Байқау
2024 жылдың 21 сәуірінде Қарағанды қаласында өткен Kazakhstan Grand Festival хореография байқауына “Балалар өнер мектебінің” “Реснички”, “За мечтой” атты хореографиялық топтары қатысып келді. Байқау өте жоғары деңгейде өтті, қатысушылардың көптігіне қарамастан біздің оқушыларымыз 32 топтың арасынан үздік атанып шықты. “Реснички” тобы бас жүлдені және “За мечтой” тобы І орынды иеленді. Өнерлерін өрге жүзсін өнерлі жастар!