуден өтуі немесе қайта өтуі туралы куәлігі сәйкестендіру нөмірі 971140001758 Қарағанды облысының Әділет департаменті Шет ауданының Әділет басқармасы  2015 жылдын 03 маусымы. 2006 жылдың 28сәуірінен бастап, мектеп жанынан 25балаға арналған шағын балабақша орталығы ашылды. 

7. Аттестаттаудан өткен уақыты: 2013 ж.

8. Жобалық сыйымдылығы: 464оқушыға арналған.

9. Қазіргі оқушы саны: 233

10. Педагог қызметкерлер саны: 45

11. Жұмыс уақыты: 800 -1905

12. Оқыту тілі: аралас

 

Мектеп миссиясы:Біз көптілді меңгерген, үйлесімді, кез-келген мәселені шеше алатын, өмірге икемді, адамгершілік және жалпы құндылықтарға ие азамат даярлаймыз.

Мектепті дамытудың бір оқу жылына қойылған жалпы мақсаты:Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін білім берудегі көшбасшылық арқылы дамыту, оқушының әлеуетіне сай құндылықтар негізінде оқу мен оқытудың сапалы жүйесін құру

  Міндеттері:

  • Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту;
  • Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету;
  • Оқу әдістемелік,психологиялық жетелеуді жолға қою;
  • Сыныптағы және іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • Мұғалімдердің сыныпты басқару құзіреттілігін жетілдіру арқылы барлық пәндердің берілу сапасын арттыру мен мемлекеттік стандарттың  орындалуын қамтамасыз ету;
  • Педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуына жағдай жасау;
  • Желілік қоғамдастық арқылы озық іс-тәжірибе алмасу;
  • Мұғалімдердің сыныпты басқару құзіреттілігін жетілдіру арқылы барлық пәндердің берілу сапасын арттыру .
  • Мектеп рейтингін көтеру.

Жоспардан күтілетін нәтиже:

  1. Кәсіби жетілуүшін бірлескен әрекет болады.
  2. Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы артады,өз бетімен білім алудың жолдарын меңгереді,сапалы білімге қол жеткізіледі,функционалдық сауаттылықтары артады.;
  3. Қашықтық олимпиадаларға қарапайым ауыл мектебінің оқушысы еркін әрі толыққанды қатысып, тапсырмаларын орындап, жүлдегер атану мүмкіншілігіне ие болады
  4. Мектепте мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасалынады,үздіксіз білім жетілдірудің жүйесі қалыптасады;
  5. Ұжымның шығармашылық ахуалы артады;
  6. «Мектеп мәдениетін» қалыптастыру арқылы «Табысты мектеп» болудың алғы  шарттары іске асады;

 

 

Жоспардың нысаналы индикаторлары:

  1. Оқыту,оқу  жәнебағалау;
  2. Педагог кадрлар мен әдістемелікқызмет;
  3. Тәрбиежұмысы;
  4. Мектепкедейінгіұйымныңжұмысынжетілдіру;
  5. Басқару мен көшбасшылық;

 

 

І ТАРАУ:         ПЕДАГОГ    КАДРЛАР    МЕН    ӘДІСТЕМЕЛІК   ҚЫЗМЕТ

 

  • Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту;
  • Педагог қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуы;
  • Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастық  жұмысын  жандандыру;
  • Мұғалімдердің тілдік құзіреттіліктерін дамыту;
  • Әдістемелік жұмысты жетілдіру;

 

Іс-шара

Мақсаты

Жауапты

Ресурстар

Мерзімі

Нәтиже

1

Біліктілікті  арттыру курстарының перспективалық жоспарын жасау.

 

Кәсіби  деңгейді көтеру.

Директордың орынбасарлары, ӘБ жетекшілері

Әртүрлі  курстар

Жылсайын қыркүйек айында біліктілікті  арттыру бағытында курсқа қатысушылар тізімін нақтылау

Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың интеграцияланған жүйесі құрылды.

Мұғалімдер үнемі өз біліктіліктерін  арттырып отырады.

