«Қарағанды облысының
экономика басқармасы» ММ
басшысының
2021 жылғы «___» _________
№ ____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Көксу жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Қарағанды облысы білім басқармасы Абай ауданы білім бөлімінің "Көксу жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мемлекеттік мекеме) білім беру және өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылатын заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Мемлекеттік мекеме областың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылады.
4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Қарағанды облысының әкімдігі болып табылады.
5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ, мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларының оған қатынасын жүзеге асыратын орган Қарағанды облысы білім басқармасының «Абай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
6. Мемлекеттік мекеменің атауы мемлекеттік (қазақ) тілде:
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Көксу жалпы білім беретін мектебі»,
орыс тілінде:
«Коксунская общеобразовательная школа» отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области.
7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индекс 100111, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылдық округі, Көксу ауылы, Центральная көшесі, ғимарат №36
2 тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
11.Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық
бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді. Мемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін осы тарауда және өзге де құқықтық
актілерде көрсетілген барлық туындайтын функциялары бар мемлекеттік мекеменің басқару органы жүзеге асыра алады.
3 тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін оқыту және тәрбиелеу; баланың жеке басының жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау; білім алушылардың өз бетінше білім алуға және қосымша білім алуға қажеттілігін қанағаттандыру.
13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген азаматтардың жалпыға міндетті білім беру стандарттарында белгіленген тегін орта білім алу құқығын іске асыру;
2) негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету;
3) мәдениет деңгейі жоғары, қоғам өміріне бейімделген, тереңдетілген және кеңейтілген білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және игеруге дайын зияткерлік тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
4) оқушыларды кәсіптік бағдарлы пәндерге даярлау.
14. Мемлекеттік мекеме өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: бастауыш, негізгі және жалпы орта, қосымша білім беру. Қызметтің барлық түрлері Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңында көзделген рәсімдер орындалғаннан кейін көрсетіледі.
Мекеме қызметінің негізгі міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отанына, Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқының және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шетел (ағылшын, неміс) және басқа да тілдерді меңгеру.
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеруді қамтамасыз ету
7) қоғам және экономика талаптарына джауап беретін, білім сапасының ұлттық бағалау жүйесін жұмыстату
8) жаңа технологияларды енгізу және белсенді қолдану, атап айтқанда кредиттік, қашықтық, ақпараттық-коммуникациалық
9) жалпы оқыту, жұмыс орны бойынша оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білім мен құзыреттілікке негізделген қоғамда өзінің жеке әлеуетін барынша пайдалануға көмектесетін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;
10) білім алушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;
11) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы жарғыға сәйкес мынадай ақылы білім беру қызметтерін көрсетуге құқылы:
1) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту;
2) пәндердің арнайы курстары мен циклдерін қосымша оқыту бойынша;
3) жекелеген білім алушыларға жеке тәртіппен оқу жоспары бойынша сағат санынан артық пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізу;
4) оқушылармен пәндерді қосымша тереңдетіп оқыту бойынша (мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың тиісті білім беру бағдарламаларының шеңберінен тыс);
5) кепілді тегін білім беру қызметтеріне кірмейтін басқа да білім беру қызметтері.
негізгі қызметтің орнына ақылы қызметтер көрсетілмейді.
Мектептің ақылы қызметтерінің бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.
мекеме дамыта оқытудың жаңа мазмұнын, оны енгізу бойынша нысандар мен әдістерді іздестіруді, әзірлеуді, эксперименттік оқу жоспарларын, бағдарламалар мен факультативтік курстарды ұйымдастыратын білім беру ұйымы болып табылады. Оқу процесін ұйымдастыру, басқару осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады;
оқу-тәрбие қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген және жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламаларды игеруді іске асыратын оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мекеменің бағдарламалары мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің Үлгілік бағдарламаларына сүйенеді;
мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында белгіленген шекті оқытудың нысандарын, құралдары мен әдістерін таңдауда дербес болады. Білім беру процесін жүзеге асыру үшін мектеп жылдық жұмыс оқу жоспарын және оқу сабақтарының кестесін әзірлейді және бекітеді, оны мекеме басшысы бекітеді;
оқу пәндерін тереңдетіп оқыту үшін мекемеге факультативтерге және әр сыныпқа 4 сағат есебінен оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға қаражат бөлінуі мүмкін;
оқыту тілі мемлекеттік (қазақша) және орысша болып табылады.
