Домбыра күні
Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым ғой!
«Жаздыкүн шілде болғанда…» деп Абай атамыз айтқандай, «көкорай шалғын, бәйшешек, ұзарып, өсіп, толғанда» бүкіл қазақ даласы күмбір-күмбір күй төккей, көктегі күн нұр төккей, домбырасын қолға алғай, әуелете ән салғай… «Дариға, домбырамды берші маған, Жаныма келші жарым, келші балам…» деп Мұқағалиша толғайық, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» деп Қадырша қайырайық!
Домбыра күні құтты болсын!