2

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы  пәндерді ағылшын тілінде оқытатын  мұғалімдерге арналған ағылшын тілі деңгейін жетілдіру

Үштілділік саясатын іске асыру. Мектепте үштілділік білім беру кеңестігі жүйесін дамыту

 

Директордың

орынбасарлары

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері,

CLIL –қадайындық бойынша  тренерлер, кітапханашылар, онлайн вебинарлар

Жылсайын қыркүйекте —

Қатысушылар тізімін бекіту.

 

Ағылшын тілінде сабақ беруді көптеген қазақстандық мұғалімдер жүргізеді

 

3

Жүйелі-әдістемелік кешенге арналған ресурстарды құру, әдістеме бірлестігінің жоспарлы жұмыстары.

Бірлестіктер жұмысын жандандыру. Әдістемелік жұмыстарды жетілдіру.

Әдістемелік кеңес

Директор орынбасарлары

ӘБ жетекшілері

ӘК хаттамалары,

Мұғалімдер, тәжірибе тарату бойынша бірлестік жетекшілер

Әр тоқсан сайын сабақ жоспарлары мен дидактикалықматериалдардықұру.

Пәндер бойынша әдістемелік ресурстық базаны кеңейту және жүйелендіру, сабақ сапасын арттыру.

4

TALIS Халықаралық зерттеуіне қатысу

 

Мұғалімдердің деңгейін анықтау

Педагогтер

Элективті курс бағдарламалары,

зерттеуле р бойынша  әдістемелік құралдар

 

Жоспармен

Оқу процесін ұйымдастыруда зерттеу нәтижелерін тиімді пайдалану.

5

Ақпараттық-әдістемелік орталықтың іс-шараларын  ұйымдастыру

«Оқуға құштар мектеп» жобасы «Бір отбасы – бір кітап» жобасы

Оқушыларды кітап оқуға баулу.

Кітапханашылар

Кітапханашылар

Жұмыс жоспарына сай жыл бойы

 

Кітапханашылар мен оқытушылар арасындағы тығыз ынтымақтастық арқылы оқушылардың білім алуына қолдау көрсету

6

«Жас ұстаздар мектебі» бағытындағы тәлімгерлік жұмыс

«Жас ұстаздар мектебінің» мұғалімдеріне көмек көрсету, тәлімгерлік жұмысты жетілдіру.

Әкімшілік

Тренерлер

Сабаққа қатысу, семинар коучингтер

Жоспар бойынша

Кәсіби деңгейі жетілген жас мамандар тәрбиелеу

7

«Көшбасшы» кәсіби қоғамдастығының жұмысын жандандыру,

СТО үйрету

Кәсіби қоғамдастық құрудың маңызы және оқу мен тәрбие жұмысында тиімділігі туралы түсінік беру; Бірлесе әрекет етуге жұмылдыру;

Директордың орынбасарлары, педагогтер

Семинарлар, Коучингтер

Жоспар бойынша

Мұғалімдер кәсіби қоғамдастықта басқа мектеп мұғалімдері мен тәжірибе алмасу тәсілдерін меңгереді

8

Оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру барысында  АКТ тиімді пайдалану

Әріптестер АКТ жайлы мағлұматалады

Педагогтар

Ақпараттық ресурстар

Жыл сайын

ІТ технологияларды ендіру

9

«Дарынды және таланты оқушылармен жұмыстың ерекшелігі»

Ғылыми зерттеу жұмыстарына дайындау, қатыстыру бойынша мұғалімдерге түсінік  беру,үйрету

Пән мұғалімдері

Түрлі деңгейдегі сайыстар

Жыл бойы

Оқушылардың дарындылығын арттыру, ғылымға қызығушылығын дамыту.

10

Мектепшілік байқаулар, оқулар өткізу

«Үздік сынып сағаты», «Үздік сабақ» т.б.

Мұғалімдердің іс — әрекеттерін зерделеу

әкімшілік

Байқаулар

Жыл сайын

Ұстаздардың жұмысы

қортындыланып, нәтижеге бағытталады

11

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Білім сапасын көтеруге жұмыстану.

