back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №16"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №16"

Устав школы

«Қарағанды облысының

экономика басқармасы» ММ басшысының

2021 жылғы «____»________

№____бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды облысы білім басқармасының

Сәтбаев қаласы білім бөлімінің

«№16 жалпы білім беретін мектебі»

 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –мемлекеттік мекеме) осы жарғыда көрсетілген функцияларды орындау үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық түрінде құрылған, заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
  3. Мемлекеттік мекеме облыстың жергілікті атқарушы органының қаулысымен құрылды
  4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып Қарағанды облысының әкімдігі табылады.
  5. Мемлекеттік мекеменің басқару органы болып Қарағанды облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласыныңбілім бөлімі» мемлекеттік мекемесіболып табылады.
  6. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік (қазақ) тілдегі атауы: Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №16» отдела образования города Сатпаев управления образования Карагандинской области.

  1. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 101302,Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы,  ғимарат №154.

 

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің  құқықтық мәртебесі

 

  1. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
  2. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
  3. Мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
  4. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметі осы тарауда және басқада құқықтық актілерде көрсетілгендей функциялар бойынша мемлекеттік мекеменің басқару органы арқылы іске асырылады.

3-тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

 

  1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүдделері үшін оқыту және тәрбиелеу; баланың жеке басының жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау; оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу және қосымша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру.
  2. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:
  3. азаматтардың белгіленген жалпыға міндетті білім беру стандарттарының Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген тегін орта білім алу құқығын жүзеге асыру;
  4. негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы игеруді қамтамасыз ету;
  5. мәдениеті жоғары, қоғамдағы өмірге бейімделген, терең және кеңейтілген білім беру бағдарламаларын саналы таңдауға және дамытуға дайын интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру;
  6. кәсіптік оқытуға бағытталған пәндерді игеруге оқушыларды дайындау.
  7. Мемлекеттік мекеме өз мақсаттарына жету үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:бастауыш, негізгі және жалпы орта, қосымша білім,мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Мемлекеттік мекеме мектепке дейінгі тәрбие мен оқу саласы бойынша білім беру қызметін ұсынады( шағын-орталық,мектепалды даярлық сыныптары Қызметтің барлық түрлері Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында көзделген рәсімдер орындалғаннан кейін жүзеге асырылады;

мемлекеттік мекеменің қызметінің негізгі міндеттері:

  1. ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
  2. жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамытуға жағдай жасау арқылы интеллектіні байыту;
  3. азаматтық пен отансүйгіштікке, өз Отанына, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтық дәстүрлерді қастерлеуге, кез-келген конституцияға қарсы және қоғамға қарсы көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
  4. белсенді азаматтық позициясы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттіліктерін қалыптастыру, тұлғаның өз құқықтары мен  міндеттеріне саналы қатынасты қалыптастыру;
  5. ұлттық және әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру; қазақ және республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс,шет (ағылшын,неміс) және басқада тілдерді меңгеру;
  6. педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
  7. қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін іске асыру;
  8. оқытудың жаңа технологияларын,оның ішінде қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
  9. жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуметтік қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;
  10. білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
  11. ерекше білім алу қажеттелігі бар балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы жарғыға сәйкес келесі ақылы білім беру қызметтерін ұсынуға құқылы:

  1. қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту;
  2. арнайы курстар мен пәндер циклдерін қосымша оқыту;
  3. жеке оқушылармен жеке негізде оқу жоспарына сәйкес сағат санынан артық пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізу;
  4. оқушылармен пәндерді қосымша тереңдетіп оқыту (мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың тиісті білім беру бағдарламалары шеңберінен тыс);
  5. білім алушылардың кәсіптік оқытылуын қамтамасыз ету, оларды автокөлік жүргізушісі мамандығы бойынша даярлау және осы курсты бітіргені туралы құжаттар беру;
  6. кепілдік ақысыз білім беру қызмет көлеміне кірмейтін басқада білім беру қызмет түрлері;

негізгі қызметтің орнына ақылы қызметтерді көрсету мүмкін емес.Мемлекеттікмекеменің ақылы қызметтерінің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады;