оқу жұмыс жоспарының вариативті бөлігі қамтамасыз етіледі:
1) жеке таңдаумен, жеке даму бағдарламасымен, оқытудың инновациялық технологияларын пайдаланумен;
2) мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін дамыту пәндерін жаңа оқу бағдарламаларын енгізу арқылы жүзеге асырылады;
3) тұлғаның жалпы мәдени дамуына ықпал ететін, дүниетаным мен гуманистік сананы қалыптастыратын, шындықты танудың әмбебап тәсілдерін меңгеруге, білім алушылардың ойлау қызметін дамытуға бағытталған пәндер мен курстарды енгізу арқылы жүзеге асырылады;
мемлекеттік мекеме құрылымы:
1) әкімшілік (директор және оның орынбасарлары);
2) әдістемелік кеңес, педагогикалық кеңес, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес, қамқоршылық кеңес, жалпымектептік ата-аналар комитеті, сыныптық ата-аналар комитеттері, пәндік әдістемелік бірлестіктер;
3) сынып-мекеменің негізгі құрылымдық бірлігі.
білім деңгейлері:
1) бастауыш білім беру (1 - 4-сыныптар) негізгі стратегиялық бағыт бастауыш сынып оқушысының жеке қабілеттерін ашуға, қызметтің негізгі салаларында бастапқы бағдарлауды және оқытудың оң уәждемесі негізінде шығармашылықтың бастапқы дағдыларын қалыптастыруға, балалардың психофизикалық, зияткерлік және музыкалық дамуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін дамытушылық оқыту болып табылады. Оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 4 жыл;
2) негізгі орта білім беру (5 – 9 сыныптар) білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған базалық әмбебап білім беруді қамтамасыз етеді, неғұрлым күрделі танымдық процестерге өту үшін арнайы біліктер мен дағдыларды қалыптастырады; жалпы дамыту және арнайы курстарды таңдауды қамтамасыз етеді, оқушылардың жеке оқыту жүйесін құруға мүмкіндік жасайды. Адамзаматтықты және патриотизмді, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу. Білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету. Негізгі орта білім жалпы орта білім алу үшін негіз болып табылады. Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады. Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-6 жыл;
3) жалпы орта білім беру (10 – 11 сыныптар) білім алушының танымға деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды, оқытуды саралау негізінде дербес оқу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Міндетті пәндерге қосымша жеке тұлғаның қызығушылықтарын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін іске асыру мақсатында білім алушылардың өздері таңдаған пәндер, яғни гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша бейіндік оқыту енгізіледі. Жалпы орта білім бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік (қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша) және жоғары кәсіптік білім алу үшін негіз болып табылады. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-2 жыл;
тиісті контингентті көрсете отырып, сыныптар жиынтығы Қарағанды облысы білім басқармасының "Абай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысымен келісіледі. Сыныптар жиынтығын қалыптастыруға мекеме басшысы дербес жауапты болады. Сыныптардағы оқушылар саны осы білім беру ұйымына тікелей бөлінетін бюджет қаражаты ескеріле отырып, санитариялық нормативтер сақталған жағдайда қолданыстағы "білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес белгіленеді;
сыныптар мемлекеттік білім беру стандартында айқындалған пәндерді оқу кезінде кемінде 20оқушы санымен 2 кіші топқа бөлінуі мүмкін. Егер оқу жылы ішінде оқушылар саны 20оқушыдан кем болса, онда сыныпты 2 кіші топқа бөлу осы оқу жылының келесі тоқсанынан бастап тоқтатылады. Жарғының осы тармағы мекеме орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтың бірлік бюджетінің мүмкіндіктерін ескереді;
мемлекеттік мекеме шағынжинақ мәртебесіне ие болған жағдайда, онда оқу-тәрбие үрдісі сәйкесінше аралас жастағыларды біріктіре отырып біріктірілген сыныптарда қамтамасыз етіледі;
шағын жинақталған мектептерде жекелеген пәндерді оқу кезінде және сыныпта 10-16 білім алушы болған кезде кіші топтарға бөлуге жол беріледі.