Мұғалімдер

Әкімшілік

 

Қосымша сабақтар

Топ жұмысы

Жыл бойы

Үлгерім ітөмен оқушылар санын азайту

 

 

ІІ ТАРАУ:     ОҚЫТУ ОҚУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

 

  • Білім алушының зияткерлік, рухани – адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету;
  • 7-9 сыныптарда оқушылармен іс-әрекетте жұмысты қабілеттеріне қарай бейіні бойынша дамытуға бағыттау;
  • PISA, TIMSS-құзыреттіліктің жаһандық жүйесі білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру;
  • Терең ғылыми білімді қалыптастыру бағытында жалпы және арнайы қабілеттерін диагностикадан өткізу арқылы оқуға деген ынтасын арттыру;
  • Дарынды оқушыларды дамытуға жағдай жасау;
  • Оқушы контингентін көтеру, оқушыларды тұрақтандыру;

 

Іс-шара

Мақсаты

Жауапты

Ресурстар

Мерзімі

Нәтиже

1.       

Білім беру бағдарламаларын (вариативті) енгізу тиімділігін бақылау

Білім сапасын көтеру

Директор орынбасарлары

ӘБ жетекшілері,

 

Оқу бағдарламасы.

.

Жыл сайын,

оқу жылында 1 рет, жылдық талдау

Пәндер бойынша бағдарламалардың тиімділігін сараптау, бағдарламаларды жаңарту үшін ұсыныстарды дайындау.

2

Оқыту сапасын арттыру үшін оқу жетістіктерін, оқушыларды бақылау нәтижелерін сараптау

Кеткен кемшіліктерді анықтап келесі жылға мақсат айқындау.

Директор орынбасарлары

ӘБ жетекшілері

1-4, 5-9сынып оқушылары, мұғалімдер

Пән мұғалімдерінің талдамалық есептері, ӘБ отырыстарының хаттамалары.

Жарты жылда 1 рет әдістемелік бірлестік отырыстарында талқылау.

Оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою бойынша жеке жұмыс жоспарын құру және жеке даму траекториясын жасау.

3

Аудандық пәндер олимпиадасына оқушыларды жұмылдыру

Дарынды және талантты оқушылармен тиімді жұмыс жасау

Пән мұғалімдері

Отырыс хаттамалары

Жыл сайын

Облыстық және аудандық  олимпиадалардан  жүлдегер санын көтеру;

4

Халықаралық деңгейдегі қашықтықтан өтетін  пәндер олимпиадасына мектеп оқушыларын жұмылдыру

Дарынды және талантты оқушылармен тиімді жұмыс жасау

Оқу ісінің меңгерушісі

Пән мұғалімдері

Интернет ресурстар

Жыл сайын

Республикалық, облыстық  конференцияларға, байқауларға қатысқан оқушылардың үлесі

5

Ғылыми жұмыс

Мектеп оқушыларын аудандық, облыстық деңгейде өтетін ғылыми жобаларға қатысуларын қамтамасыз ету

Оқу ісінің меңгерушісі

Пән мұғалімдері

Интернет ресурстар

Жыл сайын

Жоба жүлдегерлерінің үлес салмағы көбейеді.

6

Оқушыларға дұрыс кәсіби бағдар беру

Оқушыларды мектепте қалдырып орта мектеп курсын бітіруге бағыттау

Оқу ісінің меңгерушісі

Пән мұғалімдері

 

Оқу жылының соңында

Жоғары сынып оқушыларының санын көтеру

7

Бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау бойынша қорытынды талдау

Шынайы бағалауды жүзеге асыру.

Әкімшілік

Пән мұғалімдерінің аналитикалық есептері, ӘБ отырыстарының хаттамалары.

БЖБ мен ТЖБ нәтижелерін талдау – тоқсанына 1 рет

Оқушылардың оқу нәтижелерін талдау құралдарын пайдаланып отырып, кәсіби қызметті жақсарту үшін мұғалімнің рефлексивті дағдыларын дамыту.

8

Сапалы қосымша білім алуға қол жеткізуді арттыру.

«Қосымша білім беру навигаторы» жобасын іске асыру

Әкімшілік

 

Жыл сайын

Оқушылардың қалауы бойынша таңдауға мүмкіндік беру.