дамытушы білім берудің жаңа мазмұнын, оны жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін, эксперименталды оқу жоспарларын, бағдарламаларын және факультативтік курстарды іздеу, әзірлеуді.Оқу процесін ұйымдастыру, басқару осы жарғыға сәйкес жүзеге асырылады;

оқу-тәрбие қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленген және міндетті негізгі және қосымша бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асыратын оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.Мемлекеттікмекеменің бағдарламалары мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің типтік бағдарламаларына негізделеді;

мемлекеттік мекеме«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған шектерде оқытудың формаларын, құралдары мен әдістерін таңдауда дербес.Білім беру процесін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме жылдық жұмыс оқу жоспарын және оқу сабақтарының кестесін жасайды және бекітеді;

оқу пәндерін тереңдетіп оқыту үшінфакультативтерге және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға әр сыныпқа 4 сағат есебінен қаражат бөлінуі мүмкін;

Оқыту тілі болып мемлекеттік тіл табылады.

Оқу жұмыс жоспарының вариативтік бөлімі келесі талаптармен қамтамасыз етіледі:

  1. жеке таңдау, жеке даму бағдарламасы, инновациялық және оқыту технологияларын қолдану;
  2. мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыруға арналған пәндерді дамытатын жаңа оқу жоспарларын енгізу;
  3. оқушылардың ақыл-ой белсенділігін дамыта отырып, шындықты танудың әмбебап әдістерін игеруге бағытталған жеке тұлғаның жалпы мәдени дамуына ықпал ететін, дүниетанымы мен гуманистік санасын қалыптастыратын пәндер мен курстарды енгізу;

мемлекеттікмекеменің құрылымы:

  1. әкімшілік (директор және оның орынбасарлары);
  2. әдістемелік кеңес, педагогикалық кеңес, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес, қамқоршылар кеңесі, жалпы мектептегі ата-аналар комитеті, сыныптық ата-аналар комитеттері, пәндік әдістемелік бірлестіктер;
  3. сынып – мемлекеттік мекеменің негізгі құрылымдық бірлігі;

білім деңгейі:

  1. бастауыш білім беру (1-4 сыныптар), негізгі стратегиялық бағыт - бұл кіші жастағы оқушының жеке қабілеттерін ашуға, белсенділіктің негізгі бағыттары мен оқудың оң мотивациясы негізінде бастапқы шығармашылық дағдыларды қалыптастыруға, психофизикалық, интеллектуалды және музыкалық дамуға жағдай туғызуға мүмкіндік беретін оқыту. Оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 4 жыл;
  2. негізгі орта білім (5 - 9 сыныптар) білім мазмұнын жаңартуға бағытталған негізгі әмбебап білім беруді қамтамасыз етеді, күрделі танымдық процестерге көшу үшін арнайы қабілеті мен дағдыларды қалыптастырады; жалпы дамытушы және арнайы курстарды таңдауды қамтамасыз етеді, оқушыларға жеке оқыту жүйесін құруға мүмкіндік туғызады. Азаматтық пен отансүйгіштікке, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтық дәстүрлерді құрметтеуге, кез-келген конституцияға қарсы және қоғамға қарсы көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу. Оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Негізгі орта білім орта жалпы білім алудың негізі болып табылады. Әр пәннің мазмұнын зерттеу негізгі орта білім деңгейінде аяқталады. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 5 жыл;
  3. жалпы орта білім беру (10-11 сыныптар) танымға деген қызығушылықтың және оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуын, оқуды саралау негізінде өз бетінше оқу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Міндетті пәндерден басқа, пәндер жеке тұлғаның қызығушылықтарын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін, яғни гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша мамандандырылған оқытуды жүзеге асыру мақсатында оқушылардың өз қалауы бойынша енгізіледі. Жалпы орта білім бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік (қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар үшін) және жоғары кәсіптік білім алудың негізі болып табылады. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 2 жыл.

