back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№ 14 мектеп-лицейі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№ 14 мектеп-лицейі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
 
 
Мемлекеттік рәміздер-бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік ту, Мемлекеттік Елтаңба және мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
 
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы-Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
 
 
    
 
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы-дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде-бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан"деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай – ақ "Қазақстан" деген жазу-алтын түстес.
 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары-белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
 
 
 
 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні
 
Бұрын "Менің Қазақстаным" әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Ол алғаш рет 2006 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде айтылды.
 
Музыкасы-композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
 
Әнұран-мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. "Гимн "терминінің өзі гректің" gimneo "сөзінен шыққан және" салтанатты ән "дегенді білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.
 
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Новости