 

 

ІІІ ТАРАУ:    ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ

 

  • Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету;
  • Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру;
  • Қоғамда және білім беру жүйесінде қалыптасатын құндылықтарды дарыту;
  • Мектептегі түрлі жобалар мен қоғамдастық жұмысын дамыту әріқарай жалғастыру;
  • Қазақстандық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру;

Іс-шара

Мақсаты

Жауапты

Ресурстар

Мерзімі

Нәтиже

1

«Ата-ананың мектептегі бір күні» жобасын жүзеге асыру

 

Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін нығайту, мектептің жұмысына ынтымақтасу

Директордың  ТІ жөніндегі орынбасары,

Педагог-ұйымдастырушы –сынып жетекшілер, ата-аналар

Әлеуметтік практикадан өту туралы деректер базасы;

Машықтан өткендігі туралы оқушылар есебі

 

Кестеге сай

Әр айдың соңғы сәрсенбісінде

Ата-аналар мен байланысты жақсы жолға қойылады.

2

«Шаңырақ» ата-аналар қоғамдастығының жұмысын жүзегеасыру

Мектеп ата-ана арасындағы тиімді байланыс.

Тәрбие бөлімі

Ата-аналар

Ашық әңгіме

Тренинг

Кездесулер

Коучингтер

Жыл бойы жұмыстану

Ата-ананың мектеп өміріне араластырып, жауапкершіліктерін, белсенділіктерін   дамыту.

3

Мектепішілік атқарылып келген түрлі жобаларды жалғастыру әрі қарай дамыту:

 

Озық ойлы оқушыларды тәрбиелеу.

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары

Педагог-ұйымдастырушы –сынып жетекшілер,

Балабақша тәрбиешілері

Жыл бойы жұмыстану

Адамгершілігі мол тұлға тәрбиелеу

4

«Жасқыран», «Жасұлан» ұйымдарының

Жұмысын

жетілдіру

Оқушыларды өзін-өзі басқаруға баулу.

Тәрбие бөлімі

Түрлі іс-шаралар

Жыл бойы

 

5

Жетекші мектеп қоғамдастығының жұмысын

жүзеге асыру

Серіктес  мектептер мен тиімді қарым-қатынас жасау.

Директор

Директор орынбасарлары

Тренерлер

Коучинг

семинарлар

Кестеге сай

Кәсіби шыңдалған мұғалімдер тәрбиелеу.

ІVТАРАУ:    МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ЖҰМЫСЫ

 

  • Мектепке дейінгі ұйымның жұмысын жетілдіріп жақсы жолға қою;
  • Тәрбиешілердің сапалық құрамын арттыру;
  • Тәрбиешілердің кәсіби деңгейін көтеруге жұмыстану;
  • Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас тынығайту;

 

Іс-шара

Мақсаты

Жауапты

Ресурстар

Мерзімі

Нәтиже

1

3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке тарту

Жас  бүлдіршіндердімектепке дайындау, даму дағдыларын қалыптастыру

Әдіскер

тәбиешілер

Сұхбат

сабақтар

Үнемі

Жас ерекшелігіне сай дамыған тұлға тәрбиелеу

2

Мектепалды даярлық сыныбының жұмыс жоспарын үнемі жетілдіріп отыру, бастауыш сынып мұғалімдерімен тығыз байланыс орнату.

Сабақтастықты жолға қою.

Сабақ сапасын жақсарту.

Жазу оқу білмейтін балалар санын азайту.

Әдіскер

МАДС жетекшісі

Сабақтар кездесулер

Үнемі

Мектепке дайын бала тәрбиелеу

3

Тәрбиешілердің сапалық құрамын арттыру, перспективалық жоспарларын жасап үнемі назарда ұстау.

Кәсіби деңгейлерін көтеру. Біліктілік санаттарын көтеру.

Әкімшілік

Жоспарлар

Ашық сабақтар

Үнемі

Бірлескен жұмыс, нәтижеге бағытталған.

4

Ата-аналар мен жұмысты жолға қою, бүлдіршіндерді қызықтыратын, ойыншықтар,сабақтар, іс-әрекеттерді үнемі жетілдіру

Балабақшағабүлдіршіндерді

көптеп тарту.

Үйде ата-әжесінің қасында отырған балаларды тарту.