«Көркем еңбек» пәнін оқыту, сондай-ақ вариативтік компоненттің сағаттарын оқыту Мектепаралық оқу-өндірістік кешен(бар болған жағыдайда) негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Қосымша білім беруді дамыту шеңберінде Қарағанды облысының білім басқармасы «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығына сәйкес мектептің жұмыс оқу жоспарының ауыспалы бөлігінің сағаттары қосымша білім беру ұйымдарына берілуі мүмкін;

сағаттар мен сыныптарды беруді, сондай-ақ, үйірмелерді оқытумен байланысты барлық мәселелерді шешуді Қарағанды облысының білім басқармасы «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.Мемлекеттік мекеме оқу жоспарының ауыспалы компонентін бірнеше сағат бойы мектептен тыс жерде өткізуге құқылы (мәдениет мекемелері, спорт ғимараттары, әскери ғимараттар, ғылыми зертханалар, өндірістік кәсіпорындар, қосымша білім беру ұйымдары және т.б.);

сыныптар жиынтығы тиісті контингентті көрсете отырып Қарағанды облысының білім басқармасы «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысымен келісіледі.Сыныптар жиынтығын құруға мемлекеттік мекеменің басшысы жеке жауап береді.Сыныптардағы оқушылардың саны қолданыстағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелеріне сәйкес, осы білім беру ұйымына тікелей бөлінген бюджеттік қаражатты ескере отырып, санитарлық нормалар сақталған жағдайда белгіленеді;

сыныптар пәндерді оқуда тізімі мемлекеттік білім беру стандартында айқындалғандай, саны 24 адамнан кем емес, 2 кіші топқа бөлінуі мүмкін.Оқу жылы арасында сыныптағы оқушылар саны 24-тен кеміген жағдайда, оқу жылының келесі тоқсанынан бастап сыныпты екі топқа бөлу тоқтатылады.Жарғының бұл тармағы бюджет мүмкіншіліктеріне байланысты есептеледі;

мемлекеттік мемеке шағын жинақталған мектеп мәртебесінде болған жағдайда,онда оқу–тәрбие процесі біріктірілген сыныптарда білім алушылардың әр жастағыларды оқытуын есепке алуына сәйкес қамтамасыз етіледі.

Шағын жинақталған мектептерде жекелеген пәндерді оқыту барысында сыныпта 10-16 дейін білімалушылар болған жағдайда шағын топтарға бөлу рұқсат етіледі.Сыныптарды бір сыныпжиынтыққа біріктірген жағдайда түрлі жастағы білім алушылардың саны 10адамнан аспауы керек.Шағын жинақталған мектептердегі сыныптардың толықтығы 3-10 адамнан бастап және оданда көбірек болуы рұқсат етіледі.Үш немесе төрт сыныпты біріктерген жағдайда оқу сабақтарын ұйымдастыруда ауыспалы кестені қолдануға болады.Бірінші сынып пен бітірушы сыныптың білім алушылар қосып оқытуға рұқсат етілмейді;

мемлекеттікмекеме толық және толық емес жұмыс күнімен мектепке дейінгі шағын орталық жұмысын іске асыра алады.Мектепке дейінгі шағын орталық заңды тұлға болып табыламайды, бірақ мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және 3- 5 жас аралығындағы балаларды жан-жақты дамыту және ата-аналарына баланы тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруда консультациялық-әдістемелік қолдау көрсету,балалардың әлеуметтік бейімделуі үшін құрылған.Шағын орталық толық күнді (сағ 07:00 ден 19:00 дейін),толық емес( сағ 09:00 – 12:00 дейін) күндізгі жұмыс кестесімен әрекет етеді.Мектепалды даярлық сыныптарында және шағын орталықта бес күндік жұмыс тәртібі;

шағын орталыққа қабылдау құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қағидалары  негізінде жүзеге асырылады.Балаларды қабылдауға арналған құжаттар тізімі құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау қағидалары және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандарттарымен анықталады;

мемлекеттікмекеме оқушыларға денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамаға сәйкес үй оқытуды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нұсқауына сәйкес аптасына оқу сағатының саны бөлінеді, кесте жасалады, бұйрық мұғалімдердің жеке құрамымен анықталады, сабақтар журналы жүргізіледі.Ата-аналар (заңды өкілдер) үйде сабақ өткізуге жағдай жасауға міндетті;