Сыныптарды бір сынып-жиынтыққа біріктіру кезінде әртүрлі жастағы білім алушылардың саны 10 адамнан аспауы тиіс. Шағын жинақталған мектептердегі сыныптардың толымдығы 3-10 адам және одан жоғары. Үш немесе төрт сыныпты біріктірген кезде оқу сабақтарын ұйымдастырудың жылжымалы кестесі қолданылады. Бірінші сынып және бітіруші сыныптардың білім алушыларын бірлесіп оқытуға жол берілмейді;
мемлекеттік мекемеде толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталық құрылуы мүмкін. Мектепке дейінгі шағын орталық заңды тұлға болып табылмайды, мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамыту және олардың ата-аналарына баланы тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыруда консультативтік-әдістемелік қолдау көрсету үшін құрылған;
шағын-орталыққа қабылдау мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау қағидалары негізінде жүргізіледі. Балаларды қабылдау үшін құжаттар тізімі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау қағидаларымен және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандартымен айқындалады;
мемлекеттік мекеме денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыға сәйкесоқушыларға үйде оқытуды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің нұсқаулықтарына сәйкес апталық оқу сағаттарының саны бөлінеді, кесте жасалады, бұйрықпен педагогтердің дербес құрамы айқындалады, өткізілген сабақтар журналы жүргізіледі. Ата-аналар (заңды өкілдер) үйде сабақ өткізу үшін жағдай жасауға міндетті;
оқу сабақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басталады және аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы, оның ішінде оқу апталары мен каникул саны білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілеріне сәйкес айқындалады;
мемлекеттік мекемеде келесі жұмыс және сабақ тәртібі белгіленуі мүмкін: бірінші ауысымда сабақтың басталуы – сағат 8:00 (8:30 немесе 9:00), екінші ауысымда – сағат 13:30 (14: 00). Сабақ кестесін мемлекеттік мекеме директоры не оны алмастыратын адам бекітеді. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы мен реттілігі, сондай-ақ сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығы көрсетіледі. Мектептегі сабақ кестесінің мәселелері қолданыстағы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен реттеледі. Сабақ кестесі уәкілетті органдар және (немесе) лауазымды адамдар белгілеген шектеу шараларына негізделген эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгеруі мүмкін;
сабақтар арасындағы үзілістер кезінде мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ата-аналардың және жалпыға міндетті оқу қорының қаражаты есебінен мектеп асханасында жүзеге асырылатын білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастырады;
мемлекеттік мекемедегі тәртіп білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың адамдық қадір-қасиетін құрметтеу негізінде сақталады. Білім алушыларға қатысты күш көрсету және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді. Оқушыларға дәрігерге дейінгі медициналық қызмет көрсетуді мейірбике қамтамасыз етеді, ол әкімшілікпен және педагогикалық персоналмен қатар білім алушылардың денсаулығы мен физикалық дамуына, емдеу іс-шараларын жүргізуге және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға жауапты болады. Дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуді Абай ауданының Топар кентіндегі медициналық бірлестік жүзеге асырады. Оқушылар кестеге сәйкес медициналық қараудан өткізіледі;
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының талаптарына сәйкес мектеп формасы міндетті. Оны кию тәртібі мен стилі ата-аналар комитеті немесе Қамқоршылық кеңестің келісімі бойынша мекеме директордың бұйрығымен бекітіледі. Мектеп формасы зайырлы оқыту сипатында болу керек. Әртүрлі діни атрибутиканы және әртүрлі діни конфессияға қатынасты көрсететін діни киімді киюге рұқсат етілмейді;
міндетті мектеп формасына талап Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтарындағы №26 бұйрығы бойынша анықталған жалпы талаптарға сай болуы керек:
мемлекеттік мекеме денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыға сәйкес оқушыларға үйде оқытуды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің нұсқаулықтарына сәйкес апталық оқу сағаттарының саны бөлінеді, кесте жасалады, бұйрықпен педагогтердің дербес құрамы айқындалады, өткізілген сабақтар журналы жүргізіледі. Ата-аналар (заңды өкілдер) үйде сабақ өткізу үшін жағдай жасауға міндетті;
мемлекеттік мекемеде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Мекеме зайырлы және діни білімнің бөліну принципін сақтауға міндетті. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді;
инклюзивті білім беру мақсаттарын жүзеге асыра отырып, мекеме ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім алу, дамудың бұзылуын түзету және білім берудің барлық деңгейлерінде әлеуметтік бейімделу үшін арнайы жағдайларды қамтамасыз етеді. Білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, мекемеде инклюзивті сыныптар ашылуы мүмкін (бір сыныпта ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар екіден көп емес бала оқи алады). Инклюзивті сыныптарда білім алатын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу немесе жеке бағдарлама бойынша білім ала алады. Инклюзивті сыныптарда оқитын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, логопед) түзету сабақтарын өткізеді. Мекемеде лого-пункт өз жұмысын тұрақты негізде жүзеге асыра алады. Логопункт ашу "Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен ресімделеді;
мемлекеттік мекемеге қабылдау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде жүргізіледі. Балаларды қабылдауға арналған құжаттардың тізбесі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларында және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандартында айқындалады. Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері мұғалімді таңдауға құқылы емес. Сыныптан сыныпқа көшу үлгерім нәтижелері бойынша педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады;
шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, 0-11 сыныптарда білім алушылардың ең аз саны 12 адамнан кем болмауы тиіс. Мектеп алды сыныптарға қабылдау ата-аналар немесе олардың заңды өкілдерінің өтініші бойынша жүзеге асады;
білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі;
қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен түлектерге мекеменің мөрімен расталған тиісті білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі;
кәмелетке толмаған білім алушыларды шығаруға құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады. Кәмелетке толған білім алушыларды мектептен шығаруға педагогикалық кеңестің шешімі бойынша құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын, сондай-ақ үлгерімін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жол беріледі;
тәрбиеленушілерді шағын-орталық топтарынан шығару ай сайынғы төлем уақтылы төленбеген, дәлелді себептерсіз бір айдан артық өткізіп алған жағдайларда, медициналық қарсы көрсетілімдер болған кезде жүргізіледі;
оқушыларға дәрігерге дейінгі медициналық қызмет көрсетуді мейірбике қамтамасыз етеді, ол әкімшілікпен және педагогикалық персоналмен қатар білім алушылардың денсаулығы мен физикалық дамуына, емдеу іс-шараларын жүргізуге және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға жауапты болады. Дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуді Абай ауданының Топар кентіндегі медициналық бірлестік жүзеге асырады. Оқушылар кестеге сәйкес медициналық қараудан өткізіледі;
жалпы білім беру процесінің қатысушылары: тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагог қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары (оларды алмастыратын адамдар) болып табылады;
оқушылар құқылы:
1) тегін жалпы орта білім алуға;
2) әртүрлі қызмет түрлеріндегі ерекше табыстары үшін көтермелеуге;
3) медициналық қызмет алуға;
4) кітапхана қорын тегін пайдалануға;
5) қосымша (ақылы) білім беру қызметтерін алуға;
6) мекемені басқаруға қатысуға;
7) адамның қадір-қасиетін құрметтеуге, ар-ождан мен ақпарат бостандығына, өз пікірлері мен сенімдерін еркін білдіруге құқығы бар.
мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білімнің бөліну принципін ұстанады. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді.
қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен түлектерге мекеменің мөрімен расталған тиісті білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
білім алушылар міндетті:
1) мекеменің жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін орындауға;
2) білім алушы мектеп мүлкіне зиян келтірген жағдайда оның құнын ата-анасымен бірге қалпына келтіруге және өтеуге, мекеменің мүлкіне ұқыпты қарауға және адал оқуға;
3) мекеменің басқа білім алушылары мен қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
4) мекеме белгілеген мектеп формасын киюге.
кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері құқылы:
1) баланың қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, ұсынылатын мүмкіндіктер шеңберінде оқыту нысанын таңдауға;
2) Қамқоршылық кеңес немесе ата-аналар комитеті арқылы мекемені басқару органдарының жұмысына қатысуға;
3) өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
4) өз балаларын оқыту және тәрбиелеу проблемалары бойынша консультациялық көмек алуға.
ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер міндетті:
1) балалардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың зияткерлік пен дене күшінің дамуын, имандылық тұрғыдан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2) балалардың мектепалды даярлығын ары қарайғы жалпы білім беретін мектепті анықтай отырып қамтамасыз етуге;
3) мемлекеттік мекеменің жарғымен анықталған ережесін орындауға;
4) балалардың мемлекеттік мекемеге сабаққа баруын қамтамасыз етуге;
5) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
6) білім саласындағы уәкілетті органның бекіткен міндетті мектеп формасына қойған талаптарыд сақтауға;
7) мемлекеттік мекемедегі киім үлгісін сақтауға;
ата-аналар (олардың орнындағы адамдар) мекеменің жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін орындауға және өз балаларын тәрбиелеу мен оқытуға, сондай-ақ мемлекеттік меншікке ұқыпты қарауға жауапты болуға міндетті.
мемлекеттік мекемені басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. Алқалық басқару нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кеңес болып табылады.
мемлекеттік мекемені тікелей басқаруды директор жүзеге асырады.
директор жауап береді:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруға, білім алушылардың білім сапасына, өмірі мен денсаулығына, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын сақтауға құқығы бар.
2) лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген нормативтік актілерді, облыстық және қалалық/аудандық маңызы бар білім беру органдарының бұйрықтарын, лауазымдық міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, оның ішінде берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін.
3) білім алушының жеке басына тән және (немесе) психикалық зорлық-зомбылықпен байланысты тәрбиелеу әдістерін қолданғаны, оның ішінде бір рет қолданғаны, сондай-ақ өзге де өнегесіз теріс қылық жасағаны үшін директор еңбек заңнамасына сәйкес атқаратын лауазымынан босатылуы мүмкін.
4) өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау қағидаларын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың санитариялық-гигиеналық қағидаларын бұзғаны үшін директор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа тартылады.
тиісті бейіндер бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогикалық қызметпен айналысуға жіберіледі. Жұмысқа адамдар жіберілмейді:
1) медициналық қарсы көрсетілімдері бар;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар. Жыл сайын жылына бір рет, оқу жылының басында педагог өзінің психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтындығын кез келген заңды тәсілмен растайды;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жүзеге асырылады;
4) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдар жатпайды.
жұмысқа қабылдау кезінде директор азаматтық қызметшінің тиісті бос лауазымдарына орналасуға қойылатын біліктілік талаптарын басшылыққа алуға міндетті. Тиісті білімсіз педагогикалық қызметпен айналысуға жол берілмейді. Педагогикалық лауазымдар бойынша азаматтарды қабылдау тәртібін бұзғаны үшін директор дербес жауапты болады. Мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері тиісті лауазым немесе қызмет түрі үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
мемлекеттік мекемені басқарудың бір түрі-педагогикалық кеңес. Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының басшысы (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог кіреді. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің отырысына ата-аналар комитетінің немесе қамқоршылық кеңесінің мүшелері шақырылады. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына арналған білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Педагогикалық кеңес өз құрамынан бір жыл мерзімге хатшы сайлайды.
педагогикалық кеңес қарастырады:
1) білім беру ұйымдарында құқықтық актілерді орындау жөніндегі іс-шаралар;
2) оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстың жай-күйі, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелері, оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
) оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мәселелері;
4) қорытынды аттестаттауды өткізу, білім алушыларды емтихандарға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтихандардан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайта курсқа қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мақтау қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіргені туралы куәлік, негізгі орта білімді бітіргені туралы куәлік, үздік аттестат, жалпы орта білім туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама беру мәселелері; ;
5) педагогтердің оқу жүктемесін бөлу, алдын ала тарифтеу, аттестаттауға дайындау, марапаттау және көтермелеу мәселелері.
педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін, педагогикалық кеңестің отырысында қаралатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жоспарға сәйкес жүргізіледі. Педагогикалық кеңес жылына кемінде бес рет жиналады.
15. Мемлекеттік мекеменің осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.
16. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі: құрылтайшының, тиісті саланың уәкілетті органының, сондай-ақ оған қатысты осы Жарғыда көрсетілген мүлікке қатысты құқық субъектісінің, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыратын органның талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4 тарау. Мемлекеттік мекемені басқару
17. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды "Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
18. Қарағанды облысының әкімдігі мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату бойынша шешім қабылдайды
«Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасынаң бекіткен заңнамасына сәйкес келесі қызметтерді атқарады:
1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің Жарғысын бекітеді, өзгертілер мен толықтаулар енгізеді;
Қарағанды облысы білім басқармасының "Абай аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекеменің директорын тағайындайды;
2) мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;;
3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртібін және өкілеттіктерінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
5) мемлекеттік мекеме директорының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздерін белгілейді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің штат санын, тарифтеу тізімдерін және өзге де Қаржы-шаруашылық құжаттамасын келіседі;
7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;
8) мекемені қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныстар енгізеді;
9) осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тағайындау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік мекеменің директорын Қарағанды облысы білім басқармасының "Абай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Мемлекеттік мекеменің директоры мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Қарағанды облысы білім басқармасының "Абай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
21. Мемлекеттік мекеменің диреторы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
22. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекеменің жарғыға сай емес қызметті жүзеге асыруына бағытталған іс-әрекеттері Еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік пен материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.
23. Мемлекеттік мекеменің директоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болып табылады:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі жоспарларын бекітеді;
6)банк шоттарын ашады;
7)ібарлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8)іҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9)іҚазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
10) өз орынбасарларының және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады, оның ішінде білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша шаралар қабылдайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және «Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5 тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру тәртібі
24. Мемлекеттік мекеменің мүлкін оның теңгерімінде құны көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың есебінен қалыптастырылады:
1) оған құрылтайшы берген мүлік;
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
26. Мемлекеттік мекеменің қызметі Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылады.
27. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Бухгалтерлік есепті және мемлекеттік мекеме үшін есептілікті ұсынуды барлық туындайтын функциялары бар мемлекеттік мекеменің басқару органы жүзеге асыра алады.
28. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизиялау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
6 тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
29. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
7 тарау. Құрылтай құжаттарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
30. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолданылып жүрген заңдарда белгіленген өкілеттіктерге сәйкес осы шешімді қабылдаған құрылтайшының немесе органның шешімі бойынша жүргізіледі. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
8 тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
31. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қарағанды облысының әкімшілігінің шешімі бойынша жүргізіледі.
32. Мемлекеттік мекеме заңнама актілерінде қарастырылған басқа да негіздемерелр бойынша таратылады.
33. Қарағанды облысының әкімшілігі мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату бойынша шешімді «Қарағанды облысы экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша жүзеге асырады.
34. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мемлекеттік мекеменің мүлкін «Қарағанды экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта бөледі.
35. Таратылған мемлекеттік мекеменің ақшасы, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақша тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
9 тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
36. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Директор _________________________ А.П.Веккер
(қолы)