Әдіскер

тәбиешілер

Кездесулер

сабақтар

Үнемі

Жас ерекшелігіне сай дамыған тұлға тәрбиелеу

5

Тәрбиешілерді сайыстарға қатыстыру, мектепішілік сайыстар ұйымдастыру. Бүлдіршіндерді сайыстарға, оқуларға қатыстыру.

Сапалы білімге қол жеткізу. Бүлдіршіндерді балабақша өміріне қызықтыру.

Әкімщілік

Әдіскер

Тәрбиешілер

Сайыстар

Интернет сайыстар

Оқулар

Үнемі

Нәтижелі жұмыс.

       Ү ТАРАУ:  БАСҚАРУ МЕН КӨШБАСШЫЛЫҚ   

  • Мектептің қызметін ұйымдастыру құжаттарын қайта қарау және жаңарту процедурасы қызмет етеді
  • Мектептің Қамқоршылық кеңесі қызмет етеді.
  • Басқа Кеңестер, әдістемелік кеңес, пед кеңес т.б. қызмет етеді.
  • Ұжым мүшелерінің басқару және көшбасшылық дағдыларын дамыту

 

Іс-шара

Мақсаты

Жауапты

Ресурстар

Мерзімі

Нәтиже

1

«Оқыту мен оқудағы өзгеріс не үшін қажет?»

Ұжымға өзгерісе нгізу қажеттілігін түсіндіру және ортақ мақсатқа жұмылдыру.

Директор

Түрлі жоспарлар семинар коучингтер

Үнемі

Бірлескен жұмыс, нәтиже.

2

Мектепті жақсарту бойынша өзін – өзі басқару ұйымының акциялары

Оқушы белсенділігін арттыру

Директор орынбасарлары,

Мұғалімдер оқушылар

Шара материалдары

Жаңа бастамалар тұжырымдамасы

Оқу жылы бойы әр ай сайын

Оқушылар мектепте жақсартуды қажет ететін салаларды жақсарту бойынша  әртүрлі бастаманы жүзеге асырады.

3

Мектепте:

— Педагогикалық кеңес

—  Әдістемелік кеңес

— Қамқоршылық кеңесі

—  Ата-аналар комитеті

— Мектептің аттестация  комиссиясы қызмет етеді.

Топтардың жұмыстарын ұйымдастыру

Директор,

директор орынбасарлары

Басқару ұйымдарының мүшелері

 

Жоспарлар

Жобалар

Тұжырымдамалар

Жыл сайын кесте бойынша

 

Мектептің басым бағыттарын анықтау және дамыту.

Мектеп жергілікті қауымдасты қүшін ашық, басқарудағы ашықтық қамтамасыз етіледі. Жұмыс жоспарлары, шешімдері бар отырыс хаттамалары.

Жасалған жұмыстың есептері.

4

Директорлар кеңесінің отырыстары бойынша хаттамалық шешімдерді орындау

Кемшіліктерді жою,

Әкімшілік

Қойылған сұрақтар және қажеттілік бойынша әртүрлі ұсыныстар

Қажет болса

Орындалған хаттамалық шешімдер

 

5

ДЖ орындалуын бақылау және мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер енгізу

 

Жүйелі жұмыс жүргізу.

Әкімшілік

ӘБ жетекшілері,

жоба көшбасшылары

Құрылымдық бөлімшелердің есептері, жұмысты талдау.

.

Жыл  бойына иллюстрация

лық диаграммалар мен сызбалық маркерлер арқылы орындау.

Сәйкестік және уақытында орындау үшін түзету.

 

6

Мектепішілік бақылауды жүзеге асыру

Жүйелі жұмыс жүргізу.

Ұжым

Сабаққа қатысу, түрлі анықтамалар.

Жыл бойы

Сапаға жұмыс жасау.

7

Жаңа ДЖ дайындау

Кемшіліктерді ескеріп жаңа жоспар жасау

Әкімшілік

Сараптамалық талдаулар, есептер

Сәуір, 2023 .

Жаңа ДЖ жобасы

8

Мектептің қызметі туралы жылдық есеп әзірлеу

Жылдық жұмыс қорытындысы

Әкімшілік

Жауапты орындаушылар

 

Сараптамалық талдаулар

 

желтоқсан – қаңтар

жыл сайын

Мектептің қызметі туралы жылдық есеп әзірлеу

 

Новости