оқу сабақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен басталады және аяқталады.Оқу жылының ұзақтығы, академиялық апталар мен каникул күндерінің санын қоса алғанда, білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттың және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес анықталады;

мемлекеттікмекемеде келесі жұмыс және сабақ кестесі белгіленуі мүмкін:сабақтың бірінші ауысымында басталуы – 8:00 (8:30) сағат, екінші ауысымда – 14: 00 (14:30) сағат.Сабақ кестесін мемлекеттікмекеме басшысы немесе оны алмастыратын адам бекітеді. Сабақ кестесінде күн сайынғы сабақтың саны, ұзақтығы мен сабақтың кезектілігі, сонымен қатар сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығы көрсетіледі.Сабақ кестесінің мәселелері қолданыстағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерімен реттеледі.Сабақтардың кестесі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, уәкілетті органдар және (немесе) лауазымды адамдар белгілеген шектеу шаралары негізінде өзгеруі мүмкін;

сабақ арасындағы үзіліс кезеңінде мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ата-аналар мен жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырады;

мемлекеттікмекемедегі тәртіп оқушылардың, тәрбиеленушілердің, мұғалімдердің адамдық қадір-қасиетін құрметтеу негізінде сақталады.Оқушыларға қатысты физикалық және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мектеп формасы міндетті.Оны кию тәртібі мен стилі ата-аналар комитетімен немесе қамқоршылар кеңесінің келісімімен мемлекеттікмекеме басшысының бұйрығымен бекітіледі.Мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты бас киім және басқа да киім элементтерін қосуға болмайды;

міндетті мектеп формасында қатысты талаптар Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығында анықталғандай жалпы талаптарға сәйкес келуі керек;

мемлекеттікмекемеге саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың жұмысына жол берілмейді.Мемлекеттікмекеме зайырлы және діни білімнің бөліну принципін сақтауға міндетті. Кез-келген түрде діни білім алуға жол берілмейді;

инклюзивті білім берудің мақсаттарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттікмекеме ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға олардың білім алуы, дамуында ауытқушылықтарды түзету және білім берудің барлық деңгейлерінде әлеуметтік бейімделуі үшін ерекше жағдайлар қамтамасыз етеді.Мемлекеттік мекемеде оқушылардың,ата-аналарының немесе (басқа заңды өкілдерінің) мүдделерін ескере отырып жалпы сыныпта(екі баладан артық емес) инклюзивті сыныптар ашылуы мүмкін.Инклюзивтік сыныптарға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындылары мен ұсыныстары негізінде оқуға түскен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беру бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша оқытыла алады.Инклюзивті сыныптарға жазылған ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жалпы және (немесе) арнайы сыныптарда түзету сабақтарын арнайы мұғалімдер жүргізеді(олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, логопед). Мемлекеттікмекемедесөйлеу орталығы өз жұмысын тұрақты негізде жүргізе алады.Сөйлеу орталығының ашылуы Қарағанды облысының білім басқармасы «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен ресімделеді;

мемлекеттікмекемеге қабылдау бастауыш,негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымындарында оқуға жіберудің стандартты ережелері негізінде жүзеге асырылады.Балаларды қабылдауға арналған құжаттар тізімі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беру оқу жоспарларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау ережелерімен және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандарттарымен анықталады.Бірінші сыныпқа қабылдау үшін баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері мұғалімді таңдауға құқылы емес.Сыныптан сыныпқа ауыстыру педагогикалық кеңестің шешімімен оқу үлгерімі нәтижелеріне сәйкес жүзеге асырылады.Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, 0-11 сыныптарда білім алушылардың ең аз саны 12 адамнан кем болмауы тиіс.Мектепалды даярлық сыныптарға қабылдау олардың ата-аналарының немесе ( заңды өкілдерінің) өтініші негізінде іске асырылады;

білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі;

қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен түлектерге мемлекеттік мекеменің мөрімен расталған тиісті білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі;

кәмелетке толмаған білім алушыларды шығаруға құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымын мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды туралы шешім қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімімен қабылданады. Кәмелетке толған білім алушыларды мектептен шығаруға мемелекеттік мекемеден шығару педагогикалық кеңестің шешімі бойынша құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын, сондай-ақ үлгерімін өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін жол беріледі.

