1-тарау. Жалпы ережелер
- «Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің
Жақып Ақбай атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) функцияларды орындау үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық түрінде құрылған, заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
- Мемлекеттік мекемесі түрі: коммуналдық.
- Мемлекеттік мекеме облыстың жергілікті атқарушы органының
шешімімен құрылды.
- Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Қарағанды облысының әкімдігі.
- Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік
мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган: «Қарағанды облысының білім басқармасы Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
- Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік (қазақ) тілдегі атауы:
«Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің
Жақып Ақбай атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде:
Коммунальное государсвенное учреждение «Основная средняя школа имени Жакып Акбая отдела образования Актогайского района управления образования Карагандинской области».
- Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индекс 100200,Қарағанды
облысы,Ақтоғай ауданы,Қараменде би ауылдық округі,Ақтас ауылы,Еңбек көшесі құрылыс №3.
2 тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
- Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері,мөрлері болады.
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды
қоспағанда,мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
- Мемлекеттік мекеме өз мiндеттемелерi бойынша өзiнің билігіндегі
ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
- Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олар Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін осы тарауда және өзге де құқықтық актілерде көрсетілген барлық туындайтын функциялары бар мемлекеттік мекеменің басқару органы жүзеге асыра алады.
3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
- Мемлекеттік мекеме қызметінің пәні: жеке адамның, қоғамның,
мемлекеттің мүдделеріне сай оқыту және тәрбиелеу; баланың жеке басының жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау; білім алушылардың өз бетінше білім алуға және қосымша білім алуға қажеттілігін қанағаттандыру.
- Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:
- Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген
азаматтардың белгіленген жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес тегін орта білім алу құқығын жүзеге асыру;
- жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету;
- терең және кеңейтілген білім беру бағдарламаларын саналы түрде
таңдауға және игеруге дайын қоғамдағы өмірге бейімделген, мәдениет деңгейі жоғары интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру.
14.Мемлекеттік мекеме өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: бастауыш, негізгі және жалпы орта, қосымша білім беру. Мекеме мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (шағын орталықтар,мектеп алды сыныптар) саласында білім беру қызметтерін көрсетеді. Қызметтің барлық түрлері Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында көзделген рәсімдер орындалғаннан кейін көрсетіледі.
мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі міндеттері:
- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
- жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
- азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
- белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу,
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
- отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен
республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел (ағылшын,неміс) және басқа да тілдерді меңгеру;
- педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз
ету;
- қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру
сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
- оқытудың жаңа технологияларын,оның ішінде кредиттік,қашықтықтан,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
- жалпы оқыту,жұмыс орны бойынша оқыту және еңбек нарығының
қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білім мен құзыреттілікке негізделген қоғамда өзінің жеке әлеуетін барынша пайдалануға көмектесетін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;
- білім алушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың білім алуы үшін
арнайы жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы жарғыға сәйкес келесі ақылы білім беру қызметін көрсету:
- қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту;
- пәндердің арнайы курстары мен циклдерін қосымша оқыту бойынша;
- жеке білім алушылармен жеке тәртіппен оқу жоспарына сәйкес сағат
санынан артық пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізу;
- оқушылармен пәндерді қосымша тереңдетіп оқыту бойынша (мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттардың тиісті білім беру бағдарламалары шеңберінен тыс);
- тегін білім беру қызметтерінің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін өзге
де білім беру қызметтері;
негізгі қызметтің орнына ақылы қызметтер көрсетілмейді. Мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтерінің бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады;
дамыта оқытудың жаңа мазмұнын, оны енгізу нысандары мен әдістерін іздеу, әзірлеу,экспериментттік оқу жоспарларын, бағдарламаларын және факультативтік курстарды тексеру. Оқу процесін ұйымдастыру, басқару осы жарғыға сәйкес жүзеге асырылады;
оқу-тәрбие қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген және жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламаларды игеруді іске асыратын оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеменің бағдарламалары мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің үлгілік бағдарламаларына негізделген;
мемлекеттік мекемеҚазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында
белгіленген шекте оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін таңдауда дербес болады.Мемлекеттік мекеменің білім берупроцесін жүзеге асыру үшін жылдық жұмыс оқу жоспарын және оқу сабақтарының кестесін әзірлейді және бекітеді;
оқу пәндерін тереңдетіп оқыту үшін факультативтерге және әр сыныпқа 4 сағат есебінен оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға қаражат бөлінуі мүмкін;
оқыту тілі: қазақ тілі болып табылады.
оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлігі:
- жеке таңдаумен, жеке даму бағдарламасымен, оқытудың инновациялық
технологияларын пайдаланумен;
- мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім
беру бағдарламаларын іске асыру үшін пәндерді дамытатын жаңа оқу бағдарламаларын енгізумен;
- тұлғаның жалпы мәдени дамуына ықпал ететін, дүниетаным мен
гуманистік сананы қалыптастыратын , шындықты танудыңәмбебап тәсілдерін игеруге, оқушылардың ақыл-ой белсенділігін дамытуға бағытталған жеке пәндер мен курстарды енгізумен қамтамасыз етіледі;
мемлекеттік мекеме құрылымы:
- әкімшілік (директор және оның орынбасарлары);
- әдістемелік кеңес, педагогикалық кеңес, педагогикалық әдеп жөніндегі
кеңес, қамқоршылық кеңес, жалпымектептік ата-аналар комитеті, сыныптық ата-аналар комитеттері, пәндік әдістемелік бірлестіктер;
- сынып,топ - мемлекеттік мекеменің негізгі құрылымдық бірлігі;
білім деңгейі:
- бастауыш білім беру (1-4 сыныптар), негізгі стратегиялық бағыт - кіші
жастағы оқушының жеке қабілеттерін ашуға, оқытудың жағымды мотивациясы негізінде қызметтің негізгі салаларында бастапқы бағдарлауды және шығармашылықтың бастапқы дағдыларын қалыптастыруға, балалардың психофизикалық, интеллектуалды және музыкалық дамуына жағдай жасауға мүмкіндік беретін дамытушылық оқыту. Оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 4 жыл;
- негізгі орта білім беру (5 - 9 сыныптар) білім мазмұнын жаңартуға
бағытталған негізгі әмбебап білім беруді қамтамасыз етеді, неғұрлым күрделі танымдық процестерге көшу үшін арнайы дағдыларды қалыптастырады; жалпы дамыту курстарын және арнайы курстарды таңдауды қамтамасыз етеді, оқушылардың жеке оқыту жүйесін құруға мүмкіндік жасайды. Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Негізгі орта білім орта жалпы орта білім алу үшін негіз болып табылады. Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім деңгейінде аяқталады.
негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 5 жыл;
«Көркем еңбек» пәнін оқыту, сондай-ақ вариативтік компонент сағаттары Мектепаралық оқу-өндірістік комбинат базасында (ол болған жағдайда) жүзеге асырылуы мүмкін. Қосымша білім беруді дамыту шеңберінде Қарағанды облысы білім басқармасының «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығына сәйкес мектептің жұмыс оқу жоспарының вариативтік бөлігінің сағаттары қосымша білім беру ұйымындарына берілуі мүмкін.
сағаттар мен сыныптарды беру, сондай-ақ үйірмелерді оқытуға байланысты барлық мәселелерді реттеу Қарағанды облысы білім басқармасының «Ақтоғай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеме оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттарын мемлекеттік мекеме ғимаратынан тыс (мәдениет мекемелері,спорт ғимараттары,әскери нысандар,зерттеу зертханалары,өнеркәсіптік кәсіпорындар,қосымша білім беру ұйымдары және т.б.) өткізуге құқылы;
тиісті контингентті көрсететін сыныптар жиынтығы Қарағанды облысы білім басқармасының «Ақтоғай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысымен келісіледі. Сыныптар жиынтығын қалыптастыруға мемлекеттік мекеме басшысы дербес жауапты болады. Сыныптардағы оқушылар саны осы білім беру ұйымына тікелей бөлінетін бюджет қаражаты ескеріле отырып, санитариялық нормалар сақталған жағдайда қолданыстағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес белгіленеді;
сыныптар, тізімі мемлекеттік білім беру стандартында айқындалған пәндерді оқу кезінде кемінде 20 оқушы санымен , 2 кіші топқа бөлінуі мүмкін. Егер оқу жылы ішінде оқушылар саны 20 оқушыдан кем болса,онда сыныпты 2 кіші топқа бөлу осы оқу жылының келесі тоқсанынан бастап тоқтатылады. Жарғының осы тармағы бюджеттің мүмкіндіктерін ескереді.
