back-image
КГКП "Ясли-сад "Балбөбек"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП "Ясли-сад "Балбөбек"
Бос орынға конкурс қазақ тілі
04-01-2024 17:10
Құрметті конкурсқа қатысушы үміткерлер! 2024 жылдың 04 қаңтар, 2024 жылдың 23 қаңтар аралығында Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны қазақ тілі мұғалімі-0,75 жүктеме сағатына конкурс жариялайды. Мекеменің орналасқан жері: Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Балбөбек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны – 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Кисунько көшесі 7А ғимарат. Мекеменің қызмет түрі: Білім беру саласындағы қызмет (мектепке дейінгі білім беру). Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) мектепке дейінгі білім беру мамандығы; 2) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) кадрларды есепке алу бойынша толтырылатын жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса); 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6)”Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұырығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) соттылығының жоқ екені туралы анықтама; 10) Екпе алғанын растайтын вакцинация паспортының көшірмесі. 11) жазалар мен кетермелерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме; 12) ҰБТ (Ұлттық біліктілік тестілеу) сертификаты немесе педагог-модератор, педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективалары.
Новости