тәрбиеленушілерді шағын орталық тобынан шығару оны күтіп бағу үшін ай сайынғы төлемнің уақытылы төленбеуі бойынша бала дәлелді себептерсіз бір айдан уақыт орталыққа келмеген және медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайларда іске асырылады;

оқушыларға дәрігерге дейінгі медициналық қызмет көрсетуді медициналық медбибі қамтамасыз етеді,ол әкімшілікпен және педагогикалық персоналмен қатар білім алушылардың денсаулығы мен физикалық дамуына,емдеу іс-шараларын жүргізуге және санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға жауапты болады. Дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуді жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау органдары(емхана) жүзеге асырады.Білімалушылар кесте бойынша медициналық тексеруден өтеді.

жалпы білім беру процесінің қатысушылары болып: тәрбиеленушілер білім алушылар,педагог қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары (оларды алмастыратын адамдар) табылады;

білім алушылар құқылы:

  1. тегін жалпы орта білім алуға;
  2. әртүрлі қызмет түрлеріндегі ерекше табыстары үшін көтермеленуіге;
  3. медициналық қызмет пайдалануға;
  4. кітапхана қорын тегін пайдалануға;
  5. қосымша (ақылы) білім беру қызметтерін алуға;
  6. мекемемені басқаруға қатысуы;
  7. адамның қадір-қасиетін құрметтеуге, ар-ождан мен ақпарат бостандығына, өз пікірлері мен сенімдерін еркін білдіруге ;

мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білімнің бөліну принципін сақтайды. Кез-келген нысанда діни білім алуға жол берілмейді;

қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен түлектерге мемлекеттік мекеменің мөрімен куәландырылған тиісті білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі;

білім алушыларміндетті:

  1. мемлекеттікмекеменің жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;
  2. адалдықпен оқуға және оқу орнының мүлкіне мұқият күтім жасауға, мектептің мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, оның құндылығын ата-аналарымен бірге қалпына келтіруге және өтеуге;
  3. басқа білім алушылармен оқу орны қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
  4. білім алушылар мемлекеттікмекеменің педагогикалық кеңесі белгілеген бірыңғай мектеп киім үлгісін сақтауға міндетті;

ата-аналары мен кәмелетке толмаған балалардың басқа заңды өкілдері құқылы:

  1. баланың қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, оқу орны беретін мүмкіндіктер шеңберінде білім беру нысанын таңдауға;
  2. қамқоршылар кеңесі немесе ата-аналар комитеті арқылы мемлекеттікмекеменің басқару органдарының жұмысына қатысуға;
  3. балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайлары туралы ақпарат алуға;
  4. балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер алуға.

ата-аналар және басқа заңды өкілдер міндетті:

  1. балалардың қауіпсіз өмір сүруі мен оқуы үшін, олардың интеллектуалды және дене күшінің дамуын, адамгершілік қалыптасуын қамтамасыз ету үшін сау және қауіпсіз жағдайлар жасауға;
  2. балаларды мектепке дейінгі және одан арғы жалпы білім беру мектебіне баруға дайындығын қамтамасыз ету;
  3. мемлекеттікмекеме жарғысында анықталған ережелерді орындауға;
  4. балалардың мемлекеттікмекемеге баруын қамтамасыз етуге;
  5. мемлекеттікмекеме қызметкерлерінің  ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
  6. білім саласының уәкілетті органы анықтаған міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарын орындауға;
  7. мемлекеттікмекемеде белгіленген киім үлгісін сақтауға;

ата-аналар (оларды алмастыратын тұлғалар) коммуналдық мемлекеттікмекеменің жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және өз балаларының тәрбиесі мен оқуына жауапкершілік алуға, сондай-ақ мемлекеттік меншікке құрметпен қарауға міндетті;

мемлекеттікмекемені басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. Алқалы басқарудың нысаны болып Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық кеңес танылады;

мемлекеттікмекемені тікелей басқаруды директор жүзеге асырады;

