"Заң және тәртіп"
Ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні «Заң және тәртіп» тақырыбында сурет бөлімінің оқушыларының жұмыстары арасында көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын өнер тілі арқылы жеткізу.
Бұл көрме оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.