back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№6 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесінің

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№6 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесінің

Мектеп мұражайы

«Шахтинск қаласыәкімдігінің №6 жалпыбілімберумектебі» КММ

«Ауған жолдарын еске алу бойынша» мектеп мұражайы

 Ауған республикасында интернационалдық борышын өтеген ауған жауынгерлеріне арналған «Ауған жолдарын еске алу» мектеп мұражайы.

 Мектеп мұражайын құрудың және оның қызметінің басты мақсаты оқушылардың іздеу-зерттеу жұмыстары дағдыларын дамытуға, отандық тарихқа қызығушылығын қалыптастыруға және өткен ұрпақтардың адамгершілік құндылықтарына құрметпен қарауға жан-жақты жәрдемдесу болып табылады. Мұражай мектептің ерекше оқу кабинеті ғана емес, ашық білім беру кеңістігінің тәрбие орталықтарының бірі болуы тиіс.

    Мұражай экспозициясы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында өзінің интернационалдық борышын өтеген ауған соғысының оқиғалары, олардың мәңгі есте қалуы туралы баяндайды. Бүгінгі таңда мұражай экспозициясында 1000-нан астам экспонат ұсынылған. Құрылған экспозиция бөлімдері бойынша: «Соғыстың Басталуы. 1979 жыл» - Ауған соғысының алғышарттары туралы, «Ауған соғысының 4 кезеңі» - Кеңес әскерлерінің болуы және олардың әскери қызметі туралы, «Соғыстың аяқталуы. 1989 жыл» -шешім қабылдау және Ауғанстаннан әскерлерді шығару туралы, «Біздің жерлестеріміз интернационалист жауынгерлер»  - Шахтинск аймағында тұратын жауынгерлер туралы және Шахтинск қаласының«Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері ҚБ жұмысы туралы,» «Қаза тапқандар қабырғасы» - интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан жауынгерлер туралы. Құжаттардың жеке тобын «Ауғандықтар» – ардагерлермен берілген әскери жұмыс күндерінің альбомдарын ұсынады.

Мектеп мұражайының ашылуы ағымдағы оқу жылында Ауғанстанға әскерлерді енгізу күніне жоспарланып отыр.

Новости