директоржауапты:

  1. мемлекеттікмекемеқызметкерлерінің біліктілік деңгейі, оқу жоспарлары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асырғаны үшін, білім алушылардың білім сапасы, өмірі мен денсаулығы, оқу процесі кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме оқушылары мен қызметкерлерінің құқықтары және бостандықтарын сақтауға;
  2. нормативтік актілерді, облыстық және қалалық / аудандық маңызы бар білім беру органдарының бұйрықтарын, лауазымдық нұсқаулықта белгіленген қызметтік міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, оның ішінде берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін;
  3. білім алушының жеке басына қарсы физикалық және (немесе) психикалық зорлық-зомбылыққа байланысты тәрбиенің бір жолғы әдістерін қолданғаны, сондай-ақ кез-келген басқа азғындық әрекеттерді жасағаны үшін директор еңбек заңнамасына сәйкес қызметінен босатылуы мүмкін;
  4. өрт қауіпсіздігі,еңбекті қорғау,оқу үдерісін ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық ережелерін бұзғаны үшін директор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады;

тиісті бейіндер бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тұлғаларға педагогикалық қызметпен айналысуға рұқсат етіледі.Келесі тұлғалар жұмыс істеуге жіберілмейді:

  1. медициналық қарсы көрсетілімдері бар;
  2. психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған.Жыл сайын, жылына бір рет, оқу жылының басында мұғалім өзінің психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде тіркелмегендігін кез-келген заңды түрде растайды;
  3. заңды күшіне енген сот үкіміне сәйкес педагогикалық қызмет ету құқығынан айырылған педагогтар;
  4. Қазақстан Республикасының Заңында анықталған тәртіппен жұмысқа қабілетсіз немесе қабілеттілгі шектелген деп танылғандар;
  5. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жүзеге асырылады.

жұмысқа қабылдау кезінде директор тиісті бос мемлекеттік қызмет орындарын иеленуге қойылатын біліктілік талаптарын басшылыққа алуы керек. Тиісті білімсіз оқытушылық қызметпен айналысуға жол берілмейді. Азаматтарды педагогикалық қызметке қабылдау тәртібін бұзғаны үшін директор жеке жауапкершілікке тартылады.Мемлекеттікмекемеқызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері тиісті лауазымға немесе қызмет түріне Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен сәйкес анықталады.

мемлекеттікмекемені басқару формаларының бірі - педагогикалық кеңес болып табылады.Педагогикалық кеңестің құрамына директоры (төраға),оның орынбасарлары, мұғалімдер, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог кіреді. Педагогикалық кеңесінің отырыстарына ата-аналар комитетінің немесе қамқоршылар кеңесінің мүшелері шақырылады. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына директорының бұйрығымен бекітіледі. Педагогикалық кеңес өз мүшелерінен бір жыл мерзімге хатшы сайлайды.

педагогикалық кеңес келесі мәселерді қарастырады:

  1. мемлекеттікмекемедегі құқықтық актілердің орындалысы туралы;
  2. оқу және оқу-әдістемелік жұмысының жағдайы, оқытудың барлық түрлерінде оқыту әдістерін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу мәселелері;
  3. оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мәселелері;
  4. қорытынды аттестаттау, оқушыларды емтихандарға өткізу, ұсынылған құжаттар негізінде оқушыларды емтихандардан босату, оқушыларды келесі сыныпқа көшіру немесе оларды екінші жылға қалдыру, оқушыларды грамотамен, мақтау қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіргені туралы куәлік беру, негізгі орта білім курсын аяқтау туралы куәлік, үздік аттестат, орта жалпы білім  туралы куәлік, белгіленген үлгідегі анықтамаларды беру;
  5. оқу жүктемесін бөлу, алдын-ала тарифтеу, аттестаттауға дайындық, педагогтарды марапаттау және көтермелеу мәселелері;

педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына арналған жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, педагогикалық кеңестің отырысында қаралады және мемлекеттік мекеменің басшысымен бекітіледі. Педагогикалық кеңес жылына кем дегенде бес рет жиналады.

