Байқау
Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні Қарағанды қаласында “Сарыарқа дарыны” ұйымдастырған ІІІ облыстық “Көктем сыңғыры” вокал және хормен ән айту конкурс-фестивалінің “Эстрадалық вокал” номинациясына “Балалар өнер мектебінің” талантты оқушылары қатысты. Байқаудан Шаймұрат Нұртілек, Дулат Жансая ІІІ орын иегерлері атанды. Оқушыларымыздың қанаттары талмай тек биіктен көріне берсін демекпіз!