«Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Ал күшті болуға бірлік керек»,- деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, бүгін Осакаров ауданы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі», Молодежный кентінің филиалы және «Жастар» балалар-жасөспірімдер орталығының ұжымы бірігіп «Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлт жанашыры» деген атаумен жалпы облыстық ашық диктант жазды. Диктантты барлығы дерлік жоғары деңгейде жазып, білімдерін шыңдай түсті.