егер мемлекеттік мекеме мәртебесі бойынша шағын жинақталған мектепке жататын болса,онда оқу-тәрбие процесі білім алушылардың аралас сыныптарда әртүрлі жастағы оқуын ескере отырып қамтамасыз етіледі;
шағын жинақталған мектептерде жекелеген пәндерді оқу кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған кезде кіші топтарға бөлуге жол беріледі. Сыныптарды бір сынып-жиынтыққа біріктіру кезінде әртүрлі жастағы білім алушылардың саны 10 адамнан аспауы тиіс.Шағын жинақталған мектептердегі сыныптардың толымдығы 3-10 адам және одан жоғары.Үш немесе төрт сыныпты біріктірген кезде оқу сабақтарын ұйымдастырудың жылжымалы кестесі қолданылады.Бірінші сынып және бітіруші сыныптардың білім алушыларын бірлесіп оқуға жол берілмейді.
мемлекеттік мекеме толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық құрылуы мүмкін. Мектепке дейінгі шағын орталық заңды тұлға болып табылмайды, мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыту және олардың ата-аналарына баланы тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыруда консультативтік-әдістемелік қолдау көрсету үшін құрылған.
шағын-орталыққа қабылдау мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарын қабылдау және балаларды қабылдау қағидалары негізінде жүргізіледі.Балаларды қабылдау үшін құжаттар тізімі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау қағидаларымен және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандартымен айқындалады;
мемлекеттік мекеме денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыға сәйкес оқушылармен үйде сабақ өткізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулықтарына сәйкес аптасына оқу сағаттарының саны бөлінеді, кесте жасалады, бұйрықпен педагогтердің жеке құрамы анықталады,өткізілген сабақтар журналы жүргізіледі. Ата-аналар (заңды өкілдер) үйде сабақ өткізу үшін жағдай жасауға міндетті;
оқу сабақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басталады және аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы, оның ішінде оқу апталары мен демалыс саны білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілеріне сәйкес айқындалады.
мемлекеттік мекемеде келесі жұмыс және сабақ тәртібі белгіленуі мүмкін: бірінші ауысымда сабақтың басталуы – 8:00 (8:30 немесе 9:00), екінші ауысымда – сағат 13:30 (14: 00). Сабақ кестесін мемлекеттік мекеменің директоры не оны алмастыратын адам бекітеді. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы мен реттілігі, сондай-ақ сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығы көрсетіледі. Мектептегі сабақ кестесінің мәселелері қолданыстағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен реттеледі. Сабақ кестесі уәкілетті органдар және (немесе) лауазымды адамдар белгілеген шектеу шараларына негізделген эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгеруі мүмкін.
Сабақтар арасындағы үзіліс кезінде мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ата-аналар мен жалпыға міндетті оқу қорының қаражаты есебінен мектеп асханасында жүзеге асырылатын білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастырады;
мемлекеттік мекемедегі тәртіп білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың адамдық қадір-қасиетін құрметтеу негізінде сақталады. Білім алушыларға қатысты күш көрсету және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді.Оқушыларға дәрігерге дейінгі медициналық қызмет көрсетуді мейірбике қамтамасыз етеді,ол әкімшілікпен және педагогикалық персоналмен қатар білім алушылардың денсаулығы мен физикалық дамуына,емдеу іс-шараларын жүргізуге және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға жауапты болады.Дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуді жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау органдары (емхана) жүзеге асырады.Оқушылар кесте бойынша медициналық тексеруден өтеді;
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес мектеп формасы міндетті. Оны кию тәртібі мен стилі ата-аналар комитетімен немесе қамқоршылық кеңесінің келісімі бойынша мемлекеттік мекеменің директорының бұйрығымен бекітіледі;
мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келуі керек.Бас киімдер мен түрлі конфессиялардың діни тиесілілігінің атрибуттарын қоса алғанда,киім элементтерін мектеп формасына қосуға жол берілмейді;
міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығында белгіленген жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс;
мекемеде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың жұмысына жол берілмейді. Мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білімнің бөліну принципін сақтауға міндетті. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді.
инклюзивті білім берудің мақсаттарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік мекеме ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға білім алу, дамудың бұзылуын түзету және білім берудің барлық деңгейлерінде әлеуметтік бейімделу үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемеде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды ата-аналарының (заңды өкілдерінің) мүдделерін ескере отырып, жалпы сыныпта (екі баладан аспайтын) үлгілік оқу бағдарламасы,оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша және (немесе) арнайы сыныптарда арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша дамудағы бұзушылықтардың түрлері бойынша оқыту көзделген.Жалпы және (немесе) арнайы сыныптарда оқитын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагогтар (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, логопед) түзету сабақтарын өткізеді. Мемлекеттік мекемеде логопедтік пункт өз жұмысын тұрақты негізде жүзеге асыра алады. Логопедтік пункт ашу Қарағанды облысы білім басқармасының «Ақтоғай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен ресімделеді;
мемлекеттік мекемеге қабылдау бастауыш, негізгі орта,жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде жүргізіледі. Балаларды қабылдауға арналған құжаттардың тізімі бастауыш, негізгі орта,жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларында және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандартында айқындалады. Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері мұғалімді таңдауға құқылы емес. Сыныптан сыныпқа көшу үлгерімі нәтижелері педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады;
білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау бастауыш, негізгі орта,жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратынбілім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі;
қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен түлектерге мемлекеттік мекеменің мөрімен расталған тиісті білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі;
кәмелетке толмаған білім алушыларды шығаруға құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады. Кәмелетке толған білім алушыларды мемлекеттік мекемеден шығаруға педагогикалық кеңестің шешімі бойынша құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын, сондай-ақ үлгерімі үшін жол беріледі;
тәрбиеленушілерді шағын-орталық топтарынан шығару ай сайынғы төлем уақытылы төленбеген,дәлелді себептерсіз бір айдан артық өткізіп алған жағдайларда,медициналық қарсы көрсетілімдер болған кезде жүргізіледі;
білім алушыларға дәрігерге дейінгі медициналық қызмет көрсетуді мейірбике қамтамасыз етеді, ол әкімшілікпен және педагогикалық персоналмен қатар білім алушылардың денсаулығы мен физикалық дамуына, емдеу іс-шараларын жүргізуге және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға жауапты болады. Дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуді жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау органдары (емхана) жүзеге асырады. Оқушылар кесте бойынша медициналық тексеруден өтеді.
жалпы білім беру процесінің қатысушылары тәрбиеленушілер, білім алушылар,педагогтар, тәрбиеленушілердің және білім алушылардың ата-аналары (оларды алмастыратын адамдар) болып табылады.
оқушылар құқылы:
- тегін жалпы орта білім алуға;
- әр түрлі қызмет түрлеріндегі ерекше жетістіктері үшін көтермелеуге;
- медициналық қызмет көрсетуге;
- кітапхана қорын тегін пайдалануға;
- қосымша (ақылы) білім беру қызметтерін алуға;
- мекемені басқаруға қатысуға;
- адамның қадір-қасиетін құрметтеуге,ар-ождан,ақпарат бостандығына,өз
пікірлері мен сенімдерін еркін білдіруге;
мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білімінің бөліну принципін ұстанады.Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді.
қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен түлектерге мемлекеттік мекеменің мөрімен расталған тиісті білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі;
білім алушылар міндетті:
- мемлекеттік мекеменің жарғысынмен ішкі тәртіп ережелерін орындауға;
- адал оқуға және мемлекеттік мекеменің мүлкіне ұқыпты қарауға,
білім алушы мектеп мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, ата-анасымен бірге оны қалпына келтіруге және құнын өтеуге;
- мекеменің басқа білім алушылары мен қызметкерлерінің ар-намысы мен
қадір-қасиетін құрметтеуге;
- мекеме бекіткен мектеп формасын киюге;
кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:
- баланың қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып,
мекеме ұсынатын мүмкіндіктер шеңберінде оқу нысанын таңдауға;
- қамқоршылық кеңес немесе ата-аналар комитеті арқылы мемлекеттік
мекемені басқару органдарының жұмысына қатысуға;
- өз балаларының үлгерімі, мінез-құлқы және оқу жағдайлары туралы
ақпарат алуға;
- өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша консультациялық
көмек алуға құқығы бар;
ата-аналар және басқа заңды өкілдер:
- балалардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қаіпсіз жағдайлар
жасауға,олардың интеллектуалдық және физикалық күштерінің дамуын, адамгершілік қалыптасуын қамтамасыз етуге;
- балаларды жалпы білім беретін мектепке одан әрі айқындай отырып,
мектепалды даярлықпен қамтамасыз етуге;
- мемлекеттік мекеменің жарғысында белгіленген ережелерді орындауға;
- балалардың мемлекеттік мекемедегі сабақтарға қатысуын қамтамасыз
етуге;
- мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін
құрметтеуге;
- білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп
формасына қойылатын талаптарды орындауға;
- мемлекеттік мекемеде белгіленген киім нысанын сақтауға ;
ата-аналар (оларды алмастыратын адамдар) мекеменің жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін орындауға және өз балаларын тәрбиелеу мен оқытуға, сондай-ақ мемлекеттік меншікке ұқыпты қарауға жауапты болуға міндетті.
мемлекеттік мекемені басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. Алқалы басқарудың нысаны - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кеңес болып табылады;
мемлекеттік мекемені тікелей басқаруды директор жүзеге асырады;
директор жауап береді:
- лауазымдық нұсқаулықта белгіленген нормативтік актілерді,басқару
органдарының бұйрықтарын, лауазымдық міндеттерін дәлелді себептерсіз
орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны , оның ішінде берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін;
- нормативтік актілерді,облыстық және қалалық/аудандық маңызы бар білім
беру органдарының бұйрықтарын, лауазымдық нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны , оның ішінде берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін;
- білім алушының жеке басына қарсы физикалық және (немесе) психикалық
зорлық-зомбылыққа байланысты тәрбиелеудің бір реттік әдістерін қолданғаны, сондай-ақ өзге де азғындық әрекеттерді жасағаны үшін директор еңбек заңнамасына сәйкес қызметінен босатылуы мүмкін.
- өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау қағидаларын, оқу-тәрбие процесін
ұйымдастырудыңсанитариялық-гигиеналық қағидаларын бұзғаны үшін директор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады;
тиісті бейіндер бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамидарға педагогикалық қызметпен айналысуға рұқсат етіледі. Келесі адамдар жұмысқа жіберілмейді:
- медициналық қарсы көрсетілімдері бар;
- психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте
тұрғандар.Жыл сайын жылына бір рет, оқу жылының басында педагог өзінің психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде тіркелмегендігін кез-келген заңды түрде растайды;
- соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтың кәсіптік қызметін
жүзеге асыру құқығынан айырылғандар;
- Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әрекетке
қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылғандар:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер
негізінде;
жұмысқа қабылдау кезінде директор азаматтық қызметшінің тиісті бос лауазхымдарына орналасуға қойылатын біліктілік талаптарын басшылыққа алуға міндетті. Тиісті білімі болмаса,педагогикалық қызметпен айналысуға жол берілмейді. Азаматтарды педагогикалық қызметке қабылдау тәртібін бұзғаны үшін директор дербес жауапты болады. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері тиісті лауазым немесе қызмет түрі үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді;
мемлекеттік мекемені басқару формаларының бірі - педагогикалық кеңес. Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының директоры (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог кіреді. Мемлекетік білім беру мекемесінің педагогикалық кеңесінің отырысына ата-аналар комитетінің немесе қамқоршылық кеңесінің мүшелері шақырылады. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына арналған директордың бұйрығымен бекітіледі. Педагогикалық кеңес өз мүшелері арасынан бір жыл мерзімге хатшы сайлайды;
педагогикалық кеңес:
- мемлекеттік мекемеде құқықтық актілерді орындау жөніндегі
іс-шараларды;
- оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстың жағдайын, оқытудың барлық
нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелерін, оқытудың жаңа технологияларын енгізуді;
- оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мәселелерін;
- қорытынды аттестаттауды өткізу, білім алушыларды емтихандарға
жіберу, ұсынылғанқұжаттар негізінде білім алушыларды емтихандардан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайта осы курста қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мақтау қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіргені туралы аттестат беру, негізгі орта білімді бітіргені туралы аттестат,үздік аттестат,жалпы орта білім туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру мәселелерін;
- оқу жүктемесін бөлу, алдын-ала тарифтеу, аттестаттауға дайындау,
марапаттау және педагогтерды көтермелеу мәселелерін қарастырады;
педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін,педагогикалық кеңестің отырысында қаралатын және мемлекеттік мекеменің директоры бекіттетін жоспарға сәйкес жүргізіледі. Педагогикалық кеңес жылына кем дегенде бес рет жиналады;
мемлекеттік мекеменің осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ;
мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның директорының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі: құрылтайшының, тиісті саланың уәкілетті органының, сондай-ақ оған қатысты осы Жарғыда көрсетілген мүлікке қатысты құқық субьектісінің, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыратын органның, талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
- Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қарағанды облысы білім
басқармасының «Ақтоғай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
- Қарағанды облысының облысының әкімдігі мемлекеттік мекемені қайта
ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.
«Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
- мемлекеттік мекеменің жарғысын,оған енгізілген өзгерістер мен
толықтыруды бекітеді;
Қарағанды облысы білім басқармасының «Ақтоғай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:
- мемлекеттік мекеменің директорын тағайындайды;
- мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
- мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
- мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру
тәртібін мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
- мемлекеттік мекеме директорының құқықтарын, міндеттерін және
жауапкершілігін, оны қызметінен босату негіздерін анықтайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің
штат санын, тарификациялық тізімдерін және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамаларын келіседі;
- мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге
берілген немесе өзінің шаруашылық қызметініңнәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;
- мемлекеттік мекеменің құрылтайшысына мемлекеттік мекемені қайта
ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
- өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де
заңнамасымен оған жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Мемлекеттік мекеменің директоры білім беру саласындағы уәкілетті
орган бекіткен тағайындау ережесіне сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының «Ақтоғай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- Мемлекеттік мекеменің директоры мемлекеттік мекеменің жұмысын
ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Қарағанды облысы білім басқармасының «Ақтоғай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
- Мемлекеттік мекеменің директоры дара басшылық қағидаты бойынша
әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
- Мемлекеттік мекеме директорының мемлекеттік мекеменің жарғылық
емес қызметті жүзеге асыруынабағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.
- Мемлекеттік мекеменің директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында
белгіленген тәртіппен:
- мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
- мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің
мүдделерін білдіреді;
- шарттар жасайды;
- сенімхаттар береді;
- мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді
қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;
- банк шоттарын ашады;
- барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар
береді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің
қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
- өз орынбасарларының және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы
қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін анықтайды;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша жұмысты
ұйымдастырады,оның ішінде білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау бойынша шаралар қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және
«Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру тәртібі
24.Мемлекеттік мекеменің мүлкін бағасы оның теңгерімінде көрсетілетін
заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі :
- Құрылтайшының өзіне берген мүлік;
- өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса
алғанда);
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де
қаржы көздері есебінен қалыптастырылады.
25.Мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және смета бойынша
бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- Мемлекеттік мекеменің қызметі Қарағанды облысының бюджетінен
қаржыландырылады.
- Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есепті жүргізеді және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкесесептілік ұсынады.
Бухгалтерлік есепті және мемлекеттік мекеме үшін есептілікті ұсынуды барлық туындайтын функциялары бар мемлекеттік мекеменің басқару органы жүзеге асыра алады.
- Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және
ревизиялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
6-тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
- Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен
белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
- Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шешімі бойынша жүргізіледі және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
- Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру Қарағанды
облысының әкімдігінің шешімі бойынша жүргізіледі.
- Мемлекеттік мекеме заң актілерінде көзделген басқа да негіздер бойынша
таратылады.
- Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды «Қарағанды
облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісім бойынша Қарағанды облысының әкімдігі жүзеге асырады.
- Таратылған мемлекеттік кредиторлардың талаптарын
қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта бөледі.
- Таратылған мемлекеттік мекеменің ақшасы, осы заңды тұлғаның мүлкін
өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда,кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақша тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
9-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
- Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.