  1. Мемлекеттікмекеме қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ, осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін мәмілелер жасауға құқылы емес;
  2. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаттарына қайшы келетін, Қазақстан Республикасының заңдарымен, құрылтай құжаттарымен шектелген немесе оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәміле: құрылтайшының, тиісті саланың уәкілетті органының, сондай-ақ: оған қатысты құқық субъектісінің осы жарғыда көрсетілген мүлікке қатысты функцияларына қатысты жүзеге асыратын органның, осы жарғыда көрсетілген мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның талабы бойынша жарамсыз болып танылуы мүмкін.

 

4-тарау. Мемлекеттік мекемені басқару

 

  1. Мемлекеттік мекемеге жалпы басшылықты Қарағанды облысының білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік мекемені қайта құру немесе тарату туралы шешімді Қарағанды облысының әкімдігі қабылдайды;

«Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемелекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен келесі функцияларды іске асырады:

  1. мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітеді;
  2. мемлекеттік мекеменің жарғысын,өзгерістер мен толықтырулар енгізуін бекітеді.

Қарағанды облысының әкімдігі білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен келесі функцияларды орындайды:

  1. мемлекеттік мекеменің басшысын тағайындайды;
  2. мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
  3. мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
  4. мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртібін және өкілеттіктерінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
  5. мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздерін белгілейді;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің штат санын, тарифтеу тізімдерін және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын келіседі;
  7. мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;
  8. мемлекеттік мекеменің құрылтайшысына мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
  9. осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.Мемлекеттік мекеменің директорын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тағайындау ережесіне сәйкес Қарағанды облысының білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  10. Мемлекеттік мекеме басшысын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тағайындау ережесіне сәйкес Қарағанды облысының білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  11. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Қарағанды облысының білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауапкершілікті көтереді.
  12. Мемлекеттік мекеменің басшысы бір адамдық басқару қағидаттары бойынша әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалған оның құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі туралы өз бетінше шешім қабылдайды.
  13. Мемлекеттік мекеме жарғысынан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік мекеме басшысының әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілікті қолдануға әкеп соғады
  14. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен келесі қызметін жүзеге асырады:
  15. мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
  16. мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін қорғайды;
  17. шарттар жасайды;
  18. сенімхаттар береді;
  19. мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту бойынша және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
  20. банк шоттарын ашады;
  21. барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
  22. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады;
  23. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
  24. өзінің орынбасарларының жәнемемлекеттікмекеменің басқа жетекші қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
  25. мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын ұйымдастырады,оның, ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдына алу және онымен күресу бойынша шаралар қабылдайды;
  26. өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және Қарағанды облысының білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мекемесімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

5-тарау.Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

 

  1. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды.Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың есебінен қалыптастырылады:
  2. оған меншік иесі берген мүлік;
  3. өз қызметі барысында пайда болған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
  5. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
  6. Мемлекеттік мекеменің қызметі Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылады.
  7. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізеді және есептер ұсынады.

Мемлекеттік мекеме үшін бухгалтерлік есеп қисапты беру мемлекеттік басқару органы өзіне бекітілген фукциялары бойынша іске асыра алды.

  1. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау және тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

6-тарау.Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі

 

  1. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

7-тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

  1. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының немесе осы шешімді қабылдаған органның шешімі бойынша қолданыстағы заңнамада айқындалған өкілеттіктерге сәйкес енгізіледі.«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу,аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.

 

8-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

 

  1. Мемлекеттік мекемені қайта құру Қарағанды облысы әкімдігінің шешімі бойынша іске асырылады.
  2. Мемлекеттік мекеме заңнамалық актілерде қарастырылғандай басқада негіздемелер бойынша таратыла алады.
  3. Мемлекеттік мекемені қайта құру немесе тарату Қарағанды облысының әкімдігінің келісімімен «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асады.
  4. Таратылған мемлекеттік мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемелекеттік мекемесі қайта бөледі.
  5. Таратылған мемлекеттік мекеменің ақшасы,оның ішінде кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған осы заңды тұлғаның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражат тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

 

9-тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

 

  1. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

 

 

Директор____________________________________________К.К.Смайлов

(қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости