back-image
КГУ «Школа-гимназия №1"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ «Школа-гимназия №1"

Мектеп жарғысы

1 тарау. Жалпы ережелер

1. Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) осы Жарғыда көрсетілген функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

3. Мемлекеттік мекеме Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 01/01 «Қарағанды облысының білім бөлімдері мен ұйымдарын қайта атау туралы» қаулысымен құрылды.

4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Қарағанды облысының әкімдігі болып табылады.

5. Мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асыратын орган Қарағанды облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

6. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік (қазақ) тілдегі атауы:

Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде:

Коммунальное государственное учреждение «Школа-гимназия имени Бауыржана Момышулы» отдела образования города Сатпаев управления образования Карагандинской области.

7.Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101301, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 144 ғимарат.

 

2 тарау. Мемлекеттік мекеменің құқықтық мәртебесі

8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.

9. Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

10. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекеменің ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе Қарағанды облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

11. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

 

3 тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары

12. Мемлекеттік мекеменің қызметі: жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүдделері үшін оқыту және тәрбиелеу; баланың жеке басының жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау; оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу және қосымша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру.

13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

1) азаматтардың белгіленген жалпыға міндетті білім беру стандарттарының Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген тегін орта білім алу құқығын жүзеге асыру;

2) негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы игеруді қамтамасыз ету;

3) оқушыларды кәсіби білім алуға бағытталған дисциплиналар бойынша дайындау.

14. Мемлекеттік мекеме өз мақсаттарына жету үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: бастауыш, негізгі және жалпы орта, қосымша білім. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» №202 Заңында көзделген қызметтің барлық түрлері рәсімдер орындалғаннан кейін жүзеге асырылады;

Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:

1) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамытуға жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;

3) азаматтық пен отансүйгіштікке, өз Отанына, Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтық дәстүрлерді қастерлеуге, кез-келген конституцияға қарсы және қоғамға қарсы көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттіліктерін қалыптастыру, тұлғаның оның құқықтары мен міндеттеріне саналы қатынасы;

5) ұлттық және әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру; қазақ халқының және республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерттеу; мемлекеттік, орыс, шетел (ағылшын, неміс) және басқа тілдерді меңгеру;

6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

7) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

8) оқытудың жаңа технологияларын қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;

9) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;

10) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;

11) мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау;

12) мемлекеттік мекеме базасында ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, жаңа үлгідегі оқу-тәрбие мекемелерінің модельдерін, оқу қызметінің құрылымын, мазмұнын және ұйымдастыру нысандарын тәжірибелік тексеру жүзеге асырылады;

13) дамыта оқытудың жаңа мазмұнын, оны енгізу жөніндегі нысандар мен әдістерді іздестіру, әзірлеу, эксперименттік оқу жоспарларын, бағдарламалары мен факультативтік курстарын байқаудан өткізу. Оқу процесін ұйымдастыру, басқару осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады;

14) оқу-тәрбие қызметі жалпыға міндетті негіздер мен қосымша бағдарламаларды игеруді іске асыратын, мемлекеттік білім беру негізінде әзірленген стандарттары оқу жоспарларды мен бағдарламаларына сәйкес іске асырылады. Мекеме бағдарламалары мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінің типтік ережелеріне негізделеді;

15) мемлекеттік мекеме «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған шекте оқыту нысандарын, құралдары мен әдістерін дербес таңдауда мемлекеттік мекеменің білім беру процесін жүзеге асыру үшін жылдық жұмыс оқу жоспарын және оқу сабақтарының кестесін әзірлейді және бекітеді;

16) мемлекеттік мекемеде гимназиялық компонент қамтамасыз етіледі:

- оқыту бейіндерін жеке таңдау, жеке даму бағдарламасы, оқытудың инновациялық әдістемелері мен технологияларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады;

- мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын, бейіндік пәндерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.

17) оқыту тілі мемлекеттік және орыс тілі (тілдері) болып табылады;

18) жұмыс оқу жоспарының вариативтік бөлігі қамтамасыз етіледі:

- жеке таңдау, жеке даму бағдарламасы, оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады;

- мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пәндерді дамытатын жаңа оқу бағдарламаларын енгізу арқылы жүзеге асырылады;

- тұлғаның жалпы мәдени дамуына ықпал ететін, дүниетаным мен гуманистік сананы қалыптастыратын, шындықты танудың әмбебап тәсілдерін меңгеруге, білім алушылардың ойлау қызметін дамытуға бағытталған пәндер мен курстарды енгізу арқылы жүзеге асырылады;

19) мемлекеттік мекеменің құрылымы:

- әкімшілік (директор және оның орынбасарлары);

- әдістемелік кеңес, педагогикалық кеңес, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес, қамқоршылық кеңес, жалпымектептік ата-аналар комитеті, сыныптық ата-аналар комитеттері, пәндік әдістемелік бірлестіктер;

- сынып, топ - мемлекеттік мекеменің негізгі құрылымдық бірлігі.

20) білім деңгейлері:

- бастауыш білім беру (1 - 4-сыныптар) негізгі стратегиялық бағыт кіші оқушының жеке қабілеттерін ашуға, қызметтің негізгі салаларында бастапқы бағдарлауды және оқытудың оң уәждемесі негізінде шығармашылықтың бастапқы дағдыларын қалыптастыруға, балалардың психофизикалық, зияткерлік және музыкалық дамуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін дамытушылық оқыту болып табылады. Оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 4 жыл;

- негізгі орта білім беру (5 - 9-сыныптар) білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған базалық әмбебап білім беруді қамтамасыз етеді, неғұрлым күрделі танымдық процестерге өту үшін арнайы біліктер мен дағдыларды қалыптастырады; жалпы дамыту және арнайы курстарды таңдауды қамтамасыз етеді, оқушылардың жеке оқыту жүйесін құруға мүмкіндік жасайды. Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу. Білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету. Негізгі орта білім жалпы орта білім алу үшін негіз болып табылады. Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады. Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 5 жыл;

- жалпы орта білім беру (10 - 11 сыныптар) білім алушының танымға деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды, оқытуды саралау негізінде өз бетінше оқу іс – әрекеті дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Міндетті пәндерге қосымша жеке тұлғаның қызығушылықтарын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін іске асыру мақсатында білім алушылардың өздері таңдаған пәндер, яғни гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша бейіндік оқыту енгізіледі. Жалпы орта білім Бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік (қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша) және жоғары кәсіптік білім алу үшін негіз болып табылады. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі - 2 жыл.

21) сыныптар тізбесі мемлекеттік білім беру стандартында айқындалған пәндерді оқу кезінде кемінде 24 оқушы санымен 2 кіші топқа бөлінуі мүмкін. Таңдау бойынша факультативты сабақтар және курстар 12 адамнан кем болмаған жағдайда және әр сыныпқа 4 сағат есебінен болған жағдайда өткізіледі;

22) сыныпта ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар болған жағдайда сыныпты жинақтау ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бір балаға үш оқушы арақатынасында жүзеге асырылады. Сыныпты бөлу осы арақатынасқа сәйкес жүзеге асырылады;

23) мемлекеттік мекеме оқу жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын мектептен тыс (мәдениет мекемелерінде, спорт ғимараттарында, әскери объектілерде, зерттеу зертханаларында, өнеркәсіп кәсіпорындарында, қосымша білім беру ұйымдарында және т. б.) өткізуге құқылы;

24) мемлекеттік мекеме денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыға сәйкес оқушылармен үйде сабақ өткізуді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулықтарына сәйкес аптасына оқу сағаттарының тиісті саны бөлінеді, кесте жасалады, бұйрықпен педагогтердің дербес құрамы айқындалады, өткізілген сабақтар журналы жүргізіледі. Ата-аналар (заңды өкілдер) үйде сабақ өткізу үшін жағдай жасауға міндетті;

25) оқу сабақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен басталады және аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы, оның ішінде оқу апталары мен каникул саны білім беру саласындағы мемлекеттік стандарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілеріне сәйкес айқындалады;

26) мемлекеттік мекемеде мынадай жұмыс және сабақ режимі белгіленуі мүмкін: сабақтың басталуы бірінші ауысымда – 8:00 (8:30 немесе 9:00) сағат, екінші ауысымда – 13:30 (14:00) сағат. Сабақ кестесін мемлекеттік мекеменің басшысы не оны алмастыратын адам бекітеді. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы мен реттілігі, сондай-ақ сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығы көрсетіледі. Мектептегі сабақ кестесінің мәселелері қолданыстағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен реттеледі. Сабақ кестесі уәкілетті органдар және (немесе) лауазымды адамдар белгілеген шектеу шараларына негізделген эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгеруі мүмкін;

27) сабақтар арасындағы үзіліс кезеңінде мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ата-аналар мен жалпыға міндетті оқу қорының қаражаты есебінен мектеп асханасында жүзеге асырылатын білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастырады;

28) Мемлекеттік мекеме оқу процесін жүргізу, білім алушылардың аурушаңдығының алдын алу және азайту, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, емдеу іс-шараларын жүргізу, медициналық тексеруден өту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында денсаулық сақтау ұйымымен (емханамен) шарт жасасады. Білім алушылардың денсаулығы мен физикалық дамуына, білім алушыларға көрсетілетін медициналық көмекке жауапты медбикемен қатар мемлекеттік мекеменің әкімшілігімен және педагогикалық ұжымы;

29) мемлекеттік мекемедегі тәртіп білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің адамдық қадір-қасиетін құрметтеу негізінде сақталады. Білім алушыларға қатысты күш көрсету және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді;

30) мемлекеттік мекеменің директоры ата-аналар комитетімен, қамқоршылық кеңеспен келісім бойынша мектеп формасын білім беру ұйымында белгіленген стильде және оны кию тәртібінде білім беру мекемесімен бекітілген тәртіпт бойынша бекітеді;

31) міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген жалпы талаптарға сәйкес болуы қажет;

32) мемлекеттік мекемеде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді;

33) мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білім берудің бөлектілік қағидатын сақтауға міндетті. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді;

34) инклюзивті білім беру мақсаттарын іске асыра отырып, мемлекеттік мекеме ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім алудың, дамудың бұзылуын түзетудің және білім берудің барлық деңгейлерінде әлеуметтік бейімделудің арнайы жағдайларымен қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемеде ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделерін ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды жалпы сыныпта (екі баладан артық емес) үлгілік оқу бағдарламасы, оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша және (немесе) арнайы сыныптарда арнайы оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша дамудағы бұзушылықтардың түрлері бойынша оқыту көзделген. Жалпы және (немесе) арнайы сыныптарда оқитын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагогтер (мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, логопед) түзету сабақтарын өткізеді. Мемлекеттік мекемеде логопункт өз жұмысын тұрақты негізде жүзеге асыра алады. Логопункт ашу Қарағанды облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен ресімделеді;

35) мемлекеттік мекемеге оқуға қабылдау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының негізінде жүзеге асырылады. Балаларды оқуға қабылдау үшін құжаттар тізбесі Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім беруге қабылдаудың үлгілік қағидаларында және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік стандартында айқындалады. Сыныптан сыныпқа ауыстыру оқу үлгерімінің нәтижесі бойынша педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады;

36) балаларды гимназияның бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар күнтізбелік жылдың 15 маусымына дейін жүргізіледі, оның мерзімін, нысандарын және міндеттерін мемлекеттік мекеме дербес белгілейді;

37) гимназияның оныншы, он бірінші сыныптарына оқушыларды қабылдау білім алушылардың жеке өтініші немесе олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші және қызмет көрсету аймағы ескерілмей негізгі орта білім туралы мемлекеттік құжаттың болуы негізінде жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарының осы түрлерінің;

38) сыныптан сыныпқа ауыстыру оқу үлгерімінің нәтижелері бойынша педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады. Гимназия сыныптарынан шығару оқу үлгерімінің нәтижелері бойынша (рейтингтік балл – негізгі үш пән бойынша «үштік» бағасы) Педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады. Оқудан шығарылған оқушылар бос орындар болған жағдайда мемлекеттік мекеменің жалпы білім беретін сыныптарында оқуын жалғастырады немесе тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беретін мектепке ауыстырылады;

39) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылаудың, оларға аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі;

40) 1-11 сыныптарда білім алушылардың ең аз саны 12 адамнан кем болмауы тиіс;

41) қорытынды аттестаттаудан табысты өткен түлектерге мекеменің мөрімен расталған тиісті білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі;

42) он алты жасқа дейінгі білім алушыларды шығаруға құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін Қарағанды облысы білім басқарамасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі;

43) білім алушылар, педагог қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары (оларды алмастыратын адамдар) жалпы білім беру процесіне қатысушылар болып табылады;

44) білім алушылар құқылы:

- тегін жалпы орта білім алуға;

- әртүрлі қызмет түрлеріндегі ерекше табыстары үшін көтермелеуге;

- медициналық қызмет көрсетуге;

- кітапхана қорын тегін пайдалану;

- қосымша (ақылы) білім алуға;

- мекемені басқаруға қатысуға құқығы бар;

- адамның қадір-қасиетін құрметтеуге, ар-ождан мен ақпарат бостандығына, өз пікірлері мен сенімдерін еркін білдіруге;

45) мемлекеттік мекеме зиялы және діни білім алуды ұстанбайды. Діни білім алудың кез келген түріне тиым салынған;

46) білім алушылар міндетті:

- мемлекеттік мекеменің жарғысын және ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті;

- мемлекеттік мекеменің мүлкіне адал оқуға және ұқыпты қарауға, білім алушы мектептің мүлкіне келтірілген залал жағдайында оның құнын ата-анасымен бірге қалпына келтіруге және өтеуге міндетті;

- мемлекеттік мекеменің басқа білім алушылары мен қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

- мемлекеттік мекеме белгілеген мектеп формасын киіп жүруге;

47) ата-аналар мен өзге де заңды өкілдерінің құқықтары бар:

- баланың қалауын, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік мекеме ұсынатын мүмкіндіктер шеңберінде оқыту нысанын таңдауға міндетті;

- білім алушының жеке қабілетін және ерекшелігін ескеруге;

- қамқоршылық кеңес немесе ата-аналар комитеті арқылы мемлекеттік мекемені басқару органдарының жұмысына қатысуға құқылы;

- өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға міндетті;

- өз балаларын оқыту және тәрбиелеу проблемалары бойынша консультациялық көмек алуға құқылы;

48) ата-аналар мен өзге де заңды өкілдері міндетті:

- балалардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың зияткерлік және дене күшінің дамуын, имандылық тұрғыдан қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті;

- балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге міндетті;

- мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға міндетті;

- балалардың мемлекеттік мекемедегі сабақтарға қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;

- мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

- білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға міндетті;

- ата-аналар (олардың орнындағы адамдар) мекеменің жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін орындауға және өз балаларын тәрбиелеу мен оқытуға, сондай-ақ мемлекеттік меншікке ұқыпты қарауға жауапты болуға міндетті;

- мемлекеттік мекеменің мүлкіне зиян келген жағдайда, толықтай қалпына келтіруге;

- сабақтан тыс, сонымен қатар каникул кезінде баланың бос уақытын қамтамассыз етуге, тәртібін қадағалауға міндетті;

49) мемлекеттік мекемені басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. Алқалық басқару нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекет ететін педагогикалық кеңес болып табылады;

50) мемлекеттік мекемені тікелей басқаруды директор жүзеге асырады;

51) директор жауап береді:

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің біліктілік деңгейі, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін, білім алушылардың білім сапасы, өмірі мен денсаулығы, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын сақтау үшін;

- лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген нормативтік актілерді, облыстық және қалалық/аудандық маңызы бар білім беру органдарының бұйрықтарын, лауазымдық міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, оның ішінде берілген құқықтарды пайдаланбағаны үшін;

- білім алушының жеке басына тән және (немесе) психикалық зорлық-зомбылықпен байланысты тәрбиелеу әдістерін қолданғаны, оның ішінде бірнеше рет қолданғаны, сондай-ақ өзге де өнегесіз теріс қылық жасағаны үшін директор еңбек заңнамасына сәйкес атқаратын лауазымынан босатылуы мүмкін;

- өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау қағидаларын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың санитариялық-гигиеналық қағидаларын бұзғаны үшін директор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа тартылады;

- объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген іс-шараларды іске асырады.

52) тиісті бейіндер бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогикалық қызметпен айналысуға жіберіледі. Жұмысқа келесі адамдар жіберілмейді:

- медициналық қарсы көрсетілімдері бар;

- психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар. Жыл сайын жылына бір рет, оқу жылының басында педагог өзінің психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтындығын кез келген заңды тәсілмен растайды;

- соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;

- Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылғандар;

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде;

53) директор жұмысқа қабылдау кезінде мемлекеттік қызметшінің тиісті бос лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын басшылыққа алуы тиіс. Тиісті білімі жоқ педагогикалық қызметпен айналысуға жол берілмейді. Азаматтарды педагогикалық қызметке қабылдау тәртібін бұзғаны үшін директор жеке жауапкершілікте болады. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері тиісті лауазым немесе қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады;

54) мемлекеттік мекемені басқару нысандарының бірі педагогикалық кеңес болып табылады. Педагогикалық кеңестің құрамына: директор (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер, психолог, әлеуметтік педагог кіреді. Мемлекеттік білім беру мекемесінің педагогикалық кеңесінің отырысына ата-аналар комитетінің немесе қамқоршылық кеңесінің мүшелері шақырылады. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына арналған директордың бұйрығымен бекітіледі. Педагогикалық кеңес өз құрамынан бір жыл мерзімге хатшы сайлайды;

55) педагогикалық кеңес қарастырады:

- мемлекеттік мекемеде құқықтық актілерді орындау жөніндегі іс-шаралар;

- оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстың жай-күйі, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелері, оқытудың жаңа технологияларын енгізу;

- оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мәселелері;

- қорытынды аттестаттауды өткізу, білім алушыларды емтихандарға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтихандардан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайта курсқа қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мақтау қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіргені туралы куәлік, негізгі орта білімді бітіргені туралы куәлік, Үздік аттестат беру мәселелері жатады жалпы орта білім туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама;

- педагогтердің оқу жүктемесін бөлу, алдын ала тарифтеу, аттестаттауға дайындау, марапаттау және көтермелеу мәселелері;

56) педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін, педагогикалық кеңестің отырысында қаралатын және мемлекеттік мекеменің директоры бекітетін жоспарға сәйкес жүргізіледі. Педагогикалық кеңес жылына кемінде бес рет жиналады.

15. Мемлекеттік мекеменің осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.

16. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі: Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ, прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

 

4 тарау. Мемлекеттік мекемені басқару

 

17. Мемлекеттік мекемеге жалпы басшылықты Қарағанды облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

18. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;

2) мемлекеттік мекеменің жарғысын (ережесін), оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді.

«Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісім береді;

2) «Қарағанды облысының экономика басқармасы» ММ келісімі бойынша мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

3) өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;

2) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

3) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртібін және өкілеттіктерінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

4) мемлекеттік мекеме директорының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздерін белгілейді;

5) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;

6) мемлекеттік мекеменің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

7) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

8) мемлекеттік мекеме директорының ұсынуы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) өзіне осы жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Мемлекеттік мекеменің директорын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тағайындау ережелеріне сәйкес, Қарағанды облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Мемлекеттік мекеменің директоры мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Қарағанды облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауапкершілікті көтереді.

21. Мемлекеттік мекеменің директоры бір адамдық басқару принциптері бойынша әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалған оның құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі туралы дербес шешім қабылдайды.

22. Мемлекеттік мекеме директорының мемлекеттік мекеме жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеп соғады.

23. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің директоры:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;

3) шарттар жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

6) банк шоттарын ашады;

7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

10) өзінің орынбасарлары мен мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

5 тарау. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

 

24. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі келесі есептен құрылады:

1) меншік иесі оған берген мүліктің;

2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздер есебінен құрылады.

25. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге бөлінген құқығы жоқ.

26. Мемлекеттік мекеменің қызметі Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылады.

27. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті бухгалтерлік есеппен жүргізеді.

28. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

6 тарау. Мемлекеттікмекемедегі жұмыс тәртібі

 

29. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

7 тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

30. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының немесе осы шешімді қабылдаған органның шешімі бойынша қолданыстағы заңнамада айқындалған өкілеттіктерге сәйкес енгізіледі. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.

 

8 тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

31. Мемлекеттік мекемені қайта құру, тарату Қарағанды облысы әкімдігінің шешімімен жүзеге асырылады.

32. Мемлекеттік мекеме заң актілерінде көзделген басқа негіздер бойынша да таратылады.

33. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесімен келісім бойынша «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ жүзеге асырады.

34. Таратылған мемлекеттік мекеменің несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі қайта бөледі.

35. Таратылған мемлекеттік мекеменің ақшасы, оның ішінде кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған осы заңды тұлғаның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражат тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

 

9 тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

36. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

 

 

Новости