back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Балалар өнер мектебі" КМҚК

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Балалар өнер мектебі" КМҚК
Байқау
22-05-2024 18:19
Байқау
Ағымдағы жылдың 18 мамырында “Балалар өнер мектебі” ұйымдастырған ІІ аудандық “Өнерім менің- өмірім” атты байқау өтті. Байқауға 150 өтінім келіп түсті. Байқау көркем сөз, хореография,  дәстүрлі ән, вокал, аспаптық музыка номинациялары бойынша өтті. Жас санаттарына байланысты кіші топтың балалары бірінші өнер көрсетті. Номинациялар бойынша әділ қазылар алқасы тағайындалып, қатысушылар бақтарын сынады. 150 қатысушының ішінен топ жарар өнерпазды таңдау қиынға түскенімен әділ қазылар әділ бағасын беріп бағалады. “Білім” кәсіподақ мүшесі балаларға табысталған грамоталарды шығарып, өз үлесін қосты. Осыншама өнерпаздың артында қандай өнерлі ұстаздардың тұрғанын білу қиын болмады. Талантты өнерпаздар бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындармен және де қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. 
“Өнерім менің- өмірім” II аудандық байқауда үздік қатысқаны үшін бірқатар талантты өнерпаздарға Гүлім Сембайқызының атынан “STAR KIDS» ойын-сауық орталығына тегін кіру сертификаттарын табысталды.                                                                                                              Ауданымыздың жас, талапты өнерпаздарының байқауын ұйымдастыра отырып талаптарына қанат бітіріп, шабыт берген ұйымдастырушыларға                    
“STAR KIDS” ойын-сауық орталығына және “Білім” кәсіподақ комитетіне  алғысымызды білдіреміз!
Бірінен бірі озатын балаларымыздың өнерлері өрге баса берсін демекпіз. Жарқырап жұлдыздай жаңа беріңіздер!
Новости